Емдеу бөлімшелерінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі Науқас түсер алдында палатадағы төсек, тумба, дәрет ыдысына арналған заттар дезинфекциялық ерітіндідегі дымқыл шүберекпен сүртіледі. Осыған орай бөлімшенің жұмыс бөлмесінде дезинфекциялық ерітінді мен шүберегі бар таңбалы ыдыс болады. Ыдысты жабық ұстау қажет.
Төсекке камералы зарарсыздандырудан өткен төсек жабдықтары төселініп, төсек жабдықтарына таза төсек жамылғысы жабылады. Науқасқа жеке заттар (аурудың жағдайына байланысты) бөлінеді: стакан, су ішетін ыдыс, түкіргіш, дәрет ыдысы, зәр кабылдағыш, жылытқыш, т.б.
Науқас жазылып шыкқаннан кейін жеке колданылынған заттар дезинфекцияланады.
Науқас ауруханаға түскен кезде өзімен бірге гигиеналық заттарды алуына рұқсат беріледі. Битпен түскен аурулар қабылдау бөлмесінде алғашқы тазалаудан өтеді, ерекше қадағалауда болады және қажет болған жағдайда толық биттен арылу үшін қайта тазалаудан өтеді.
Рұқсатпен әр ауру өз бөлімшесінде гигиеналық душ (7-10 күнде 1 рет) қабылдай алады. Дене және төсек жамылғыларын 7-10 күнде бір рет (душ кабылдағаннан кейін және жамылғы кір болған жағдайда ауыстырылады.
Жамылғыларды ауыстыру мерзімі арнайы журналда тіркеліп отырады, оны бөлімшенің шаруашылық бөлімінің медбикесі жүргізеді. Жамылғыларды іріктеу мен сараптауға арналған арнайы бөлме болу керек. Пайдаланған жамылғыларды еденге лақтырып тастауға тиым салынады. Жамылғылар ауыстырылғаннан кейін палатадагы заттар дезинфекциялық ерітіндіде дымқылданған шүберекпен сүртіледі.
Пайдаланған жамылғыларды іріктеу мен сараптауға арналған бөлме ауасы таза, еденнен 1,5м жоғары плиткамен жапсырылған немесе майлы бояумен боялуы қажет.
Жамылғыларды іріктеу кезінде халат, медициналық қалпақ, маска, резинке қолғап болу қажет. Жамылғыларды іріктеп болғаннан кейін бөлме дезинфекциялық ерітіндімен жуылады, арнайы киім жууға жіберіледі, аяқ киім мен қолғап зарарсыздандырылады. Бөлмелерді жинау үшін жеке белгі қойылған ыдыс пен шүберек бөлінеді, олар жинаудан кейін зарарсыздандырылады.
Науқастар күнде таңертең және кешке, ұйықтар алдында жуыну керек. Тамақ ішер алдында міндетті түрде қол жуу керек. Төсектен тұрмайтын науқастарды жуындыру керек. Төсектен тұрмайтын науқастар үшін жуыну төсектің жанында ұйымдастырылады. Сондықтан бөлімшеде белгі соғылған ыдыстар болуы керек (шәйнек, леген т.б. ыдыстар пайдаланылғаннан кейін зарарсыздандырылады).
Науқастарға палатадағы көрші төсекке отыруына тиым салынады, сонымен қатар келушілерге де науқастың төсегіне отыруға рұқсат берілмейді. Бұл жағдайда палатада орындық болу керек.
Палатаның ауасы күніне кем дегенде 4 рет тазартылуы қажет. Ауруханалар үшін белгіленген түскі астан кейінгі демалыс және күн тәртібі барлық наукастар мен аурухана қызметкерлері үшін қатаң қадағалану керек.
Ауруханалардың бөлімшелерінде пост тәртібі мен күн тәртібі қатаң сақталу керек. Науқастар мен медицина қызметкерлері бәлімшеде дауыстап сөйлемеуі қажет, бөлмелерді таңертең ерте және кешке кешігіп жинамау қадағалануы керек.
Наукастарға басқа бөлімшелерге баруға рұқсат етілмейді. Қолданыста болған аяқ киімдер науқас ауруханадан шыққаннан кейін зарарсыздандырылады.
Бөлімшелерде тәртіп пен тазалық сақталынады. Тазалау күніне 2 рет 2% ыстық сабынды-содалы ерітіндіні немесе 2% ыстық cинтетикалық жуу ерітіндісінің ылғалды тәсілін пайдалана отырып жүргізеді.
Дәретханалар, душ бөлмелері дезинфекция жабдықтарын пайдалана отырып жуылады. Дезинфекция ерітінділерін пайдалана отырып, аптасына 1 рет жалпы тазалау жүргізіледі. Бөлімшенің тазалау мүліктеріне (шелек, шүберек) белгі қойылады және дәретхана, палата, ванна, дәліз, емдеу кабинеттерінде және т.б. бөлмелер үшін жеке пайдаланылады.
Белгі соғылған тазалау мүліктері катаң белгіленген орындарда сақталады және белгілі бір мақсатта ғана қолданылады. Осы мүліктерді басқа бөлмелерді және басқа да мақсатты істерге пайдалануға рұқсат етілмейді. Пайдаланғаннан кейін мүліктері мен шүберекті жинап зарарсыздандырылады және тиісті жерде сақтайды.