1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы


Шыбық артериясынан пульсті анықтау



бет66/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция

Шыбық артериясынан пульсті анықтау
Мақсаты: жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметін бағалау.
Әзірлеу қажет:
секундомер немесе секундты тілі бар сағат.
қызу парағы.
пациенттің медициналық картасы.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Оң қолыңыздың саусақтарымен науқастың қол ұшын білезік буыны
тұсынан ұстаңыз.
2. Бірінші саусақты білектің сыртынан орналастырыңыз.
3. 2-4 саусақтармен ырғақты соғатын шыбық артериясын си-
пап сезіп, оны білек сүйегіне басыңыз.
4. Пульс толқындарының сипаттамасын 1 минут ішінде анықтаңыз.
5. Пульсті оң және сол жақ шыбық артерияларында бір уақыт-
та салыстыра отырып анықтау керек. Қалыпты жағдай-
да олар бірдей болуға тиіс.
6. Пульсті анықтағанда алынған көрсеткіштерді ауру тарихына немесе амбулаториялық картаға жазады. Температуралық парақта күн сайын қызыл қарындашпен "П" (пульс) деп белгілейді. Пульс бағанасында пульстің жиілігі минутына 50- ден 160-ға дейін көрсетілген.
Диагностикалық мақсатта тамыр соғуын басқа да қан тамырларынан анықтауға болады:
- ұйқы артериясында - артерияны қатты қыспай кезекпен екі жақтан пульсті тексеру керек. Артерия қабырғасын қатты басқанда жүрек қызметінің күрт төмендеуі, жүректің тоқтауына дейін, естен тануы, бас айналуы, тырысулар болуы мүмкін. Пульсті мойын аймағында төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшық етінің алдынан жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөлігінің арасынан сипап көреді;
- сан артериясында- пульсті созылған және сәл сыртқа бұрылған санның шат маңайында тексереді;
- тізе асты артериясында- пульс науқас етпетінен жатқан жағдайда тізе асты шұңқырында тексеріледі;
- самай артериясында- пульсті самай аймағында анықтауға болады;
- асықты жіліктің артқы артериясында - пульсті ішкі тобықтың артынан тобыққа қысып отырып тексереді;
- табан бетіндегі артерияда - пульсті табанының сыртқы беткейінде тексереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет