Тынысалудың патологиялық типтері - Куссмауль тынысы - сирек, шулы терең тыныс; терең комада байқалады; - Биот тынысы - беткей тыныс әрекеттері және паузалардың кезектесуімен сипатталады, олардың созылу уақыттары бірдей (бірнеше минут); - Чейн-Стокс тынысы-тыныс жиілігі және тереңдігі біртіндеп жоғарылайды, 5-7-ші тынысқа келгенде біртіндеп төмендеп паузамен аяқталады. Пауза бірнеше секундтан бір минутқа дейін созылады. Пауза кезінде науқас сыртқы ортада болжай алмайды немесе есін жоғалтады.Тыныс қалыптасқан жағдайда есі қалпына келеді. - Грокк тынысы- бұл Чейн-Стокс тынысы сияқты. Бірақ бұл жерде тыныс алу паузасының орнында терең емес әлсіз тыныс алу қимылдары болады. Олар біртіндеп тереңдеп, кейіннен біртіндеп кері қайтады. 8.Тамыр соғуын анықтау, сипаттау. Артериялық қан қысымын өлшеу.
Артериалды пульс Жүрек-қан тамыры жүйесінің аурулары қазіргі кезде неғұрлым кең таралған ішкі ағзалар патологиясы болып табылады және халықтың өлім-жітімінің себептері ішінде бірінші орын алады. Бұл қан айналымы ағзалары ауруларының алдын алудың, диагностикасынын және емінің жаңа әдістерін ізденуді қажет етеді. Кейінгі кезде кардиология саласында құрал-сайманды зерттеу тәсілдерінің қатары анағұрлым артты (ЭКГ мен АҚ - ды тәуліктік тіркеу, ЭхоКГ, доплерЭхоКГ және т.б.), бірақ науқастың гемодинамикасының жағдайы туралы құнды мәліметті беретін қарапайым зерттеу әдістері де (тамыр соғуын анықтау, АК өлшеу және т.б.) өз маңыздылықтарын толық сақтауда. негізгі Артериялық тамыр соғуы, зерттеу тәсілі, оның сипаттамалары Тамыр соғуы дегеніміз жүрек жұмысы кезінде (систола мен диастолада) қан тамырларының қанға толуының өзгеруіне байланысты олардың кабырғаларының оқтын-оқтын тербелуі. Диагностикалық мақсатта тамыр соғуын (артериялық) әртүрлі артерияларда анықтайды: - ұйқы артериясында (m.stenocleidomastoideus бұлшық етінің алдыңғы қырында, оның ұзындығының ортасына таман), зерттеуді өте абайлап жүргізген жөн, өйткені ұйкы артериясы (a.carotis) бай рефлоксогендік аймақ болып табылады және жүректің жиырылуы жиілігінің рефлекторлы баяулау қаупі бар;