1Инфраорбиталды анестезия



Дата03.06.2022
өлшемі19 Kb.
#145812
Байланысты:
1Инфраорбиталды
трепанация, 6-лекция

1Инфраорбиталды анестезия
Көзасты-инфраорбиталды жансыздандыру. Нысана- көзасты тесігі, көз шарасының төменгі қырынан 0,5-0,75 см-дей төмен жүргізілген сызық пен 2-ші жоғарғы кіші азулар мен иек тесігі арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында немесе тік алға қарап тұрған көз қарашығы арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында орналасқан. Іс кезінде көз шарасының төменгі қырындағы жоғарғы жақ пен бет сүйегінің бірігуінен пайда болған бұдырдан 0,5-0,75 см төмен алады. Өзек алға, ішке төмен қарай бағытталған. Олардың жалғасы орта күрек тістердің арасындағы қызыл иектен сәл жоғарылау жерде қиылысқан болар еді.
Ішкі тәсіл- көзасты тесігінің проекциясын анықтаған соң сол қолдың сұқ саусағымен жұмсақ тіндерді сүйекке баса ұстап, бас бармақпен жоғарғы ерінді жоғары, сыртқа қарай ысырады. Бұл кезде ауыз жабық болады. Инені орта және шеткі күрек тістер аралығынан өтпелі қатпарға шаншиды. Көзасты тесігіне бағытталған инені сүйекке тигенге дейін бойлатып, біраз анестетик жібереді. Енді инені әрі қарай жылжытқанда ауырмайтын болады. Ине суқ саусақ тұсына жеткен кезде, оны жайлап жылжытып көзасты тесігін табады. Инені өзекке кіргізбей-ақ тесіктің алдында 0,5-0,75 мл-дей анестетик жібереді. Инені өзекке кіргізіп әрі қарай жылжытып жансыздандырғыш дәрі жіберу көзасты нервісінің жарақаттануына әкеліп соғады.
Орта, алдыңғы тіс өрімдерінің анестезиясы 5-7 минуттан кейін пайда болады.
Сыртқы әдіс- Жоғарғы күрек тістердің тұсындағы тіс ұяшық-альвеола өсіндісінде қабыну кезеңі-процессі болса, сыртқы тәсілді қолдануға болады. Сұқ саусақпен көзасты тесігін белгілеп ұстап жіңішке инені сол жерден 0,5 см-дей төмен және ішке таман теріге шаншиды. Ине жоғары, арт, сырт бағытта болып, көзасты тесігіне барып кіреді.
Жансыздандыру аймағы- жоғарғы алдыңғы альвеола жүйкелері мен көзасты жүйкесінің соңғы бұтақларына дейін, күрек, сүйір тістер, тіс ұяшық-альвеолды өсінді мен кілегей қабықтың босаға тұсы, төменгі қабақ пен жоғарғы жақтың алдыңғы және бүйір тұсы, көзасты тіндері, мұрынның бір беткейі мен жоғарғы ерін, жансыздандыратын дәрі-анестетик тереңдеп сіңіп кеткен жағдайда орта тіс ұяшығы-альвеоляр өрімге де әсер етіп кіші шайнау тістері мен оны қоршаған тін де жансызданады
.: Тістің жаруы әдеттегі физиологиялық процестерге жатады. Олар белгілі уакытында, адамға білінбей, ешқандай ауыру сезімінсіз шығады. Бірақ кейбір тістер нактылы шығатын уакытынан кейінгі шыкканда оның маңайындағы тіндер қабынады. Тістің кедергімен кеш жаруы өз алдына мынадай топқа бөлінеді.
Дистопия — дурыс қалыптасқан тістің тіс қатпарынан шығуы. Кейде ұртқа қарай не тілге қарай жантая шығады. Кейбір тістер мұрынның ішінен не гаймор қуысына немесе көзге қарай шығуы мүмкін. Бұндай жағдайда тістің жаруы кешігіп, сол маңай тіндері зақымданып, қабынуы мүмікн. Онда тісті суырып алып істеу керек.
Ретенция — дұрыс қалыптасқан тістің шығуы әртурлі дертімен баяулап ұсталып қалуы. Егер тіс жартылай шықса, он шала ретенция, ал тіс мулде шыға алмай қалса, онда толық ретенция деп аталады.
Кейде көп уақыттан кейін адамның бар тістері түсіп, алынбалы тіс протезін пайдаланған кезінде ғана бұрын уақытында шығып қалған тістң жарғанын байқауға болады. Турақты тістердің ұрықтану процесінің бұзылғанынан олар мулде жарып шықпас онда толық адентия деп атайды.
а) Зат алмасу процесінің — ішкі секреция бездерінің гормондарды реттеу жұмысыньң нашарлағаны не витаминдердің жеткіліксіздігі, инфекциялық аурудың әсері т. б. жағдайларЖақ-бет аймағында кездесетін жарақаттарға дұрыс диагноз қою, адекватты ем қолдану, реабилитация жасау және асқынуларының алдын алу үшін осы аймақтың (жарақаттануына байланысты) анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін дәрігер-стоматолог өте жақсы білуі қажет. Олар:
3. Жақ-бет аймағы ең бірінші көзге көрінетін жер болғандықтан адам өмірінде үлкен эстетикалық орын алады. Психиатор ғалымдардың зерттеулері бойынша жақ-бет аймағында ақаулары мен деформациялары бар науқастардың 65%—85%-нің психикасы бұзылады.
2. Бұл аймақта 18 ымдау (мимикалық) еттері орналасады. Бұлшықеттер арқылы адам өзінің ымдау (эластомимика) қабілетін іске асырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет