1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы


Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларының клиникалық белгілері .Гипертониялық криз,журек аймағында ауыруы



бет190/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция

12 .Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларының клиникалық белгілері .Гипертониялық криз,журек аймағында ауыруы.
жүйесінің ауруларымен сыркаттанатын науқастарды бакылау және күту
Журек-қан тамыр жуйесі ауруларының негізгі белгілері Жүрек тасындағы ауырсынулар.
Жүрек тұсындағы ауырсыну шағымдарын бағалау кезінде олардың барлығы жүрек-кан тамырлар жүйесінің зақымдануына байланысты бола бермейтіндігін есте сақтаған жөн. Бұл маңдағы ауырсыну сезімі плевраның (кү-рғақ плеврит), омыртқа бағанасы мен қабырға аралық жүйкелердің (омыртқа остеохондрозы, қабырға аралық невралгия) зақымдануы, миозит, көк еттің өңештік тесігінің жарығы және т.б. кездерде пайда болуы мүмкін.
Қан айналу жүйесінің ауруларымен байланысты көкірек куысындағы ауырсынулар перикард, қолқа, жүйке патологиясымен туғызылуы мүмкін. Бірақ аурудың диагностикасы, ары қарайғы тактикасы мен болжамы үшін науқаста стенокардия ұстамасының пайда болуы неғұрлым маңызды болып табылады.
Стенокардия ұстамасы жүрек артерияларының атеросклероз салдарынан тарылуы кезінде дамиды, бұған тамырлардың тартылуы қосылуы мүмкін.
Стенокардия ұстамасы кезінде миокардтың оттегіне мұктаждығы мен коронарлық қан айналамының мүмкіндіктері арасында сәйкессіздік пайда болады. Бұл жүрек бұлшык етінің гипоксиясына, ишемияға әкеледі. Олардағы зат алмасу бұзылады, зат алмасудағы тотықпаған өнімдер миокардтың сезімтал рецепторларын тітіркендіреді де ауырсыну сезімін тудырады. Әдетте стенокардия ұстамасы физикалық жэне эмоциональды күш түскенде пайда болады. Тес артында басып, қысып, күйдіріп ауырсыну сезіміне өліп калу қорқынышы қосылады, сол жақ иыққа, қолға, мойынның сол жақ жартысына, төменгі жақ сүйегіне беріледі, 1 минөттен 10 минутқа дейін созылады және өздігінен тыныштық қалыпта немесе тіл астына нитроглицерин салған соң 1 - 3 минуттан кейін басылады.
Көрсетілетін көмек: толық тыныштық жағдай жасау, тіл астына нитроглицерин беру, кейде жүрек тұсына қыша кағазын қою. Әдетте, ұзақ басылмаған стенокардия ұстамасы өте қауіпті миокард инфаркты ауруымен асқынады. Оның негізінде жүрек бұлшық етінің некрозы жатыр. Миокард инфарктының неғұрлым жиі кездесетін әдеттегі варианты тес артындағы ауырсынудың пайда болуымен сипатталады. Онын белгілері тыныштықта да, нитроглицерин қабылдаса да басылмайтын 30 минөттен ұзақ уақытқа (бірнеше сагатка дейін) созылатын төтенше қатты ауырсыну. Бұл ауырсынулар өліп қалу қорқынышымен, тұншығумен, әлсіздіккек, қысымның төмендеушен және т.б, әтеді. Мұндай науқастарды аурудың алғашқы сағаттарында-ақ интенсивті емдеу палатасына жедел жатқызу, жағдайын үнемі қадағалау және реанимациялық емшараларды жүргізу үшін барлық қажетті құрал-саймандармен жабдықтау қажет. Аурудың алғашкы күндерінде қатаң төсектік тәртібі белгіленеді, осы кезекде төсектің, төсек жапқыштар мен іш-киімдердің жағдайын бақылау, барлық гигиеналық іс-шараларды жүргізу, дәрет ыдысын, зәр қабылдағышты беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет