Бициллинді егу ерекшеліктері
Әр түрлі ауруларды (ревматизм, инфекциялық асқынулар) емдеу және алдын алу үшін қолданылады.
Бициллин -1 – пенициллиннің дибензилэтилендиамин тұзы, суда жақсы ерімейді. Микробқа қарсы әсері 7-14 күнге созылады.
Бициллин -3 – пенициллиннің калийды, новокаинды тұздары және бициллин – 1 қоспасы. Әсер ету ұзақтығы- 4-7 күн.
Бициллин -5 – пенициллиннің новокаинды тұзы, бициллин – 1 қоспасы. Әсер ету ұзақтығы 4 апта.
Бициллин қатаң түрде инъекция алдында инъекцияға арналған сумен ерітіледі. Бициллинді еріткен кезде суспензия пайда болады. Инъекция орнында дәрілік депо пайда болып, одан дәрі ұзақ уақыт қанға өтіп тұрады.
Бициллин тек бұлшық етке егіледі. Әсіресе сан бұлшық етке салған тиімді: жүрген кезде қанның циркуляциясы жақсарады, бұл дәрінің қанға сорылуын күшейтеді.
Инені бұлшық етке енгізгеннен кейін поршеньді тартып, иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу керек. Дәріні енгізіп болған соң инъекция орнына жылы қойып, науқастың жағдайын бақылау қажет.
Майлы ерітінділерді енгізу ерекшеліктері
Майлы ерітінділер (камфораның майлы ерітіндісі, прогестерон) тек бұлшық етке енгізіледі.
Енгізуден алдын майлы ерітінділерді су моншасында 35-38 ºС дейін жылыту қажет.
Ерітіндіні бұлшық етке енгізуден алдын шприцтың поршенің өзімізге қарай тартып иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу керек.
Инъекциядан соң инъекция орнына жылы қою керек.
7.Инъекциядан кейін байқалатын асқынулар
Дәрілерді парентеральды енгізген кезде жиі: инфильтраттар, абсцесс, флегмона, некроз, аллергиялық реакция байқалады. Олар асептика ережелерін сақтамаудан дамиды: стерильды болмаған шприцтерді қолдану, мейірбике қолдарын дұрыс өңдемеу, дәрілік заттарды енгізу ережелерін сақтамау, аллергологиялық анамнезді анықтамау. Әсіресе келесі дәрілердің ерітінділерін енгізгенде назар аудару қажет: эуфиллин, кордиамин, кокарбоксилаза, камфора, дибазол, папверин, витамин В6 , НО-ШПА және әсіресе 25% магний сульфат ерітіндісі.
Дәрілік заттарды енгізгенде асептика ережелері бұзылса, алғашқы тәулікте қабыну инфильтрат белгілері анықталады. Инъекция орнында ауырсыну, терісінің қызаруы, жергілікті температуралық реакция байқалады. Асқынулар байқалған жағдайда дереу дәрігерге хабарлау қажет. Дәрігер қыздыру компресстері тағайындайды. Егер көмек көрсетілмесе, абсцесс - яғни тіндердің іріңді қабынуы байқалады. Жалпы температуралық реакция, тұрақты қатты ауырсыну, айқын гиперемия, флюктуация байқалады. Бұл жағдайда дәрігер - хирургты шақыртып хирургиялық ем тағайындау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |