1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы


науқастың төсегін, іш киімдерін ауыстыру; теріні күту және ойылудың алдын алу; ойылуды емдеу; ауызды, құлақты, көзді, мұрынды күту



бет89/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция

науқастың төсегін, іш киімдерін ауыстыру; теріні күту және ойылудың алдын алу; ойылуды емдеу; ауызды, құлақты, көзді, мұрынды күту.
Ауыр халдегі науқастың астын жуып шаю
Жуып шаюға қажетті ыдысты (25-ЗО°С жылы су құйылған Эсмарх кружкасын немесе баска ыдысты). домалақтанған мақталарды, дәрет ыдысын, клленка, шымылдық, қолғап, корнцанг дайындау.
Іс-әрекеттің реті:
1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, колғап киіңіз.
2. Науқасқа іс-шараның жүргізілу ретін түсіндіріңіз.
3. Шымылдық құрыңыз.
4. Науқастың астына клеенка төсеп, дәрет ыдысын қойыңыз.
5. Дайындалған қажетті заттарды науқастын төсегінің жанына әкеліңіз.
6. Жыныс мүшелерін жалаңаштаңыз.
7. Жыныс мүшесінің басын ашыңыз.
8. Жыныс мүшесінің басын ұш жағын абайлап тарта отырып жуыңыз.
9. Жыныс мүшесінің басын уретра тесігінен сыртқа карай бағыттап айналдыра отырып дымқыл мақтамен жуыңыз.
10.Жыныс мүшесінің ұшын қалпына келтіріңіз.
11 .Ұманы жуу үшін науқасқа аяғының арасын ашуын өтініңіз.
12. Ұманы, оның үстіндегі тері қыртысын дымқыл мақтамен жайлап жуыңыз. Құрғатыңыз.
13. Мақтаны ауыстыра отырып, тік ішек тесігін жуыңыз. Құрғатыңыз.
14. Шап аралығын тұтас жуып, құрғатыңыз. Дәрет ыдысын алып тастаңыз.
15. Қолғапты шешіп, зарарсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
16. Науқасқа ыңғайлы жатуына көмектесіңіз.
17. Науқастың тәсегін реттеңіз.
18. Қолданылған заттарды өңдеңіз.
19. Қолдарыңызды өңдеңіз.
Төсек тартып жатқан науқастар физиологиялық шығарымдарын төсекте орындауға мәжбүр. Сондықтан дәрет ыдысы мен зәр қабылдағышты мейірбике береді.
Дәрет ыдысын беру
Төсек тартып жатқан науқастарға ішегін және қуығын (әйелдер) босату үшін дәрет ыдысын беру қажет. Қалыпты жағдайда адам үлкен дәретке тәулігіне 1 рет, ал кіші дәретке тәулігіне 5-6 рет отырады. Дәрет ыдысы резеңке, эмалданған, пластмасс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет