54). Қазақ-ң қоғмдық-саяси өмірі. Партиялар мен қоғамдық ұйымдар.Ұлтаралық қатынастар.. Әлемдегі ең үлкен мемлекет-КСРО-ң ыдырауы ж/е оның құрамындағы респуб-ң саяси,эконом-қ ж/е мәдени бөлінуі көптеген қиыншылықтар туғызды. 1993 ж Президент Н.Ә.Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойып, Қаз-н ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды.1992 ж қырқүйек қазан Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті.Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарына үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан мен Ресейден келушілер көп болды.Барлық қатысушылар-800 адам. Құрылтайда Қаз-н Жоғарғы кеңесінің 1992 ж 26 маусымда қабылдаған «Көшіп келу тур.» Заң негізінде қандастарымызды елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.Қазақ-ң егемендік алуы,КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялық өрістеуіне жол ашты. 1993 ж соңы 4 саяси партия тіркелді- Қаз-ң социалистік партиясы,ҚР-қ партиясы,Қаз-ң халық конгресі партиясы,Қаз-ң коммунисттік партиясы.1995 ж басы «Қаз-ң аграрлық партиясы» құрылды.1995 ж жаз «Қаз-ң демократиялық партиясы» құрылды.1998 ж қараша «Ақ жол» партиясы құрылды.Жетекшісі-Н.Оразалин.1999 ж қаңтар «Отан» партиясы құрылды.Төрағасы –Терещенко.2000 ж қарша «Қаз-ң демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестік құрылды.2000 ж респуб-ғы ресми тіркелген партиялар саны-15.Елімізде саяси партия-ң ж/е партиялық жүйелердің орнығуына,тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді.Бұл жағдай респуб-ң өркендеуіне,қоғамның демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, эконом-ң ж/е халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті. Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.Төрағаның бірінші орынбасары – Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.«Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар.Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.
55) Жастар саясаты. Жастар — келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның — дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет.Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа,интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «кез-келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады »,-деген болатын.Сондықтан жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.[1]Қазақстан Республикасының Президентінің №73 жарлығымен 2009 жылдың 28-ші тамызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» туралы концепциясы бекітіліп бүгінгі күнге дейін жастар мәселесін шешетін негізгі құжат болып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен осы концепцияны жүзеге асыруда 2010-2012 жылдарға «Қазақстан жастары» атты нақты бағдарлама қабылданды. Басым бағыттарға ең бірінші азаматтылық пен патриотизмді дамытуға, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін жоғарылатуға көп орын берілген. [2]«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» акциясын жүзеге асыру аясында «Әрбір студент – туған ауылына» атты акция өткізді. Акцияға 145 жоғары оқу орнының 30 500 студенті қатысты. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларда «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске-асыру мақсатымен үлкен жұмыс жасалады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 29 мамырдағы №76 өкімімен ауыл жастарының дамуына жағдай жасау және қолдау мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасының іске асуына бағытталған қаржының жалпы көлемі - 10 млрд. 738 млн. теңге, соның ішінде 2009 жылға – 2 млрд. 806 млн. теңге, 2010 жылға – 3 млрд. 379 млн. теңге, 2011 жылға – 4 млрд. 552 млн. теңге.Ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақысын беру қарастырылған.2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын және ауылға жас мамандарды тарту мақсатымен «Дипломмен – ауылға!» жоба бойынша кең іс-шаралар жүргізіледі.[1]Бүгінгі таңда Елбасының қолдауымен мемлекеттік жастар саясаты концепциясы бекітіліп, барлық облыстарда жастар саясаты бағдарламасы қабылданып, үкіметте және жергілікті басқару органдарының ішінен жастар ісі бөлімі ашылып, жұмыс істеуде. Мәселен, осындай бағытта бекітілген «Қазақстан жастары –2009» бағдарламасы жеті бағытты қамтыған:
- жастардың еркіндігі мен құқығын қорғау;
- жас азаматтардың жан-жақты білімі мен тәрбиесі;
- әлеуметтік-экономикалық қолдау мен қамтамасыз ету;
- жастардың денсаулығын қорғау;
- жастардың адамгершілік-мәдени және рухани қалыптасуы;
56) ҚР конфессиялық саясаты және қарым-қатынас
