127. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері.
Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндегенЕлбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаштұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. «Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
128. Тәуелсіздік жағдайында тарихи сананы жаңғыртудың кезеңдері
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында бүкілқазақстандық бірегейлікті халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналдыруды жаңа патриотизмнің алғышарты ретінде айрықша атап өтіп, «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» деген болатын. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – сол ауқымды жұмыстың логикалық жалғасы әрі оған серпіліс беретін тарихи құжат.
Ұлы даламыздан бастау алған: атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, аң стилі – тұрмысымыздың сапалы да ауқатты болғаны; алтын адамның табылуы, түркі әлемінің бесігі саналуы, Ұлы Жібек жолының кесіп өтуі – мәдениетке бай болғандығы; алма мен қызғалдақтың Отаны болып есептелуі – жеріміздің киелілігінің белгісі.
«Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының тарихи орнын айқындау ұлттық тарихымызды зерделеуден басталады. Шыр айналған дүниеде, тарих толқынында көпэтникалық қазақ халқының орны қайда? Оның әлемдік өркениетке қосқан үлесі қандай? деген сұрақтарға мақаладан толық жауап алуға болады.
Елбасы ұлттық тарихымызды жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеу үшін тарихи сананы жаңғырту қажеттігін басты мақсат-мұрат етіп қойды. Оны бастау үшін «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» сияқты іргелі алты жобаны ойлы негіздермен жүзеге асыру міндетін күн тәртібіне қойып отыр. Бұл жобалардың әрқайсысы ұлттық тарихымызды түгендеп, тарихи сананы жаңғырту ісіне елеулі үлес қосары анық.
Оларды іске асыруда еліміздің тарихшылары, әдебиеттанушылары, мәдениеттанушылары үшін ауқымды да, жауапты жұмыстар басталып отыр. Мұндағы мақсат айқын, ол – еліміздің төл тарихын білу арқылы тарихи сананы қалыптастыру. Ал тарихи сана арқылы ұлттық сана өсіп жетіледі, ұлттық санамыз биік деңгейге көтерілсе, егемендігіміз тұғырлы болатыны анық.
Достарыңызбен бөлісу: |