1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы



бет140/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция

Мейірбикенің құқығы жоқ :

  • Дәрілердің формасы мен қорапшаларын өзгертуге;

  • Түрлі қорапшалардағы бірдей дәрілерді бір қорапшаға біріктіруге;

  • Дәрілердің этикеткасын ауыстыруға және жөндеуге;

  • Дәрілерді этикеткасыз сақтауға.Науқастарға дәрілерді тарату

Мейірбике дәрілерді дәрігердің тағайындауымен таратады. Дәрілерді тағайындауға, тоқтатуға немесе басқасымен ауыстыруға мейірбикенің құқығы жоқ. Тек қана кейбір жағдайларда, мысалы - шұғыл көмек қажет болғанда немесе дәріге жоғары сезімталдық байқалғанда өздігінен дәрі беруге немесе дәріні тоқтатуға болады. Бұл жағдай жылдам дәрігерге хабарланады.
Көп жағдайда науқастар өздеріне белгіленген дәрілерді қабылдаудан бас тартады, дәрі ешбір жақсы өзгеріс әкелмейді деп дәрілерді лақтырады. Осы кезде мейірбике сабырлық сақтап, емделу барысында дәрі-дәрмектерді белгілеген уақытта арнайы тәртіппен қабылдау қажеттігін, қатаң сақтау керектігін байыппен түсіндіру керек. Мейірбике дәрілерді тарату кезінде науқастардың дәріні қабылдағандығын мұқият қадағалауы керек. Науқастар тарапынан оларға белгіленген дәрілік препараттар жөнінен көптеген сұрақтар туындайды, бұл жағдайда мейірбике өз деңгейінде толық жауап беруге (дәрінің көмегі, ерекшелігі) тиіс. Кейбір жағдайда науқастар дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізуді ұят деп ойлайды, сондықтан олар келіспейді. Мейірбике науқасқа бұл емнің дәрігердің тағайындауымен жүргізілетіндігін түсіндіре отырып, емді жеке бөлмеде, ешқандай ыңғайсыздық туғызбайтын жағдайда өткізу керек.
Емделушілерге дәрілерді тарату алдында жылжымалы үстел үстіне дәрілері бар ыдыстарды (қатты және сұйық), пипеткалар (әрбір флаконға бөлек), мензуркалар, су құйылған графин, қайшылар, белгілеу қағаздарын қойыңыз.

  1. Дәрігердің нұсқауына сәйкес дәріні емделушілердің төсектері алдына

таратыңыз.

  1. Емделушіге дәріні бере отырып, дәрінің ерекшеліктері туралы

ескертіңіз: ащы дәм, жаман иіс, қабылдаған соң зәр иісі, нәжіс түсінің
өзгеруі.

  1. Емделуші Сіздің көзіңізше дәріні қабылдауы керек

Дәрілерді осы тәртіппен тарату өте ұтымды болады, себебі:

    • Медбике емделушінің дәріні қабылдауын бақылайды;

    • Медбике белгіленген дәрі туралы емделуші сұрақтарына жауап бере

алады;

    • Дәрілерді таратқанда қателіктер жіберілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет