Шприцті крафт- пакетте құрастыру
Іс-әрекет алгоритмі:
Крафт-пакетті ашып, оның залалсыздандырылған ішкі жағын шприцті құрастыруға пайдаланыңыз.
Цилиндрді залалсыздандырылған пинцетпен сол қолыңызға салыңыз.
Пинцетпен поршеньді алып цилиндрдің ішіне кіргізіп, қақпағын жалғаңыз.
Пинцетпен дәріні сорып алатын инені (бұл иненің диаметрі инъекция инесіне қарағанда үлкенірек) канюлядан алып, ине салатын конусқа иненің ұшына қолды тигізбей кигізіңіз.
Иненің канюлясын ине астындағы конусқа бағыттап саусақтарыңызбен жалғаңыз.
Шприцтен ауаны шығарып, иненің өтуін тексеріңіз.
Құрастырған шприцті пакеттің ішкі жағына салыңыз. Шприц дәріні сорып алуға дайын болды.
Залалсыздандырылған үстелден шприцті жинау
Іс-әрекет алгоритмі:
Залалсыздандырылған ақжайманың бос шеттеріне бекітілген қысқыштардан ұстап залалсыздандырылған үстелді ашыңыз.
Залалсыздандырылған пинцетпен сол қолыңызбен залалсыздандырылған үстелден астаушаны алып, сол қолыңызға қойыңыз.
Сол пинцетпен астаушаның ішіне поршень, цилиндр, екі ине салыңыз.
Шприці бар астаушаны жұмыс үстелінің үстіне қойыңыз, пинцетті астаушаның ішіне салыңыз.
Залалсыздандырылған үстелді қысқыштардан ұстап жабыңыз.
Оң қолыңызбен пинцетпен цилиндрді алып, сол қолыңызға салыңыз.
Пинцетпен поршеньді алып, цилиндрге кіргізіңіз, шешілетін қақпағын бекітіңіз.
Дәріні сорып алатын инені канюлясынан ұстап, ине салатын конусқа
кигізіңіз.
Пинцетті және инелі шприцті астаушаға салыңыз. Шприц дәріні
сорып алуға дайын болды.
Дәріні ампуладан, флаконнан алу алгоритмі. Антибиотиктерді еріту. Инсулин дозасын есептеу
Дәріні ампуладан, флаконнан алу алгоритмі
Достарыңызбен бөлісу: |