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы - 40 -тан астам конфессия мен деноминация өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және келісімде өмір сүре алатындығының бірден бір мысалы.Қазақстан тарихи тұрғыдан Шығыс пен Батыстың түрлі дін, мәдениет және өркениеттер кездесуі мен келіссөзінің қиылысқан жері болды.Қазақтардың мәдени - этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың жақсы негізі болып табылады. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан барлық мұсылман, православиеліктер, католиктер, протестанттар, иудейлердің дін уағыздау еркіндігін қамтамасыз етті. Діни институттардың елеулі сандық және сапалық дамуы басталды. Бүгінгі күні діни қоғамдастықтар саны 4173, ал 1990 жылы олардың саны небәрі 670 болатын.Ислам бірлестіктерінің саны 46-дан 2441-ге дейін өсті. Орыс Православие Шіркеуінің саны бес есе артты (62-ден 293-ке дейін). Рим-Католик Шіркеуінің бірлестіктер саны (42-ден 86-ға дейін, Евангелиелік христиан - баптистер қоғамдастықтары (168-ден 362-ге дейін), Жетінші күн адвентистері (36-дан 66-ға дейін) екі есе өсті. Иегова Куәлары бірлестіктерінің саны 27-ден 78-ге дейін, ал жаңа бағыттағы протестанттық бірлестіктер 13-тен 540-қа жетті.Діни бірлестіктер өз иеліктерінде 3129 табыну құрылымына ие, олардың 2229-ы мұсылман мешіттері, 258 - православие және 93 - католик шіркеулері, 6 - синагога және бес жүзден астам протестант шіркеуі мен намаз оқу үйлері.Қазіргі уақытта Республикада 384 миссионер жұмыс істейді, олардың 20-нан астамы шет елдерден, ал 1990 жылы олардың саны 12 адам болатын.Діни бірлестіктермен 38 кезеңдік баспа басылымдары шығарылады.Құрбан айт пен Рождество Христово сияқты діни мейрамдар Қазақстанда демалыс күндері деп жарияланған.Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада 2003 жылы және 2006 жылдары әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екі съезі өтті. Бұл форумдар елдің сыртқы саяси бағдарының дұрыстығын көрсетіп қана қоймай, конфессияаралық ынтымақтастықтың бірегей қазақстандық үлгісінің тиімділігінің куәсі болды.Конфессиялар арасында өзара қарым қатынасты нығайтудағы келесі бір қадам және Қазақстанның өркениеттердің жаһандық келіссөзіне үлесі 2009 жылы Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің үшінші съезі болады.Қазақстанда құрылған мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынас үлгісі діндарлардың құқығы мен еркіндігін құрметтеудің демократтық қағидаттарына, қоғамдық және діни мүдделердің теңгеріміне,серіктестік пен өзара түсіністікке ұмтылу қатынастарына негізделген. Бұл Елбасы Н. Назарбаевтың мақсатты саясатының қорытындысы.Діндарлар құқығы саласында міндеттемелер тұрғысынан Қазақстан ОБСЕ - нің Демократтық институттар мен адам құқығы бюросымен (БДИПЧ) тиімді өзара әрекет етеді.Алматы қаласындағы ОБСЕ Орталығымен тығыз ынтымақтастық елде барлық азаматтардың діни және этникалық тиістілікке қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндік теңдігіне бағытталған нормативтік - құқықтық азаны құруға көмектесті.Діни сенім еркіндігі мен діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1992 жылы қабылданды және діни сала мен мемлекеттік - конфессионалдық қатынастарда туындайтын түрлі проблемаларға қарамастан елеулі өзгерістерге түсе қойған жоқ.Қазіргі уақытта Парламентте бірқатар депутаттармен осы жылғы көктемде бастама алған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім еркіндігі мен діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау аяқталды. Заң жобасы 2008 жылғы 26 қарашада Елбасына қол қоюға жіберілді.
Осы заң жобасының адам құқығын қорғаудың халықаралық стандарты шегінде және әлемдік тәжірибені есепке алып діни салаларды реттеу мәселелерін ретке келтіруге бағытталғандығы заңды.
57. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі: мақсаты, әдістері, нәтижесі. Қазақстанда шаруашылықтың әкімшілік командалық жүйелерінен нарықтық жүйеге өтуді іске асыруда.Өтпелі кезеңнің 3 кезеңі бөліп көрсетіледі.1кезең . Дағдарыстың даму кезеңі, өндірісітің жалпы құлдырауы, жоғары инфляция,инвестициялық белсенділіктің төмендеуімен сипатталады.2кезең.макро-экономикалық тұрақтандыру. Жалпы құлдырау құрылымдық дағдарыстан өтеді. 3кезең.Экономикалық өсудің жандану кезеңі ,төмен инфляция іскерлік белсенділіктің артуы.Материалдық өндіріс көрсеткішінің өсуі ,дамуымен сипатталады.Тәуелсіздік жылдарындағы Қ.Р.-дағы жүиелік-экономикалық өзгерістерді бірнеше кезеңдерге біріктіруге болады. 1.1992-1993 жылдағы қарашасына дейінгі өз валютасын жоқ жағдайындағы экономикалық қатынастарды түбегейлі өзгерту басталған кезеңді қамтиды.Осы кезеңде республика экономикасы көп жағдайда Ресейде қабылданған шешімдерге тәуелді болып , Қазақстан макро экономикалық саясатқа әсер ету тетігі болмады. 2.1993 қараша ұлттық валютаны енгізу,макро-экономикалық саясатын қалыптастырумен байланысты.Ол салық салу облысында бюджеттік ,банктік сферадағы қатынастарды, соның ішінде шетелдік капиталды тарту,кеден ісін құрумен 2 кезеңнің басты нәтижесі жаңа экономикалық жағдай болды.3. 1997-2000.негізгі макро –экономикалық көрсеткіштің жағымды динамикасының салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталады. Мемлекет ең алдымен орта таптың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр.Село –таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беру және әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөлу, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады. Қазақстан-өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық ел.Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді. Қазақс-ң салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.
58. Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағыжұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдікнарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.
59. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі әлеуметтік реформалары мен әлеуметтік дамуы.
Қазақстан мемлекетінің қазіргі таңдағы негізгі саяси ұстандарының бірі - республиканың әрбір азаматы үшін өмір сүру деңгейінің жоғарғы сапалық үлгісін қамтамасыз ету екендігі ел Президентінің 2008 жылдың 6 ақпанындағы Жолдауында баса айтылды.Аталынған құжатта қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайы мен қоғамның барлық таптары мен әлеуметтік топтарының әл-ауқаты әрқашанда мемлекеттік саясаттың негізгі жоспары ретінде қаралатындығы баяндалған.Қазақстан өз алдына адамзат өркендеуінің европалық деңгейіне жету секілді кеудемсоқ мақсат қойып отыр.Бұл жағдайда әр қазақстандыққа жаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші 13 мың долларды құрап, жоғарғы сапалы және қол жетімді денсаулық сақтау жүйесі дамыту ман қатар жалпыға бірдей сапалы білім беру қалыптасады.Сонымен қатар,әлеуметтік жеңілдіктер кеңінен пайдаланылып, ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік алшақтылық азаяды.
Бұл мақсаттарға жетіп, оны жүзеге асыруға Қазақстанның барлық мүмкіндігі бар.Саралай қарар болсақ,дұрыс таңдап алынған экономикалық саясаттың арқасында Қазақстандағы әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштердің қарқынды дамуы байқалып отыр. Өткен жылғы жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2001 жылмен салыстырғанда 4 есеге көбейіп жан басына шаққанда 6600 АҚШ долларын құрады.Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайын бағалай келіп, Әлемдік банк елімізді кірісі ортадан жоғарғы елдер қатарына қосатынын мәлімдеген
Қазақстанда қазiргі уақытта қолданылып жүрген әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесi мемлекеттің басым қатысуымен сипатталады. Зейнеткерлерді, мүгедектердi, асыраушысынан айрылған адамдарды және халықтың өзге де санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады.
Бұл халықтың табысының едәуiр көбеюiне мүмкiндiк бердi, оны мынадай индикаторлардың өсуiнен көруге болады
Маңызды әлеуметтiк игіліктердiң жалпыға бiрдей қол жетiмділігін және қоғамдық жағынан қолайлы сапасын қамтамасыз ету мақсатында реформалау барысында мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтік стандарттар: ең төмен күнкөріс деңгейi, жалақы мен зейнетақының ең төменгi мөлшерi, еңбек жағдайларының стандарттары мен еңбекақы төлеу, әлеуметтiк қызметтерді ұсыну нормативтері және т.б. белгiлендi және қазiргі уақытта пайдаланылып жүр.
Әлеуметтiк қамсыздандыруда зейнетақы жүйесi ерекше орын алады. Елде реформалау нәтижесiнде аралас зейнетақы жүйесі құрылды. Зейнетақы жүйесін жаңалаудың тағы бір қыры - жинақталған зейнетақысы адамға жылына бір рет емес, ай сайын төленетін болады. Алайда, бұл жаңалық қашан енгізілетінін білмейміз.
Осы түсіндірмені құрастыруға көмек көрсеткені үшін Батыс Қазақстан облысындағы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың директоры Асқар Қожымовқа алғыс айтамыз.
60. 1999 жылы туудың ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы ең төменгi коэффициентi байқалды, туу 1000 адамға 14,0-ден келдi, бұл республикада туудың ең биiк шыңы белгiленген 1987 жылғы деңгейдiң 54,5 пайызын құрайтын болды.
1999 жылы халықтың табиғи өсуiнiң коэффициентi төмендедi және 1000 адамға 4,3 болып ең төменгi шегiне жеттi.
