3. Науқасқа сол қырымен жатуына көмектесі, аяқтарын ішіне қарай бұгу.
4. Қолғапты кию.
5. Науқастың жамбасының астына клеенка, үстіне жаялықты төсеп қою.
6. Кереуеттің жанына орындықтың үстіне ішінде шамалы суы бар дәрет ыдысын қою.
7. Түтікшенің бас жағын 20-30см-ге дейін вазелинмен майлау.
8. Түтікшені ортасынан бүгіп, бос ұшын 4-ші 5-ші саусақтармен ұстау қажет, ал бас жағын қарындаш ұстағандай етіп ұстау керек.
9. Сол қолдың 1-2-ші саусақтарымен құйрығын ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікшені 20-30см тереңдікке енгізу қажет.
10. Түтікшенің бос ұшын дәрет ыдысына салу керек.
11. Белгілі уақыт өткеннен соң (1 сағатқа дейін) түтікшені алу қажет.
12. Қолданылған түтікшені зарарсыздандыру ерітіндісіне салу керек.
13. Анальді аймақты вазелин майына батырылған салфеткамен сұрту.
14. Клеенка және салфетканы арнайы қапшыққа салу.
Қолғапты шешу, дезерітіндіге тастау, қолды жуып құрғату
Қуықты катетерлеу
Қуықты катетерлеу уретралды катетер көмегімен жүргізіледі. Уретралды катетер - зәр шығару каналы арқылы қуыққа жіберілетін түтікше.
Катетер түрлері: резеңке (жұмсақ), темір (қатты), эластикалық (жартылай қатты).
Резеңке катетер - ұзындығы 25-30 см, диаметрі 0,33-тен 10 мм дейін болатын резеңке түтікше. Катетердің соңы жабық, жанында сопақ тесігі бар (Нелатон катетері). Тиманның резеңке катетерінің ұшы тұмсық сияқты иілген. Темір катетер ұстағыш, өзек және тұмсықтан тұрады. Ер адам катетерінің ұзындығы 30 см, әйелдердікі 12-15 см, кішкене иілген тұмсығы бар.
Катетерлеуге көрсетпелер:
- зәрдің жіті тоқтауы;
- қуықты жуып-шаю;
- қуыққа дәрілер енгізу;
- басқа жол болмаған жағдайда зәрді тексеруге алу.
Қарсы көрсетпелер:
- зәр шығару каналының жарақаты.
Әйелдердің қуығын катетерлеу
Достарыңызбен бөлісу: |