Зембілмен тасымалдау
Медицина қызметкерлері зембілмен тасымалдағанда мына ережелерді сақтауы керек.
1. Науқасты көтеріп салғанда бір қалыппен және бір кезде көлденең
ұстап жатқызып салады.
Тасушылар зембілді шайқалтпай, тербелітпей, бұрылыстарда ақырын
бұрылып, аяқтарын бірдей алып жүрулері керек.
Баспалдақпен көтерілгенде аяқ жағын көтеріп және тегістікте зембілдің бас жағымен алға жүреді, ал баспалдақпен төмен түскенде аяқ жағымен алға және аяқ жағын көтеріп жүреді.
4. Арт жағында келе жатқан медицина қызметкері науқастың жағдайын
бақылайды.
5. Егер тасушылардың біреуі шаршаса, ол жөнінде міндетті түрде айтуы
керек.
6. Зембілге науқасты салғанда немесе төсекке ауыстырғанда үш
адамның болғаны дұрыс.
Каталкамен тасымалдау
Ауыр науқастарды каталкамен тасымалдау – ең ыңғайлы және сенімді болып есептеледі. Науқастың астына жайма жайып, үстін көрпемен жабады.
1. Каталканың бас жағын науқастың аяқ жағына тік бұрышпен қояды.
2. Үш медицина қызметкері бір жақтан келіп, қолдарын біреуі науқастың
басы мен жауырының астына, екіншісі белі мен санының жоғарғы
жағына, үшіншісі санның орта бөлігі мен балтырдың астына салады.
3. Үшеуі бір уақытта науқасты көтеріп, каталкаға қарай 900 бұрылады.
4. Науқасты каталкаға жатқызып, үстін жабады.
5. Палатаға келген соң каталканың бас жағын кереуеттің аяқ жағына
жақындатып қойып, науқасты көтеріп, әзірленген кереуетке жатқызады,
үстін жабады.
6. Каталканы зарарсыздандырады.
7. Медицина қызметкерлері қолдарын жуып, құрғатады.
Кресло - каталкамен тасымалдау
1. Кресло-каталкадағы аяқ қоятын тіреуішті еденге тигенше еңкейтеді.
2. Науқастан аяқ тіреуішке аяғын салуын сұрап, содан кейін оны қолтықтап
кресло-каталкаға отырғызады.
3. Кресло – каталканың артындағы рамкасын реттеп, науқасты жартылай
отырғызатын немесе жатқызатын қалыпқа келтіреді.
4. Науқасты алып жүргенде шынтақ қойғыштың шетінен оның қолдарының
шығып кетпеуін қадағалайды.
5. Науқастың кереуетке отырып жатуына көмектеседі.
6. Кресло-каталканы зарарсыздандырады.
7. Медицина қызметкері қолын жуып, құрғатады.
Науқас ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалуына байланысты оның жататын орнының ыңғайлы әрі таза болуының маңызы зор. Емдеу мекемелерінде науқастарға арналған қарапайым және функционалды кереуеттер қолданылады. Қарапайым кереуетте жартылай отыру қалпын, пациенттің басын бірнеше жастықтар қою арқылы көтеріп жасауға болады. Функционалды кереуеттер үш қозғалмалы бөлімнен тұрады. Кереуеттің тұтқаларының көмегі арқылы олардың бас және аяқ жағын көтеріп немесе төмен түсіруге болады. Жартылай отырғызу үшін бас жағын көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: |