1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Қазақ қоғамында батырлар мен билер ықпалының өсуі



бет40/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

42. Қазақ қоғамында батырлар мен билер ықпалының өсуі
Билер кеңесi хан бұйрығыменен жиналып, ең күрделi саяси және заңды мәселелердi кеңестiк құзырда шештi. ХҮ-ХҮI ғасырларда бұл органның рөлi оншалықты болған жоқ. Оның құрамына беделдi билер мен қауымдастықтардың өкiлдерi кiрдi. Ол билердiң бiрi хан кеңесшiсi болды. Жалпы, сот құрметтi де жасы келген бiр биден тұрып, ол өзiнiң айналасына алтыға дейiн тұратын билер тобын құрайтын. Онда биге төраға ретiнде ерекше билiк берiлетiн. Егер соттардың бiрiне арызданушы немесе жауап берушiлердiң бiреуiнiң күдiгi болатын болса, ол билiктен босатылады. Биге түсетiн күдiктiң ең бастыларының бiрi оның екi жақтың бiрiнен пара алып қою немесе сол екi жақтың бiреуiнiң туысқаны болып шығуы себеп болады. Би мен сот төрешiсi дау мәселесiн шешу барысында ешқандай да қаржы не төлем алмайды, ондай болған жағдайда олардың қай-қайсысы болмасын билiктен босатылады. Ал егер бидiң алдында айыпталушы не айыптаушы айқайлап жаман сөздер айтатын болса, онда олардың қай-қайсысын болмасын қамшымен дүре соқтырып, ол жат-жұрттық болса, қуып жiбередi.
Бидiң мұндай қызметi қазақ хандығының құрылуы кезеңiнен бастап, оның Ресей отарлауына түскен кезеңге дейiнгi аралықта өз күшiн жоғалтқан жоқ. Орыс жылнамаларында оны орда билерi дейдi. Олар ордадағы соттау және жаза қолдануды талап ететiн iстердiң барлығын жүргiзiп, өздерiнiң халық құқығын iске асырушы өкiл ретiндегi мiндетiн атқаратын. Оларды әскер басылары мен бай басқарушылармен еш салыстыруға болмайды. Олардың әрқайсысына бөлiнген мiндеттерi әр түрлi. Кез келген адам ордалық биге өзiнiң арыз-шағымымен бара алатын болған. Iстiң ақ-қарасын анықтау үшiн биге жан-жақты құқық берiледi. Ал хан тарапынан оған ешқандай да ерекше құқық немесе жеңiлдiк берiлмейдi. Оның барлық айырмашылығы биге халық тарапынан берiлетiн бағамен анықталып отырған. 
Сонымен бiрге хан жанындағы iс-қағаздарды жүргiзетiн кеңсе қызметкерлерi дуан деп аталды. ХҮ-ХҮI ғасырлардағы хан әкiмшiлiгi аппаратының орталығы тұрақты бiр жерден орын теппей, хан және оның ауылымен бiрге көшiп отырды. Тек Бұрындық және Қасым хан ғана аз уақыт көлемiнде Орал бойындағы Сарайшықты мемлекет орталығы еттi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет