Іс-әрекет
|
Негізделуі
|
1. Науқаспен амандасу, жағдайын
сұрау, манипуляция мақсатын,
іс-әрекеттерін түсіндіру
|
Науқаспен қажетті қарым-қатынас жасалады
|
2. Науқастың келісімін алу
|
Науқастың құқығын сақтау
қамтамасыз етіледі.
|
3. Кереуеттің бас жағын горизонталь-ды қалыпқа келтіру
|
Науқасты бір қырымен жатқызуға ыңғайлы жағдай жасалады
|
4. Науқасты бір қырымен және жар- тылай ішімен жатқызу
|
Симс қалпын қамтамасыз ету
|
5. Басына жастық қою
|
Мойынның шектен тыс бүгілуін болдырмайды
|
6. 90° бұрышта иықта және шын-тақта бүгілген «жоғарғы» қол асты-на жастықша қою. «Төменгі қолды» бүкпей төсекке қою
|
Дұрыс дене биомеханикасы қамта-масыз етіледі
|
7. Бүгілген «жоғарғы» аяқ астына
жастықша қою, «төменгі» балтыр «жоғары» аяқ санының төменгі 1/3 бөлігі деңгейінде орналасуы керек
|
Санының ішке қарай бұрылуын, аяқтың шектен тыс жазылуын болдырмайды
|
8. Аяқ астына 90° бұрышта тіреуіш
қою
|
Аяқ басының бүгуін қамтамасыз ету,
аяқ басының «асылып қалуын» болдырмайды
|