1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы


Дәрет ыдысын, клеенка, шымылдық дайындау



бет90/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция
PISA есептері, Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. Жыраулар поэзиясы. 15-18 ғ. Авторлық ауыз әдебиеті дамыды (1)
Дәрет ыдысын, клеенка, шымылдық дайындау.
Іс-әрекет реті:
1.Таза зарарсыздандырылған дәрет ыдысын ағынды жылы сумен шайыңыз. Дәрет ыдысында біраз су қалдырыңыз.
2. Қолдарыңызды жуыңыз, колғап киіңіз.
3. Науқастың тесегін қоршағандардан шымылдықпен бөліңіз.
4. Науқастың оң жағына тұрыңыз.
Науқасты жуындыру
Жылы су кұйылған леген, сүлгі дайындап алу керек. Іс-әрекет реті:
1. Қолдарынызды жуып, колғап киіңіз.
2. Сүлгіні суға матырып алыңыз.
3. Дымқыл сүлгімен науқастың бетін, содан кейі кұлактарын, мойнын, қолдарын сүртіңіз.
4. Екінші сүлгімен кұрғатыңыз.
5. Қолғапты шешіп, қолдарыңызды жуыңыз.
Сыртқы жыныс мүшелері мен шап аралығының терісі жиырылған жер күнделікті жууды қажет етеді. Өздігінен қозғалатын науқастар бұл үшін бидені пайдаланады. Ауыр халдегі науқастарды әр дәретке отырған сайын, ал нәжісі мен зәрі тоқтамайтындарды - шап қыртысы терісінің сызылуын және қабынуын болдырмау үшін күніне бірнеше рет шайып жуу керек. Әйелдерді жиірек жуып шаяды.
Ауыр халдегі науқас әйелдің астын жуып шаю
Жуып шаюға қажетті ыдысты (25-30°С жылы су құйылған Эсмарх кружкасын немесе басқа ыдысты), домалактанған мақталарды, дәрет ыдысын, клленка, шымылдық, қолғап, корнцанг дайындау.
Іс-әрекеттің реті:
1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, колғап киіңіз.
2. Науқасқа ісшараның жүргізілу ретін түсіндіріңіз.
3. Шымылдық кұрыңыз.
4. Науқастың астына клеенка төсеп, дәрет ыдысын қойыңыз.
5. Дайындалған қажетті заттарды науқастың төсегінің жанына әкеліңіз.
6. Наукаска аяктарын тізесінен бүгіп, арасьш ашуын өтініңіз.
7. Шап үстін, сан аймаған, шап кыртысын мақтаны ауыстыра отырып жуыңыз.
8. Үлкен жыныс еріндерін ашып, тері қыртысын мақтаны ауыстыра отырып, жоғарыдан төмен қарай абайлап жуыңыз.
9. Кіші жыныс еріндерін ашып, мақтаны ауыстыра отырып, жоғарыдан төмен қарай абайлап жуыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет