ішінде 20-30 минутқа ұстап қозғалмай жатуын айтамыз (транссудат
әсерінен нәжіс массалары жұмсарып, перистальтика күшееді).
10.Жане шприцін ағынды суда шайып 1% лизоформин ерітіндісіне 30
минутқа салу керек;
11. Ауызы жабық, сыртында белгісі бар ыдыста (арнайы медициналық
шкафта) сақтау керек;
12. Клеенканы 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен
сүртіңіз;
13. Қолғапты шешіп, дезерітіндіге салыңыз, қолды жуыңыз.
14. Тағайындау парағына процедураның орындалғаны және науқастың
реакциясы туралы белгілеңіз.
Клизма жасауға арналған резеңке баллон (груша)
Майлы клизма
Мақсаты: емдік мақсатта тоқ ішектің төмеңгі бөліктерін тазалау.
Көрсетпелер: тазалау клизмасы нәтиже бермегенде, іштің қатуында, іш
қуысына операция жасалғаннан кейін алғашқы күндерде,
босанудан кейін.
Қарсы көрсетпелер:
• Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде;
• Жедел аппендицит;
• Ішектерге операция жасағанда;
• Тік ішектің түсуінде;
Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша, бір рет қолданылатын
жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин,
клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған
50-100мл майлы ерітінді (дәрігердің тағайындауы
бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде,
залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық.
Міндетті шарттар: майлы клизмадан соң науқас бірнеше сағат жатуы керек,
сондықтан майлы клизманы түнде қойған дұрыс.
Іс-әрекеттер:
1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
2. Процедураны жүргізуге қарсы көрсетпелер жоқтығына көз жеткізу.
3. Жанэ шприціне жылы (ішекті механикалық, термиялық, химиялық
Достарыңызбен бөлісу: |