1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Ұлттық Құрылтайды құру және оның мақсат, міндеті.\



бет106/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

124. Ұлттық Құрылтайды құру және оның мақсат, міндеті.\
16 маусым күні ел тарихында тұңғыш рет ұлт ордасы – Ұлытауда елдің елеулі азаматтарының басын қосқан Ұлттық құрылтай өткені белгілі. Осы орайда Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай құрылтайдың мақсаты мен міндетіне тоқталды.
Құрылтай – ата-бабамыздан келе жатқан аса маңызды шешім қабылдайтын ұлық жиын. Ол – дала демократиясының жарқын көрінісі. Біз ата-баба аманатын арқалап, жолын жалғап, көне дәстүрді жаңғырттық. Арада ғасырлар өтсе де, мақсатымыз ортақ – бірлікті бекем етіп, алқалы жиында ұлтымыздың болашағын айқындайтын шешімдер қабылдау, - деді ол.
Өз кезегінде «Егемен Қазақстан» АҚ Басқармасының төрағасы, «AMANAT» партиясы Саяси бюросының мүшесі Дархан Қыдырәлі құрылтайды ашық қоғамның тағы бір көрінісі деп бағалап, оның өзге кеңесу алаңдарынан айырмашылығын кеңінен тарқатып айтты.
Жаңа Қазақстанның міндеті – ашық азаматтық қоғам құру, әділетті мемлекет орнату, демократиялық үдерістерді жүргізу. Ал құрылтай ашық азаматтық қоғамды дамытуға үлкен үлес қосады. Мұндағы айтылған пікірлердің барлығы елдің мұң-мұқтажын, халықтың тілегін жеткізуі тиіс. Құрылтай – бұл халықтық құрылым. Сондықтан оны ашық қоғамның тағы бір көрінісі деп айтуға болады. Бізде Парламент, Мәжіліс, Сенат, Ассамблея және басқа да мінберлер бар. Бірақ құрылтай халық өкілдерінің арасынан жиналғандықтан, халықтың сөзін айтатын биік мінбер болады деп сенеміз, - деді Дархан Қыдырәлі.
Ұлттық құрылтайдың құрамында этнолог, географ, философ, жаратылыстанушылар болуы керек деп есептейді филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов.
Ұлытауда өткен құрылтайға халықтың сөзін сөйлейтін мемлекет және ұлт қайраткерлері өте жақсы іріктеліп алынған. Болашақта орын алады деп болжанып отырған су, азық-түлік тапшылығы, жер мәселелерін ескере отырып, ендігі құрылтайдың құрамына мамандарды енгізу керек. Ел тыныштығы, территориямыздың тұтастығы, халқымыздың әл-ауқаты сынды өте өзекті мәселелердің шешілуіне құрылтай себепкер болуы тиіс, - деді ғалым.
Алғашқы құрылтайға 117 адам іріктеліп алынғаны белгілі. Дегенмен, бұл тізім ауысып тұрады. Белсенді, халық үшін, елдегі ортақ мәселелерді шешу үшін үлес қосамын деген кез келген қазақстандық азаматтың болашақта осы кеңеске қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, Ұлттық құрылтай Төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай айтты.
Оның айтуынша, қазір «Құрылтай» деп аталатын арнайы мобильді қосымша жасалып жатыр. Ол күзде іске қосылады. Мобильді қосымша арқылы кез келген азамат өз ұсынысын құрылтайға жолдай алады.
Құрылтайдың Ұлттық кеңестен артықшылығы мұнда аймақтардағы кеңестердің өкілдері қатысады. Жергілікті жерлердегі мәселелер де тыс қалмауы үшін арнайы телевизиялық жоба қолға алынады. Ол – «Хабар» және «Qazaqstan» телеарналарының ұйымдастыруымен өтетін үлкен бағдарлама. Яғни, Ұлттық құрылтай мәселелерді жылына бір рет болатын жиында талқылап қоймай, үздіксіз жұмыс істейтін үлкен алаң болады, - деді Б.Жексенбай.
Өз кезегінде «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли телеарнада «Ұлттық құрылтай» деп аталатын арнайы телемарафон және Мемлекет басшысы айтқан еңбек адамына құрметті насихаттау үшін арнайы жобалар дайындалып жатқанын жеткізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет