Барлық емдәмдар физиологиялық толық қүұрамды, үйлестірілген, яғни ақуыздар, көмірсулар, минералды заттар мен дәрумендер жеткілікті мөлшерде болуы қажет
Барлық емдәмдар физиологиялық толық қүұрамды, үйлестірілген, яғни ақуыздар, көмірсулар, минералды заттар мен дәрумендер жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Емдәмдік мәзірлер №1а, №1б, №1 емдәмдер. Асқазан жара ауруларының әртүрлі сатыларында, гастриттің аскынуында тағайындауға болады.Тағайындау мақсаты - асқазан жолдарын химиялық, механикалық, термиялық тітіркендіргіштерден сақтау. Тамақтану тәртібі: әр бір 2 - 3 сағат сайын аз мөлшерде тамақтану. №2 емдәм. Шайнау аппратының қызметі бұзылғанда, созылмалы гастритте, созылмалы энтероколиттің асқынбаған кезінде тағайындауға болады. Операциядан және жедел жұқпалы аурулардан кейін тағайындалады. Тағайындау мақсаты: асқазан мен ішектердің қызметін қалпына келтіру. Тамақтану тәртібі: күніне 4 - 5 рет. №3 емдәм. Іш қату кезінде тағайындалады.Тағайындау максаты: ішектің қалыпты босатылып отыруын және перисталтикасын күшейту. Тағам өсімдік талшықтарына бай болуы кажет, сұйықтықты кебірек ішу керек.Тамақтану тәртібі: күніне 4 - 5рет, ал түнде жатарда бір стақан айран, қара өрік, қызылша жеу керек. №4 емдәм. Ішекке операция жасағаннан кейін, жедел - созылмалы энтероколитте және гастроэнтероколитте тағайындалады. Тағайындау мақсаты: ішектерді химиялық және механикалық аялау; ішектің перистальтикасын және ондағы ашу үрдістерін күшейтетін тағамдарды бермеу. Өсімдік талшықтарын және сүтті шектеу. Тамақтану тәртібі: күніне 5-6 рет, шектеулі мөлшерде. Сұйық ішу тәулігіне 1,5 л. №5 емдәм. Бауыр және өт шығару жолдарының созылмалы ауруларының өршімеген кезеңінде (холецистит, гепатит, бауыр циррозы) және асқазан ішек жолының аурулары болмаған жағдайда ағайындалады.Тағайындау мақсаты: бауыр қызметінің бұзылысын қалпына келтіру. Тамақтану тәртібі 2 - 2,5 сағат сайын тағам қабылдау және күніне жылы күйінде 2,5 л дейін сұйықтық ішу. №6 емдәм. Подаграда және зәрқышқылды диатезде тағайындалады. Тағайындау мақсаты: пуриндік алмасуды қалпына келтіру және зәр қышқылының түзілуін азайту. Пуриндік негізге бай тағамдарды шектеу, сілтілі радикалды сақтайтын (көкөністі, жемісті, сүтті) тағамдарды тағайындау. Тамақтану тәртібі: күніне 5 рет, күніне 2,5 л сілтілі сұйықтықты көп мөлшерде ішу №7а, 76. 7 емдәм. Бүйрек ауруларында, жедел нефритте, бүйрек қызметі сақталған жедел гломерулонефритте және бүйрек жеткіліксіздігінде, гипертониялық ауруларда тағайындалады.