1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары



бет39/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

41. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары.
ХVІІ ғасырдың бас кезінде қазақ елінің жағдайы ауыр еді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары, башқұрттар жан-жақтан анталап тұрды. Әсіресе, жоңғарлар қазақтар үшін аса қауіпті жау болды. Жоңғарлардың атты әскері жүз мыңға жетті. Олар сойыл, найза ұстаған қарапайым ғана жасақ емес, әскер сапын Еуропа тәртібімен құрып, соғыс тәсілін еуропаша жүргізе алатын, зеңбірегі мен білтелі мылтығы бар қарулы күшке айналған еді.
1635 жылы ойрат тайпалары бірігіп, Жоңғар хандығын құрды. Бұл хандықтың құрылуына, біріншіден, жоңғар қоғамындағы феодалдық қатынастардың дамуы әсер етсе, ал екіншіден, Батур қонтайшының жеке өзі де ерекше рөл атқарды. Бір орталыққа бағынған қуатты Жоңғар хандығының пайда болуы қазақ-жоңғар қатынасының сипатын өзгертті. Жоңғар хандығы Шығыс Түркістанды жаулап алғаннан кейін, бағытын Қазақстан мен Орталық Азияға бұрып, Сырдария өзенінің аңғары мен Жетісу өңірін басып алуға ұмтылды. Бұл уақытта Жоңғар хандығының басына Қалдан Серен келген еді.
Жоңғар хандығы сыртқы саясатта екі жүзділік көрсетті: бір жағынан, олар жүз жыл бойы Цин империясын Орталық Азияға жолатпай, өз тәуелсіздігі үшін әділ қорғаныс соғыстарын жүргізсе, екінші жағынан, өздерінің батыстағы түркі тектес көршілеріне қарсы басқыншылық саясат ұстанды. Сондықтан қазақ, өзбек, қырғыз халықтарының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі азаттық сипат алды. Ұрыстың ауыртпалығы ойрат феодалдарының шабуылына төтеп беріп отырған қазақтарға түсті. Жоңғар хандығы басшыларының ұстанған басқыншылық саясаты қазақ-жоңғар қатынастарын барынша шиеленістірді. Жойқын шайқастарда қазақтар жағы да айтарлықтай ерліктер көрсетіп, жеңіске жетіп отырды. Соның бір мысалы, Жәңгір (Салқам) хан ұйымдастырған әйгілі Орбұлақ шайқасы.
Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. Бұл соғыс 1643 жылдың жазындақазақ қолын басқарған Жәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында өтті.
Ол жайлы мәліметті алғаш айтқан – тарихшы И.Э. Фишер. Осы шайқас жайында орыс тарихшылары А.И. Левшин, И.Я. Златкин, А.П. Чулошников, Гуревич, В.А. Моисеев, қазақ ғалымдары М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров, С.Сейфуллин жазғанымен, бірақ олардың бірде-бірі ұрыс өткен жерді нақтылап айтпайды.
Тау қойнауында өткен шайқас туралы тұңғыш деректі жазып қалдырушы – Тобыл әскербасшысы Р.С. Куракин, ал оған бұл соғыс жайындағы мәліметті жеткізушілер Тобылда қызмет еткен, Ресейдің Жоңғарияға барған елшілері Г.Ильин мен К.Кучелев (Кучембердейке). Олардың 1644 жылғы хабарламасында: “Біз барғанда қонтайшы ұлысында болған жоқ… 50 мың әскермен Қазақ ордасының Жәңгір сұлтанымен, Жалаңтөспен және Алатау қырғыздарымен соғысуға кеткен екен”, – деп жазылған. Есім ханның ұлы Жәңгір (Салқам) шығыстан төнген жойқын қатерді көзімен көріп, қазақ руларын біріктіруге, басқыншыларға бірлесе тойтарыс беруге ұмтылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет