Функционалды кереуеттің мақсаты – науқасқа ыңғайлы, функционалдық жағдай жасау.
Ең бастысы кез - келген уақытта пациентке төсек-орынды ыңғайлы, жайлы етіп беруге болатындығы. Науқас көп уақытын төсекте өткізеді, сондықтан төсек орны ыңғайлы, таза, матрастарының қаттылығы орташа, жатқан орнын ластамау үшін клеенка төселуі керек. Матрас ақжаймамен жабылуы тиіс.
Функционалды төсек түрі.
Науқастың төсегін әзірлеу:
Әзірлеңіз:
кереуетті, матрасты, матрастың тысын;
жайманы, жастықты, жастықтың тысын;
көрпе, зарарсыздандыру ерітіндісі, шүберек, орамал, клеенка
Іс -әрекеттер:
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекті алып, кереуетті 2 рет /арасына 15минут үзіліс салып/ сүртіңіз.
Матрастың тысын кигізіңіз.
Оны кереуеттің торының үстіне салып, ұзына бойы клеенка төсеңіз.
Оның үстіне жайма жайып, оны матрастың астына салып, бекітіп тегістеңіз.
Жастықпен көрпеге тысын кигізіңіз
6 .
Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге арналған. Аурухана мекемелеріне шұғыл медициналық көмекті, сондай-ақ жүйелі бақылауды (науқастың клиникалық жағдайын бағалау, ренгендік, электрокардиографиялық, эндоскопиялық тексерулерді, қан мен зәр анализдерін және т.б. кайталау) немесе амбулаторлық жағдайда жургізілуі қиындау немесе мүмкін емес емдеу түрлерін (операциялар, көк тамырға, бұлшық етке, тері астына және т.б. жиі егулер, кан мен кан алмастырушыларды құю, физиотерапия және т.с.с.) қажет ететін науқастар жатқызылады.
Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бірсалалы (мамандандырылған) және кұрамына әртүрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және г.б.) бөлімшелер кіретін көпсалалы ауруханалар болады.
Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен белімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты (кабылдау белімінің, гастроэнтерологиялық бөлімшенің мейірбикесі және т.б.). Қазіргі аурухана - бұл қажетті емдеу-диагностикалық аспаптармен және құралдармен жабдықталған медициналық мекеме. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлігі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі кұрамдас бөліктері болып табылады.
Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық және емдеу бөлмелері, операциялық, емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді. Сонымен қатар емдеу бөлімшелерінің құрамына жүретін аурулардың демалуына арналған жерлер, асхана және қосымша бөлмелер (санитарлық, булау бөлмелері, дәретхана, төсек-жабдықтық бөлме) жатады.
Аурухананың әрбір белімшесінде емдеу және диагностикалық іс-шараларды (көк тамырға құюды, кан мен оны алмастырушыларды кұюды, жұлын пунциясын жасауға арналған құралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге кан алуды) орындайтын іс-шаралық мейірбике болады.
Палатадағы ауа жылуы 18-20°С болуы қажет. Тұрақты жылуды және ауа тазалығын қамтамасыз ету үшін палатаны үнемі желдетіп отырған жөн. Қыста күніне 2-3 реттен кем емес, ал жазда тор болған жағдайда терезелер тәулік бойы ашық тұруы керек. Желдету кезінде мейірбике науқастарды жақсылап кымтауы қажет. Палаталарда тек өте кажетті жиһаз ғана тұрғаны жөн төсектер, төсек жанындағы тумбалар, орындықтар (төсек санына байланысты) және мүмкіндігінше ортақ үстел. Есіктің жанына халаттарға арналған ілгіш және қалдықтарға арналған бөшке қойылады. Палатаның ішкі қабырғасына ауа жылуын көрсететін термометр орнатылады. Әрбір төсектің жанында мейірбикені немесе кіші медициналық қызметкерлерді шақыру үшін тетік және радиокабылдағыш құлақшалары болады. Жиһаз палатаны жуып, тазалауға ыңғайлы болатындай етіп қойылады.Төсектер терезелері бар сыртқы қабырға бойымен көлденең қойылады. Науқастарды қарау, оларды аудару, іс-шараларды орындау женіл болуы ушін төсектер арасы 1 метрдей болуы қажет. Сондай-ақ, үш қозғалмалы бөліктен тұратын функционалдық тесектер болады. Төсектің жанындағы үстелде науқастың жеке заттары жатады. Бұл үстелдегі нәрселерді мейірбике анда-санда тексеріп, ал кіші мейірбике күнделікті сүртіп отырғаны жөн. Ауыр науқастар үшін төсектерінің жанында қозғалмалы үстелдер болады.
Медицина институтының педиатрия факультетінің студенттері практикасын база болып саналатын орталық балалар ауруханаларында өткізеді. Балалар хирургиясы кафедра базасы ретінде әртүрлі хирургиялық кеселдермен емделетін көп профильді балалар ауруханасын таңдап алады. Бұған кіретін хирургиялық бөлімшелер төмендегідей: қабылдау бөлімі, емдейтін-диагноз қоятын бөлім, әр саладағы кеселдер жататын хирургиялық бөлімшелер, қайта жандандыру (реанимация бөлімі) және қарқынды ем жүргізетін (интенсивті) операция жасайтын бөлім. Клиникадағы хирургиялық бөлімшелердің әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері және онда жұмыс істейтін қызметкерлердің әрқайсысының міндеттері болады.
Хирургиялық клиникада үш қабылдау бөлімі болады: біріншісі – шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін әртүрлі жарақаттары мен сынықтары бар ауруларды қабылдайтын бөлім; екіншісі – жедел көмек көрсетуді қажет ететін, жалпы хирургиялық кеселдері бар ауруларды қабылдайтын бөлім; үшіншісі – жоспарлы түрде тексеріп, диагноз қойып, емдеуді қажет ететін хирургиялық кеселдері бар ауруларды қабылдайтын бөлім.
Қабылдау бөлімдерінде сырқат балаларды дәрігерлер қарап, жағдайларының ауыр-жеңілдігіне баға бере отырып, алдын ала диагнозын қояды, жедел көмек көрсетеді, қажетті лабораториялық тексерулерден өткізеді. Басқа маман иелерінің (педиатрдың, отоларингологтың, невропатологтың, реаниматологтың) консультациясы қажет болса оларға көрсетіп диагнозын нақтылайды, сөйтіп ауруды қайсы бөлімшеге жатқызу керектігін шешеді. Дереу операция жасауды қажет ететін болса анестезиологты шақырып көрсетіп, алдын ала дайындап, операцияға алады, содан соң кеселдің түріне, аурытпалығына қарай мамандандырылған бөлімшелерге, қайта жандандыру бөлімшесіне жібереді. Егер баланың бойындағы кеселі онша ауыр болмаса, тиісті көмек көрсетілген соң, емханадағы дәрігер бақылаумен үйіне жібереді. Ауруларды санитарлық өңдеуден өткізген соң, санитарлардың алып жүруімен, жүре алса жаяу, жағдайы тым ауыр болса қол арбамен немесе кресломен тиісті бөлімшелерге жөнелтеді.
Емдеу – диагностикалық бөлімшелерге жататындар клиникалық, бактериологиялық, биохимиялық - лабораториялық рентген бөлімі, патолого-анатомиялық бөлім әртүрлі диагноз қоятын кабинеттер, жаңа әдістермен тексеріп және емдейтін лабораториялыр (эндоскопия, ультра жыбысты сканнорлар; радиоизотоптарымен тексеретін, ангиография, лазеротерпия, гипербаротерапия жасайтын жерлер). Емдеу – диагностикалық бөдлімшелер аурухананың барлық бөлімдерінде емделіп жатқан ауру балаларға қызмет етеді.
Диагностикалық бөлімшелердің атқаратын негізгі міндеті – соны зеттеулердің деңгейінде әрі тез, әрі дұрыс қосымша тексерулерден өткізіп, емдеуші дәрігерлердің дәл диагноз қоюына көмектесу болып табылады. Бұл бөлімшелердің қызметін ұйымдастыратын, басқаратын, әрбір берген тұжырымдарының дәлдігіне жауап беретін өз бөлім меңгерушілері болады. Олардың қол астында аппараттар мен құрал-жабдықтарды жақсы білетін, тиісті зеттеулерді толық меңгерген, арнайы дайындықтан өткен мамандар істейді. Диагностикалық зерттеулер жүргізген кездегі қауіпсіздігі үшін маман дәрігер жауап береді.
Сырқатты тексеруге мейіркеш алып барады. Тексеруге емдеуші дәрігер де қатысып, нәтижесін басқа да маман иелерімен бірге талқылағандары дұрыс. Тәжірибесі мол дәрігерлердің берген ақыл-кеңесі дианозды дәл қоюға, жасалатын операцияның әдісін дұрыс таңдап алуға өте қатты көмектеседі.
Балалар хирургия бөлімшелері сырқат жасы мен жағдайына байланысты, кеселдің түрі мен бөлімдегі күтім ерекшеліктеріне байланысты жабдықталады. Бұл хирургиялық бөлімдерге: урология (зәр жүретін жолдарының хирургиялық кеселдері, бар ауралар), абдоминальды хирургия) гастроэнтеорологиялық яғни асқазан-ішек жолдары мен құрсақ қуысы ағзаларының кеселдері бар аурулар), торакальды хирургия (кеуде ағзаларының кеселдері бар аурулар), проктология (көтен ішегі ауыратындар), жаңа туған нәрестелердің хирургиясы, пластикалық хирургия, онкология (ісіктері бар аурулар), жарақаттар, ортопедия (сүйеніп қозғалатын аяқ-қол жүйелерінің іштен туған кемістіктері бар аурулар), реанимация (қайта жандандыру) және қарқынды емдейтін (интенсивті) бөлімшелер жатады.
Мамандандырылған хирургиялық бөлімшелерде сәбилерді сол салалардың маманы (уролог, торкальды хирург, проктолог т.б.) палата дәрігері қарап емдейді. Бөлімшелерде балаларға алдын ала қойылатын диагноздарын нақтылай түсу үшін, оларды жан-жақты тексереді, әртүрлі манипуляциялардан өткізеді, емдейді, операцияға дайындайды. Операциядан кейін қажет болса нәрестелердің жалпы жағдайлары жақсырып, беті бері қарағанша, белгілі бір мерзімге реанимацияға жатқызады, жағдайлары жақсарған соң мамандандырылған бөлімшелерге ауыстырып, әбден сауығып кеткенше сол жерде емдейді.
Әрбір мамандандырылған бөлімдердегі атқарылатын жұмыстың өз ерекшеліктері болады.
Қазіргі хирургиялық бөлімдер 40-60 төсекке есептелген, палаталар дәліздің бір жағына, ал мейіркеш бақылау балалар ауруханасын салғанда мейіркештің қызмет орны палатамен, таңатын және ем жасайтын бөлмелермен бір блокта қатар орналастырған дұрыс. Әр бөлімде буфет, асхана, балалар ойнайтын, сабақ оқитын класс, шешінетін бөлме, балалар және қызметкерлер үшін жеке – жеке, әжетхана, жуынып-шайынатын бөлме (ванна), түбектер мен зәр жинауға арналған шөлмектер тұратын бөлмелері мен кір жаятын жері болуы қажет. Бөлім меңгерушісі, аға мейіркеш, дәрігерлер отырып жұмыс істейтін жеке – дара бөлмелер болуы тиіс. Мейіркеш пен санитарлардың киім-кешектерін, аяқ киімдерін салып қоятын жеке-жеке шкафтары болады. Артық-ауыс төсек – орындарды, көрпе-жастықтарды, үстелдерді жинап қоятын қосымша бөлмелердің де болғанын ойластыраған жөн.
Балалар хирургиясы бөлімінің едені тегіс, іші жарық болғаны абзал. Балалардың ойнайтын, не сабақ оқитын бөлмелерінде оларды өздері салған суреттерінен көрме жасап іліп қоятын бұрыш болса тіпті жақсы. Бұның балаларды тәрбиелеуге, науқас бөбектердің көңілін көтеруге, емдеуге көмегін тигізетінінде дау жоқ. Дәліз, асханаға, ойнайтын бөлмеге, құмыраға үйде, өсірілетін гүлдер қойып, қабырғаға оларға арналған ертегілерден салынған көріністері бар суреттерді іле қойса болады. Бұның бәрі сырқат балалардың ауруханаға тез үйреніп кетуіне қорықпауына көмектеседі. Бірақ не болса да шегіне қарап жасалған жақсы. Себебі ауруханада тазалықтың ұқыптылықтың, жинақтылықтың болғаны дұрыс.
Мейіркештің жұмыс орны - палаталарда болып жатқан оқиғаларды оңай бақылап отыратын жерге орналасады. Мейіркештің жұмыс орны екі секретармен бір шкафпен, жазу үстелімен және тумбочкамен жабдықталады. Секретер мен шкафтың есіктері құлыптану керек. Себебі олардыің ішінде бір тәулікке қажетті артық дәрілер, әсер ету қасиеттеріне қарай әр сөрелерге топтап орналастыралады. Секретердің немесе шкафтың ішінен есігі жабылатын қосымша екі жәшік жасалады: біреуінде улы дәрілерді (наркотикалық дәрілерді, атропинді т.б.) сақтайды да есігіне “А” (қара түспен) деген белгі жазылады, екіншісінде - өте қатты әсер ететін дәрілерді (адреналинді, кофеинді т.б.) сақтайды да есігіне “Б” (қызыл түспен) деген белгі жазылады. Жекеленген сөрелерде тамақты көру үшін зарарсызданған шпательдер және қызу өлшейтін термометрлер, резеңке қыздырғыштар, мұз қатыратын резеңке ыдыстар сырттан пайдаланатын дәрілер, тостағандар, артық шпирицтер мен ине салынған зарарсызданғыш және жабдықтар салынған бикс және сырқат күтіміне арналған басқа жа жабдықтар қойылады.
Жазу үстелінің тартпаларында жазуға қажетті заттар, температураларын көрсететін таза парақтар, аурудың тарихына қосымша желімделетін беттер т.б. нәрселер сақтадлады. Аурудың тарихын дәрігер толтырып жазған соң мейіркеш аурухананың ішіндегі басқа бөлімшелермен байланыстыратын телефон орналасқан жазу үстелдерінің үстіне әкеліп жинап қояды.
Хирургия бөлімшесінде 2 – 3 жерден мейіркеш жұмыс орындары ұйымдастырылады да, әрқайсысына жылжымалы графиктермен жұмыс істейтін 4-5 мейіркеш бекітіледі. Палатада істейтін мейіркештің жұмыс күні сағат 8-де басталады. Жұмыс киімін ауыстырып киген соң, кезекшілік еткен мейіркештен жұмыс орнын қабылдап алады.
Кезекшілікті қабылдау мен өткізу ең жуапты сәт, сондықтан да мейіркеш бұл істі тікелей палатада, сырқат көзінше атқарады. Осы кезде жеке бас, төсек – орны тазалығына, баланың үлкен және кіші дәретке отырғанына көңіл аударғандары жөн. Әр палатаның мейіркеші палаталар тазалығын, ертеңгісін сыртқаттан лабораториялық тексреуге қажетті (зәр, қан, нәжіс, қақырық) материалдардың дұрыс алынғандығын бақылап, науқасты операцияға дайындау барысын, таңертеңгі дәрі-дәрмектерін беріп, қызуын тексеріп ауру тарихына белгілейді.
Сыртқат балалар үшін дәрігер белгілеуін уақытылы жасаудан асқан маңызды ешнәрсе жоқ. Мейіркеш дәрігерлердің оң қолы болып есептеледі. Сырқат балалардың сауығып шығуында мейіркештің атқаратын ролі зор. Емдеуші дәрігер қаншама күшті дәрі-дәрімектерді белгілесе де, кезекші мейіркештер не ұмытып кетіп, не тағы бір себептермен ол дәрілер науқастқа берілмей қалса, онда сырқат дертінен ешқаншанда айықпайды. Сондықтан кезекші мейіркештің жұмысын сол бөлімшенің аға мейіркеші күнделікті қадағалап, тексеріп, бақылап отырған жөн. Дәл осындай бақылауды емдеуші дәрігер же жүргізгені дұрыс. Сену де керек, сене отырып тесеру де керек. Себебі дәрігерлердің де, мейіркештің негізгі мақсаты – науқас баланы сауықтырып шығару болып табылады.
Палатаны қабылдап алғаннан кейін, кезекші мейіркешке дәрігердің қаншалықты жұмсалғанын, аурудың тарихи мен жасалатын емдерді белгілейтін дәптерді тесереді. Жұмыс аяқталған соң мейіркешке өзінің жұмыс орнын тәртіпке келтіріп өткізеді.
Ертеңгілік, бес минуттік жиналыс кезінде, бөлім меңгерушісі, немесе оның орынбасары немесе аға мейіркеш түнгі кезекшілік кезінде қанша адам түсіп, қанша адам шыққанын аты—жөні мен диагнозы) дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі жайлы мәліметтерді қысқаша баяндап береді. Сондай – ақ белгіленген емдердің жасауын; кеселдері күрделі сырқаттар, олардың дерті, қызуын, енгізген дәрілерге аллергиялық реакция беруі, көңіл күйлері, жүріс-тұрысындағы өзгерістер туралы ерекше айтқан дұрыс.
Палата мейіркеші жұмысы – жұмыс орнын өзін ауыстыратын мейіркешке өткізіп берген соң аяқталады.
Сырқат жататын палата – бөлімшедегі ең маңызды орын. Қалыпты жағдайда бір сырқатқа 6,5 – 7,5 шаршы метр жер қажет, терезенің көлемі еденнің көлеміне 1 : 6-ға қатынасындай болады. Орта есеппен әр бөлімде 10 палатадан, оның әрқайсысында 2- 4 сырқат жатады. Жұқпалы (инфекция) кеселі болуы мүмкін деген күдікті науқастың диагнозын анықтағанға дейін, болмаса арнайы күтімді қажет ететіндерді басқа балалардан оқшаулап жатқызатын арнайы салынған екі есікті палаталар болады.
Палаталарда тәртіп сақталуы қажет. Ең бастысы бөлімелердің іші кең, таза болғаны дұрыс, ал ауасы уақытылы желдетіліп отырғаны жөн. Балаларды емдеу мекемелеріндегі палаталардың арасы әйнектермен бөлінеді. Бұл мейіркештің балаларды жұмыс орнында отырып-ақ бақылап отыруы үшін ыңғайлы.
Балаларды палаталарға жасына және дертінің біркелкілігіне қарай бөліп жатқызады. Ауруларды палаталарға жастарына қарай бөліп орналастырған ыңғайлы, себебі бірыңғай төсек қоюға да, оларға жас ерекшеліктеріне қарай тәлім-тәрбие беруге де, тәртіп орнатуға да ыңғайлы болады. Жаңа туған нәрестелерге арнайы жасалған кувез бесіктері және құрал-жабдықтарымен жабдықталған палата бөлінеді.
Палаталарға қойылатын кереует бала барлық жағынан келе алатындай етіп орналастырылу керек. Төсек тартып жатқан, жағдайлары өте ауыр балаларға еш жерін ауыртып алмастан, үнемі ыңғайлы жағдай тудырып тұру үшін, ақырындап бұрау арқылы, қажет болса басы немесе аяғын көтерілетін шиқылдамайтын, аяқтарында ары-бері жылжытып тұруға болатындай доңғалақтары бар функционалды кереует пайдаланылады.
Емшек жасындағы сәбилер мен жасөспірімдердің астына төсейтін қалың көрпесінің сыртын клеёнкамен тыстап қояды. Үстіне жабатын көрпесі мақта-қағаздан немесе жүннен жасалған болу керек. Төсенішпен тысталған көрпенің шетін мамық астына қайырып қояды. Егер сырқат жүруге жарамаса, онда оған жеке дәрет ыдыс белгілеп, төсегінің астындағы орындыққа қояды. Төсек тартып жатқан тым ауыр науқас төсегінің жанына тамақтану, ойнау, сабақ оқу үшін қосымша үстелдер қойылады.
Кейде ем жасалатын сырқаттарды бір палатада жатқан көршілерінен уақытша бөлектеуге тура келеді. Ол үшін әрбір бөлімде жылжымалы шымылдық болуы тиіс. Төсектердің арасында тұратын әр сырқатқа арналған кішігірім үстелдің немесе тумбочканың үстіне стақандар мен су ішетін ыдыстар қойылса, оның ішіне жуынуға қажетті (тіс тазалайтын шөтке, паста, сабын, тарақ) заттар мен қағаз, қарындаш, қаламсап, кітап, ойыншық тәрізді ұсақ-түйектерді қояды. Үйден әке-шешелері әкелген тамақтың артылғанын бұзылып кетпес үшін тоңазытқышқа апарып қою қажет. Тұрып қалған тамақтарды балаларға беруге болмайды. Сәбилер уланып, жұқпалы іш ауруларын жұқтырып алуы ықтимал. Өздері де хирургиялық кеселдің зардабын тартып, жандары қиналып әл үстінде жатан науқас балалар тұрып қалған, бұзылып, ашып кеткен тағамдарды ішіп уланатын болса, дерттеріне дерт қосылып жағдайлары нашарлап кетуі мүмкін. Тіпті кейбір кезде шетінеп кетуі де мүмкін. Сондықтан оларды тамақтандыру мәселесіне үлкен жауакершілікпен қараған жөн.
Осы заманға лайықтап салынған палаталардағы әр төсектің қасына орталықтан оттегін беріп тұратын жіңішке темір құбырлар орнатылады. Дәрігерлерді немесе мейіркешті дереу шақырып алу үшін оның жұмыс орнына немесе дәлізге дыбыс арқылы (ақырын естілетін шыңыл) немесе жарық сәулесі арқылы (қызыл түсті шам) хабар берілетін сигналдаушы жасалады. Кейбір науқас кенет нашарлай бастаса немесе операциядан кейін жатқан нәрестелердің құсып жіберіп, құсығына шашалып, не дене қызуы (39-40Ә) көтеріліп, болмаса операция жасаған жерінің жарасынан қан ағып жатса, онда сол хабар беретін нүктелер арқылы дәрігерлер отыратын бөлмеге хабар беріп, шақырып алуға болады.
Бүлдіршіндер мен мектепке дейінгі балалар жататын палаталардағы төсектер электр розеткасынан, оттегін беріп тұратын краннан қашығырақ, қолдары жетпейтін жерге орналастырылған жөн. Олар, байқаусызда электр розеткасына саусағын тығып алып тоққа соғылып немесе басқа да бір күтпеген бақытсыздыққа ұшырауы мүмкін. Сол сияқты ойнап отырып байқаусызда бір жерлерін жарақаттап алатын үші өткір заттарды, немесе құлағының, мұрынның тесіктеріне тығып жіберіп, қайтып шығарып ала алмай қалатын, не жұтып қоятын ұсақ-түйек заттар мен ойыншықтарды науқас балаларға бермеу керек.
Әр палатада төсек орындармен бірге аурудың тарихын жазатын дәрігерге арналған үстел, жуынғыш, айна пайдаланылған жаялықтарды салатын бак болуға тиіс.
Бөлімдерде өздері жүре алмайтын сырқатты отырғызып немесе жатқызып қойып тамитын жылжымалы қол арбамен тасығыштар болуға тиіс.
Палаталардың ауасының температурасы мен ылғалдылығын бірқалыпта, қолайлы жағдайда таза ұстап тұру үшін уақытылы желдетіп тұру қажет. Таза ауаның баланың денсаулығына тигізетін пайдасы мол. Палатаның температурасын 20ӘС деңгейінде ұстаған дұрыс. Оны бақылап тұру үшін әр палатаға термометр орнатылады. Жаз кездерінде терезені үнемі ашық ұстауға болады, бірақ балалардың жас ерекшеліктеріне, мінез - құлқына байланысты ойнап жүріп, кездейсоқ терезеден ұшып кетіп, қайғылы оқиғаға соқтырмау үшін сақ болған дұрыс. Сондықтан жаз кездерінде, оған темір тор орнатады.
Кешкі уақытта палатаның іші электр шамдарымен жарықтандырылады. Түнде босағаға кіре берісте әйнегі көк түске боялған шам орнатылады.
Емшектегі нәрестелер мен бақша жасындағы сәбилердің жататын палатасына, өте жеңіл, тазалауға, жууға оңай болатын ойыншықтар салынған қобдиша қойылады. Ересек балалар өздерінің бос уақытын ойнайтын бөлмелерде өткізеді. Әр бөлмеде балаларды тәрбиелейтін, ойнайтын ертегі өлең оқып беретін тәрбиешілер болады. Жаз уақыттарында, күн ашық кездерде, жүре алатын, жағдайлары онша ауыр емес сәбилер мен бүлдіршіндерді ұйымдасқан түрде сыртқа, таза ауаға 1-2 мәрте серуендетіп, ойнатып қайтады. Көңілдері көтеріңкі, бойлары сергек жүрген балалардың науқастарынан тез айығып кететтіндігінде дау жоқ.
Мектеп жасындағы балалардың денсаулықтары көтерсе сабақ оқуларына да болады. Себебі кейбір созылмалы хирургиялық кеселдері бар балалар ауруханада айлап, кейде жылдап жатып, ұзақ емделетіндіктен, мектептегі өзімен жасты құрбыларынан білімі жағынан, тәлім-тәрбиесі жағынан қалып қалмас үшін, оларға негізгі пәндердің барлық түрін оқытады. Сол үшін ірі ауруханалардың қасынан арайы мектеп ұйымдастырылады. Бұндай қамқорлықтың өзі бір жағынан ауру балалардың дер кезінде, жан-жақты білім алуына көмектессе, екінші жағынан олар өздерінінің уақытша болса да ауыр жағдайын, кембағал болып қалғандарын ұмытып, бойларында өмірге, тіршілікке деген құштарлық, ынтызарлық пайда болады. Соның нәтижесінде балалардың көңіл-күйлері көтеріліп, жаңа күш-қуат пайда болып, ауруларынан тез сауығып кетуге ұмтылады. Тіпті ұзақ ауырған балалар сол кеселдерінің зардабынан мәңгі бақи кембағал, мүгедек болып қалса да оқудың, білім алудың сол баланың одан арғы өміріне тигізетін пайдасы зор болмақ.
Тамақ ішетін бөлме.
Сырқат ішетін тағамдар жеке жерде, аурухананың асханасында дайындалады. Сол жерден арнайы ыстарға салып, қол арбамен бөлімдердегі буфетке алып келеді. Буфетте үстелдер, ыстық суық суы қатар ағатын, ішіне ыдыстарды салып қойып жуатын үлкен тегештер, жуылған ыдыс аяқтарды кептіретін шкафтар, нан кесетін тақтайлар болады. Буфеттің қасына ересек балалар өздері келіп тамақ ішетін шағын ғана зал орналасады. Жас нәрестелер мен сәбилерді палаталарда тамақтандырады, ол үшін тамақ салынған ыдыстарды қойып таситын жылжымалы кішкентай үстелдер мен орындықтар болуы керек. Ауруханадағы балаларды сапалы тағамдармен уақыттылы тамақтандыру – емдеудің ең басты бір бөлігі болып саналады. Қазақтың “ас тұрған жерде ауру тұрмайды, “ас адамның арқауы” деген секілді аталы сөздері бекер айтылмаса керек. Сондықтан балаларды тамақтандыру мәселесіне үлкен мән берген дұрыс. Буфет пен тамақтанатын орынды өте таза ұстау қажет. Ол жерге тамағының сапасына жауап беретін диеталық дәрігер мен мейіркеш аспаз және даяшыдан басқа ешікімнің де кіруге қақысы жоқ. Балаларды тамақтандыратын мейіркеш, тағамдарды арнайы таксыларға бөліп салып беріп тұратын буфеттің терезесінің бер жағында тұрады, ары ішіне кіруге болмайды. Егер буфеттегі тағамдарға кездейсоқ микробтар немесе улы заттар түсіп кетсе, онда сол тағамдарды ішкен бөлімдегі барлық балалардың іші өтіп немесе уланып қалуы мүмкін. Бұл өте қауіпті. Әрқашан сақ болған жөн.
Таңатын бөлме. Әрбір хирургиялық бөлімдерде таза жараны таңатын және іріңді жараны таңатын екі бөлме болу керек. Егер мұндай мүмкіншілік болмаса, онда алдымен таза хирургиялық, содан кейін іріңді хирургиялық кеселі бар сырқататтарды қабылдайды.
Барлық бөлмелер арнайы аспаптармен, жеткілікті дәрі-дәрмектермен, таңатын жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Жұмыс аяқталған соң бөлмелердің ішін жуып тазалайды, бактерицидті шамдарды қосады, құрал-саймандарды зарарсыздайды. Таңатын бөлменің тазалығын, асептика мен антисептиканың мұқият сақталу жуапкершілігін мейіркешке жүктейді.
Тексеретін және ем жасайтын бөлме. Бұл бөлмені негізінен сырқат балалардың кеселінің түрін анықтап, диагнозын нақтылау үшін медициналық қүрал-саймандардың көмегімен қосымша тексерулерден өткізеді. Қажет болса емдейді. Өңешті, асқазанды, ұлтабарды көзбен көріп тексеру үшін эзафогогастро-дуодноскопия көтен ішек пен тоқ ішек үшін ректоколоноскопияны кеңірдек пен өкпенің бронхылары үшін – бронхоскопияны; үрпі мен қуық үшін – уретроцистоскопия тәрізді аспаптарды пайдаланады. Өңештері күйіп тарылып қалған сәбилер өңешін, үрпілері жыртылып кетіп тарылып қалған балалардың үрпілерін кеңейтуді осы арада іске асырады. Асептика мне аитисептиканың сақталуын мұқият қадағалап отыру керек.
ЕМХАНАДА БАЛА ХИРУРГІНІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БӨЛІМШЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЖАБДЫҚТАЛУЫ
Емханалық мекемелердің алдында тұрған үлкен мәселе, бұл емханада өткізілетін емдеу – сауықтыру шараларын жетілдіру және тұрғылықты халыққа білікті медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру болып табылады. Медициналық көмек көрсету жоғары дәрежеде жүзеге асырылуы керек, себебі қазіргі күн талабы осыны қажет етеді. Емхана жағдайында келесі шаралар өткізілуі тиісті:
- жедел аурулары мен жарақаттары бар науқастарға алғашқы және шұғыл көмек көрсету;
- іштен туа болатын даму ақауларын және ауруларды ерте анықтау, себептерін зерттеу;
- емді қажет ететін науқастарды дер кезінде ауруханаға жатқызу;
- диспансерлік есепке тұрғызуды қажет ететін науқастарды анықтап, іріктеп, толық зерттеп, сауықтыру шараларын өткізу;
- түрлі анықтама қағаздарын беру (сабақтан босатылғандығы, дене шынықтыруға қатыспауға, үйде оқытуға) және ата-аналарына еңбекке жарамсыздық қағаздарын толтыру;
- хирургиялық манипуляциялар мен емдеу - сауықтыру шараларын өткізу;
- мүгедек, мүгедектік белгілері бар балаларды медициналық әлеуметтік тұрғыда сараптау комиссиясына жіберу.
Осы мәселелерді дұрыс шешу бала хирургінің атқаратын міндетіне жүктелген.
Емхананың қуаттылығы күніне келетін адамдардың санымен есептелініп, ол 5 топқа бөлінеді: күніне 1600 адам келетін болса – І топ; 1200 – ІІ топ; 800-ІІІ топ; 600-ІV топ; 400-V топ. Хирургиялық бөлімшенің құрылымы және дәрігерлердің орын саны емхананың қуаттылығына байланысты (1-ші кесте).
1-ші кесте
Емханадағы хирургиялық бөлімшенің құрылымы мен
дәрігерлердің орын саны
Құрылымы Дәрігерлік орын саны
І
топ ІІ
топ ІІІ топ ІV топ V
топ
Хирургиялық бөлімше 6,0 4,5 3,0 2,3 1,5
Құрамы:
Жарақатқа жәрдем беру бөлмесі
1,5
1,0
0,5
Онкологиялық бөлме
1,0 0,5 - - -
Урологиялық бөлме 1,0 0,5 - - -
Кішігірім аудандық емханада хирургиялық бөлімше дәрігердің бөлмесінен және байлап-таңу бөлімшесінен тұрады. Үлкен көлемде жұмыс жасайтын емханаларда дәрігер бөлмесі мен таңу бөлмесінен басқа асептикалық операцияларға арналған бөлме болуы керек.
Қалалық, облыстық емханаларда операция жасайтын, операция алдындағы бөлмелер және залалсыздандыру бөлмесінен тұратын операциялық блок болады. Арнайы хирургиялық қабылдауды бірнеше дәрігерлер: травматолог – дәрігер, іріңді жараны емдейтін хирург, жалпы хирург, уролог өткізеді (2-ші кесте).
2-ші кесте
Емханадағы хирургиялық бөлмелер саны
№ Арнайы бөлмелер І топ ІІ топ ІІІ топ ІV топ V топ
1 Бөлім меңгерушісінің бөлмесі 1 1 1 1 1
2 Хирургтің бөлмесі 3 2 2 1 1
3 Урологтің бөлмесі 1 1 - - -
4 Урологиялық науқастарға емдеу шараларын өткізетін бөлме. 1 1 - - -
5 Операция алдындағы бөлме. 1 1 - - -
6 Операция жасайтын бөлме 1 1 1 - -
7 Таза байлап-таңу бөлмесі 1 1 1 1 1
8 Іріңді жараларды байлап-таңу бөлмесі 1 1 1 1 1
9 Травматолог дәрігердің бөлмесі 1 - - - -
10 Залалсыздандыру бөлмесі 1 1
1 1 1Құрылыс жобасы мен емдеу – профилактикалық мекемелердің ережелеріне байланысты дәрігер бөлмесінің ауданы оның жұмыс көлеміне байланысты 10-15 шаршы метрден кем болмауы керек. Таңып - байлау бөлмесінің ауданы бір операция жасалатын столға кем дегенде 15-16 шаршы метрді құрауы қажет. Сонымен қатар әр қосымша столға 8 шаршы метрден қосылады. Операциялық зал өлшемі операциялық блокты ұйымдастырғанда 3,2 м х 4 – 4,5 метрден аз болмайды
Емханадағы хирургиялық бөлімшенің жабдықталуы ауқымды болмауы керек. Дәрігер бөлмесінде стол, екі орындық, науқасты қарауға арналған қатты кереует (баланың киінуі мен шешінуіне қолайлы болуы үшін қатты кереуетті арнайы матамен бөліп қояды), рентгенограмманы қарау үшін неготоскоп болуы шарт. Үлкен көлемді жұмыс кезінде медициналық құжаттарды толтыру үшін медбикеге арналған қосымша стол мен орындық қоюға болады.
Таңып-байлау бөлмесінің жабдықталуы төмендегідей: залалсыздандырылған құрал-жабдықтарға арналған стол; науқасқа арналған арнайы стол; жұмыс барысында қолданатын дәрілер мен ерітінділерге арналған стол; емдік дәрі-дәрмектер мен таңуға арналған жабдықтарды сақтайтын шкаф; залалсызданған жаялықтарды және таңып - байлауға арналған жабдықтар салатын бикстерді қоятын темір аяқшалар, екі орындық.
Таңып-байлау бөлмесінде қолды жууға арналған керекті заттардың барлығы болуы шарт. Сонымен қатар гипсті дәкелерді сақтайтын және гипстік таңғыштарды шешуге арналған құрал – саймандарды қоятын кішігірім шкафтың болуы қажет.
Операциялық блоктың жабдықталуы келесідей: операциялық стол, стационарлық стол және хирургиялық құрал жабдықтарды қоюға арналған жылжымалы стол, дәрі-дәрмектерге арналған стол, винтті табуреткалар (2-3 данасы), залалсыздандырылған жаялықтар мен таңып байлауға арналған жабдықтар салынған биксті қоюға арналған үстелше, кіші операциялық немесе жалпы хирургиялық құрал-саймандар жиынтықтары, залалсыздандыруға арналған құрғақ бу шкафы (1 – ші сурет).1 – ші сурет. Операция алдындағы медбикенің дайындығы
Емханада хирургиялық бөлімшенің жұмысын дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде науқас балаларды қабылдау жылдамдатылады, диагностикалық шаралардың және емдеу жұмыстарының сапасы айтарлықтай жоғарылайды. Емханалық мекемедегі хирургиялық мамандығы бар дәрігердің 1 сағаттық жүктемесі төмендегідей: хирург үшін – 9 науқас, травматолог пен ортопед үшін – 7 науқас, уролог үшін – 5 науқас. Профилактикалық тексеруде хирург 14 баланы қабылдауы керек.
Хирургтың қабылдауында болатын балалардың 50 пайыздан артығы біріншілік келген науқастар. Олардың арасында түрлі жарақаттың зақымдануы бар науқастар көп кездеседі.
Хирург жұмысының негізгі міндеті ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін науқастарды қабылдау, тексеру, аурудың диагнозын қою және емдеу болып табылады. Сонымен қатар ауруханадан шығарылған науқастар емдерін жалғастырады.
Науқастарды зерттеу үшін барлық қажетті тексеру әдістері өткізіледі. Оның құрамына жалпы физикалық (қарау, пальпация, аускультация), инструменталды (рентгенмен, эндоскопиялық, ультрадыбыстық), зертханалық (қан, зәр, нәжіс анализдері, бактериологиялық, цитологиялық және серологиялық зерттеу, пунктаттар, шайылған сулар) тексеру тәсілдері кіреді. Науқасты зерттеу нәтижесінде аурудың диагнозы қойылып, емдік шаралар өткізіледі немесе кеселдің алдын-алу бағытында істер жүргізіледі.
Хирургиялық науқастарды емдеу консервативті, сонымен қатар оперативті тәсілдермен іске асырылады. Операциялар көлемі бойынша кіші, ал уақыты бойынша қысқа болуы шарт. Операциялар жедел және жоспарлы түрде жүргізіледі. Жоспарлы операцияларға арнайы күн, уақыт бөлінуі қажет.
Бала хирургінің жұмыс көлеміне жоғарыда айтылғандардан басқа келесі іс-шаралар кіреді: амбулаторлық картаны толтыру, науқастарды диспансерлік есепке алу, рецептер жазу және ауруханаларға немесе жоғарғы дәрежелі маман дәрігерлердің кеңесіне бағыттау.
Қабыну белгілері айқын жедел іріңді процестерге жасалатын операциялар науқасты алғашқы рет қабылдаған кезде жедел түрде өткізіледі. Оны іріңді жараларды таңып байлау немесе арнайы бөлінген операция бөлмесінде орындайды. Жоспарлы операцияларды емхананың хирургия бөлімшесінің жұмысына қолайлы күндері, «таза» операция бөлмесінде жасалуы қажет. Сонымен қатар бұл операция бөлмесінде жедел жарақат алған науқастардың жарасына алғашқы хирургиялық өңдеу жасалынады.
Хирург қайталап байлап-таңуды қажет ететін науқастарды қабылдауға келетін уақытты нақты, дәл сағатын белгілеуге тиісті.
Емхананың хирургиялық бөлімшесінде асептика ережелері қатаң сақталынады. Емдеу барысында мүмкін болатын асқынулардың алдын-алу шаралары өткізіледі. Қазіргі заманда емханалардың құрылысында құрал-саймандарды, операциялық жаялықтарды және таңып байлауға арналған жабдықтарды залалсыздандыруға арналған арнайы орын қарастырылған.
Оперативті іс-әрекеттердің көлемін кеңейту қажеттілігін айрықша атап өткен жөн. Хирургиялық стационарларға аса ауыр науқастар жатқызылады, ал емхана жағдайында емдеуге болатын аурулар міндетті түрде емханада емделуі қажет. Сол арқылы ауруханадағы төсектер босатылып, төсектік қор тиімді пайдаланылады, қосымша резерв құрылады. Емханадағы хирургтердің дәрежесі артып, жұмысқа деген қызығушылығы жоғарлайды. Көрсетілетін хирургиялық жәрдем көлемін кеңейту керек. Бірақ бұл балаларға кері әсерін тигізбеу үшін, үлкен асқынуларды болдырмау мақсатында науқастар біртіндеп қабылданады, асептика ережелері қатаң сақталынады, жансыздандыру толық жүргізіледі.
ҚАЙТА ЖАНДАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫ ЕМДЕУ БӨЛІМШЕСІНДЕГІ ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІНГІ СЫРҚАТ КҮТІМІ
Медицинаның бұл саласы бүгінгі таңда бұдан 10-20 жыл бұрын ем қонбай шетінеп кететін нәрестелердің өмірін құтқараып ала алатындай дәрежеге жеттік. Сондықтан да қайта жандандыру мен қарқынды емдеудің негізгі принциптерін оқып - үйренуде жоғарғы оқу орындарында өте зор көңіл бөліп келеді.
Қайта жандандыру және қарқынды емдеу бөлімшесіндегі сырқаттар ауруханадағы емделіп жатқан балалардың ішіндегі ең ауыры, ең күрделісі. Бұл бөлімде емделуге тиіс сырқаттарға мыналар жатады:
1. Қарқынды емдеуді қажет ететін күрделі кеселді және тым ауыр операциялар жасалған сырқаттар;
2. Операциядан кейін өміріне қауіпті асқынуы бар сырқаттар.
3. Хал үстінде жатқан (предагональды) және жантәсілім үстіндегі (агональды) сырқаттар.
4. Жарақаты ауыр әл үстінде жатқан сырқаттар.
5. Операцияны жасамай тұрғанда ауыр кесел зардабынан зат алмасу мен метаболикалық құбылыстарды қалпына келтіру үшін қарқынды емдеуді қажет ететін сыртқаттар.
Қайта жандандыру және қарқынды емдеу бөлімшесінде арнайы бөлінген зал болады. Онда тынысы немесе жүрегі тоқтап қалған нәрестелерді қайта тірілту үшін тиісті көмек көрсетіледі. Қайта жандандыру және қарқынды емдеу бөлімшелері қажет болып қалса жедел түрде диагноз қоюға және шұғыл емдеуге қажетті құрал-саймандар мен дәрі-дәрмектердің бәрімен де қамтамасыз етілу керек.
Әр төсектің басында орталықтандырылған оттегін беретін аппарат, вакуум және жедел көрсетуге қажетті (дыбыс шығару немесе жарық арқылы) хабар беретін нүктелер орнатылуы тиіс.
Бөлімшеде сырқаттың жүрегі мен миының жұмысын бақылап, оларға диагноз қойып тұратын электрокардиограф, электроэнцефалограф деген және тыныс алуды зерттейтін спирометр, импедансты пневмограф плетизмограф, валюметр, қозғалғыш рентген аппараты тәрізді қажетті аппараттардың болуы міндетті. Әртүрлі биохимиялық зерттеулер жүргізу үшін бөлімшенің лабораториясында мынандай приборлар болуы керек: РН–метр, жалынды фотометр, фотоэлектроколориметр, спектрофотометр.
Емдеу іс-әрекеттерімен қамтамасыз ету үшін бөлімшеде ересек балалар үшін РО-3, РО-5, РО-6 және жас нәрестелерге арналған ВИТА – 1 жасанды тыныс алдырғыштары (респираторлары) болуы керек. Сол сияқты кенет тоқтап қалған жүрегін электр тоғымен ұру арқылы іске қосатын дефибрилляторлар, электр сорғыштар, жасанды жөтелтетін аппараттар, тыныс жолдарын қарап тазалайтын бронхоскоптар, кардиостимуляторлар, ингаляторлар және басқа да приборлар болады. Бөлімшеде артерия мен венасына (венесекция, артериосекция), кеңірдекке (тахеостомия), плевра қуысына (торокотомия), және жұлын миына пункция жасауға арналған зарарсызданған құрал-саймандар болуы шарт. Жоғарғы қысыммен берілетін оттегімен емдейтін (гипербариялық оксигенация), “жасанды бүйрек”, гнотобиологичлық камера тәрізді медицинаның осы заманғы үздік аппараттары болса өте пайдалы.
Мониторлардың бір қасиеті науқас жүрегінің жұмысын ЭКГ арқылы, оның тамыр соғысын, артерия және вена қан қысымдарын, тыныс алуын ми жұмысын электроэнцефалограф арқылы, дене қызуын және басқа толып жатқан көрсеткіштерін экраннан үнемі бақылап, қажет бола қалса тиісті шаралар қолдануға мүмкіндік туғызады.
Қайта жандандыру және қарқынды емдеу бөлімшесіндегі іс-қағаздарын дұрыс толтыруға әсіресе сырқаттың жеке басына арналған бақылау парағын мұқият жазуға өте қатты көңіл бөледі. Мейірбике дәрігердің белгілеп берген емдерін мұқият орындап шыққан соң емнің жасалған уақытын дәл көрсетіп бақылау парағына да жазып қояды. Сырқаттың тамыр соғысы, тыныс алуы, дене қызуы, қан қысымы, бөлінген несебі, үлкен дәреті тәрізді физиологиялық көрсеткіштерін әр сағат сайын бақылау парағына белгілеп отырған дұрыс. Егер сырқат құсығында (қан, запыран, нәжіс араласып) өзгерістер болса немесе терісі қызарып, көгеріп, бозарып, ағарып, кенеттен ес-түсінен тану және сандырақтау сияқты ауытқулар мен асқынулар нышандары біліне бастаса, сол сәтті дәл көрсетіп жазу керек. Әр күнге жаңа бақылау парағын арнап, ескісін сырқаттың ауру тарихына желімдеп қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |