жаялықты жайыңыз.
6. Сол қолмен құйрықты ашып, оң қолмен жүйенің үштігін
ақырын айналдырып тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан
соң омыртқаға қатарластырып 10-15см тереңдікке енгізіңіз;
7. Жүйедегі қысқышты ашып енгізілетін ерітінді тамшыларының жиілігін
реттеңіз ( минутына 60-80 тамшы);
8. Дәріні енгізіп болғаннан соң қысқышты жауып, жүйені ақырындап
шығарып алыңыз.
9. Сырқатты ыңғайлы етіп жатқызып, үстіне көрпе жабыңыз.
10. Клеенканы 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен
сүртіңіз;
11. Қолғапты шешіп, дезерітіндіге салыңыз, қолды жуыңыз.
12. Тағайындау парағына процедураның орындалғаны және науқастың
реакциясы туралы белгілеңіз.
Клизма қойғаннан кейін құралдарды өңдеу
Ұштық, жел шығаратын түтік, асқазан зонды манипуляция жасағаннан соң залалсыздандыру алдындағы өңдеудін бірінші үш кезеңінен өтеді:
1. 0,06% деохлор ерітіндісі бар бөлек ыдыста жуады.
2. 0,06% деохлор ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды.
3. Ағынды су астында шаяды.
Залалсыздандыру алдындағы өңдеуден соң, резеңке бұйымдар автоклавқа салынады: қысым 1,1 атм, t-120°С, уақыты 45 минут.
Жел шығаратын түтікті қолдану алгоритмі
Мақсаты: ішектегі газдарды сыртқа шығару.
Көрсетпелері: метеоризм, ішек атониясы, дәрілік клизманы қойған кезде
Қарсы көрсетпелер: ішектен қан кету, тік ішектің төмен түсуі.
Жабдықталуы: стерильді жел шығаратын түтікше, стерильді астауша, вазелин майы, стерильді таңу материалы, биялай, шымылдық, халат, үлкен жаялық, дәрет ыдысы, шпатель.
Міндетті шарттар: жел шығару түтікшесі 1 сағатқа дейін қойылады.
Іс-әрекетер алгоритмі:
1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру және келісімін алу.
2. Науқастың кереуеті жанына шымылдықты қою.
Достарыңызбен бөлісу: |