1999 жылы, өлiмнiң азаюына қарамастан, оның деңгейi жоғары күйiнде қалды. Өлiм коэффициентi 1990 жылғы деңгейден 22,8 пайызға жоғары, 1000 адамға 9,7 болды.
Халық өмiрiнiң орташа ұзақтығы қысқарып барады. Оның деңгейi 1998 жылы 64,4 жасты, ал ер адамдарда небары 59 жасты құрады. Халықтың этникалық құрылымындағы өзгерiстерге репатрианттардың (оралмандардың) қоныс аударуы және басқа ұлттардың өздерiнiң тарихи отанына көшiп кетуi себеп болды.
Тұтас алғанда халық санының төмендеуi табиғи өсiмнiң төмендеуiнен және халық көшi-қонының терiс сальдосынан болып отыр. Жалпы көші-қон адамзаттың маңызды мәселелерінің бірі болып табылады және әлеуметтік-экономикалық өмірдің көп жақтарына әсер ететін күрделі үрдіс ретінде қарастырылады. Көші-қон үрдістері адамзат тарихында маңызды роль атқарды, онымен шаруашылық жерді игеру, қоныс аударушылық, білім мен өндіруші күштерді даму тығыз байланысты. Оның әр түрлі аспектілері бар: сипаты, салдарлары және құрылымдары. Сонымен қатар, ол әр түрлі ғылымдарды зерттейді: демография, экономика, география, статистика, этнография, әлеуметтану және басқалар. Көші-қон саясатын қарастыру келесі жағдайлар бойынша көкейкесті болып отыр. Соңғы жырмажылдықта посткеңестік кеңістіктің саяси және әлеуметтік жағдайына әсер еткен қоғамдық өзгерістердің салдарынан миллиондаған адамдар шет елдерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Күн сайын этносаяси және этноәлеуметтік сипатқа ие болып келе жатқан көші-қон саясаты егеменді елдердің жүргізген саясатына ғана емес, сондай-ақ, басқа территорияға қоныс аударған халықтың жеке бастық сипатын да өзгертеді.
61) ҚР ұлтаралық қатынастар. Қазақстан қазір өзіндік саяси және экономикалық жүйесі бар, көптеген әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жағдайдағы сол жылдардың маңызды жетістігі – Қазақстан республикасы өзін бүкіл әлемге егеменді ел ретінде мойындатып, қазақ ұлтын, сондай-ақ, көпұлтты мемлекетімізді халықаралық деңгейдегі танытып бере алды. Мұнда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады.
Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастырыу қай елде болмасын, сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулығынсыз мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде 3000-ға жуық ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп отыр. Олар екі жүзден астам мемлекетке біріккен. Әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі бірыңғай бірұлтты емес, көп ұлтты. Әлемнің аймақтарының халқы барған сайын этностық құрамы, мәдениеті мен өмір салты бойынша әркелкілене (әр түрлі бола түсуде) түсуде. Бұл шаруашылық пен қоғамдық өмірдің интернационалданрылуының, халықаралық және ішкі мемлекеттік көші-қонның өсуі мен некенің санының артуының нәтижесі. Бұл заңды процесс болып табылғанымен, өкінішке орай көп жағдайда ұлтаралық шиеліністің күшеюіне, кейде тіпті қан-төгіске әкеленетін ашық дау-жанжалдарға да алып келіп ұрындыруда. Соған байланысты, ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр[15].
«Біздің ортақ отанымыз – Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр», — деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай бүгінде мемлекетімізде ұлттар достығы берік сақталып отыр. Еліміздің ұлттық құрамына тоқталсақ, Қазақстанда 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады. 2006 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 11008,0 мың адамды, орыстар — 2962,1 мың, украиндар — 444,7 мың, өзбектер — 433,5 мың, ұйғырлар — 231,4 мың, татарлар — 229,1 мың, немістер — 222,5 мың адамды құрады. Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар — 58,9% және орыстар — 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі болып табылады. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7 мың адамға, немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер — 4,6 мың, немесе 1,1%-ға, ұйғырлар — 1,6 мың, немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың адамға, немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар — 4,1 мың, немесе 0,9%-ға, татарлар — 0,5 мың, немесе 0,3%-ға және алмандар — 0,2 мың, немесе 0,1%-ға азайды.
2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең болды, ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын[16].
Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
Діні Қазақстан жұртында 75% мұсылмандар (этникалық мұсылмандармен қоса алғанда), 25 % христиандар. Елде дінге шек қоймаған. Бірақ діни еркіндікті шектейтін кейбір заңдар бар. Халқының негізгі бөлігі мұсылмандар болса да, ҚР зайырлы мемлекет.
Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі – тіл жағдайы. Кез келген хылықтың тілі – оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтауының негізгі болып табылады. Соған сәйкес біздің елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеу
62) Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие.Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр.Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті.Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |