Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі, ғылыми жоба



бет1/4
Дата11.04.2023
өлшемі32,84 Kb.
#174128
  1   2   3   4
Байланысты:
ғылыми жоба қалдыгүл 2


Тақырыбы:Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі, ғылыми жоба

ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ


Тәуке хан
ІІ. Теориялық бөлім :
– Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
– Тәуке ханның тәуелсіз саясаты
-Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі жағдайы
– Тәуке хан тұсындағы сыртқы саяси жағдайы
ІV. Қорытынды

Аннотация


Жұмыстың жалпы сипаттамасы:Ұсынылып отырған жұмыста Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі жайлы баяндалған
Аннотация
Общая характеристика работы: в представленной работе изложена система управления Казахским ханством при Тауке-Хане
Annotation
General characteristics of the work: the presented work describes the management system of the Kazakh Khanate under Tauke Khan

Жұмыстың мақсаты:Тәуке ханның ел басқарудағы саясатын талдау


Ғылыми жаңалығы: Тәуке ханның Қазақ хандығындағы елді басқарудағы жеткен жетістіктерін зерттеу.

І. Кіріспе

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының тарихы –1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан қазіргі отандық ғылымда Тәуке хан тұсындағы зерттелу деңгейі. Біздің зерттеуіміздің басты Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын кеңестік кезеңдегі тәуелсіздік алысымен отандық тарих қарқын алып дами зерттеулер осы кезден бастап қанатын кеңге жайып, зерттеуіміздің мақсат-міндеттері. Біздің Тәуке ханға дейінгі Қазақ хандығының жағдайын анықтау;


Тәуке ханның билікке келісімен қолданған саясатына талдау; сыртқы саясаттағы Тәуке ханның рөлін анықтау. Сонымен қатар Отан тарихы, Қазақ тарихы, Ақиқат Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі жағдайы,Салқам Жәңгір ханның қасиетті қазасынан соңғы жылдан кейін, XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың кіші жүздің жері казіргі Батыс Қазақстан аумағында негізінде көшпелі тұрмыс салты жатқан қазақ қоғамының сарыны баяулады. Жүздердің, құрылымын кұраған барлық буындарды, олардың шыққан XVII—XVIII ғасырлар аясында қазақ қоғамында интеграциялық сарын Жәңгірұлы Тәуке хан. Қазақ хандығының Тәуке хан елі үшін сіңірген ерен еңбегі.
Тәуке ханның тәуелсіз саясаты мен Тәуке хан билікке келісімен қазақ хандығындағы ішкі, сыртқы шапқыншылықтан қорғану, бытыраңқылықты жою .Тәуке хан халық арасындағы беделді билермен кеңесе «Жеті Жарғы» бізге толық күйінде жеткен жоқ. Тәуке хан «Жеті Жарғы» заңының баптары арқылы ішкі тәртіптерді реттеп отырған.

Мәселен, кісі Сұлтан мен қожаны өлтіргендер олардың туыстарына осы «Жеті Жарғыдағы» әйелдер құқы шариғат ережелеріне сүйенеді. Мал мен мүлікті ұрлау қатаң жазаға тартылады.Өзін-өзі өлтіргендерді заң бойынша бөлек жерге жерлейді. Жеті атадан аспай үйленуге өлім жазасы кесіледі. Қорыта келгенде, Тәуке хан халық жадында күні елі үшін сіңірген ерен еңбегі жайлы баян етіледі.

ІІ. Теориялық бөлім :
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Тәуке хан – XV –XVIII ғасырлардағы қазақ хандары әулетінің өкілі, оның арғы шыққан тегі Шыңғыс ханнан, Жошы ханнан бастау алады. Біз бұған дейінгі Есім хан, Жәңгір хандардың тарихи рөліне арналған жұмыстарымызда қазақ хандарының шыққан тегі жөнінде біршама толығырақ айтып өткендіктен бұл жерде оның бәрін қайталап жатпай, тек олар туралы өте қысқаша түрде атап өтуді жөн көріп отырмыз.Тәуке ханның шығу тегін ортағасырлық жазба дерек мәліметтеріне сүйене отыра былайша көрсетуге болады: Шыңғыс хан → Жошы хан → Ордаежен → Сартақтай → Қоныша → Баян → Сасыбұқа → Ерзен → Шымтай → Орыс хан → Қойыршақ → Барақ хан → Жәнібек хан → Жәдік →Шығай хан → Есім хан → Жәңгір хан → Тәуке хан


Тарихи әдебиеттердегі материалдардың бәрі Тәуке ханды 1680 жылдан бастап хан болған деп жазады. Оның билікке қандай жолмен келгені белгісіз, ол туралы ешқандай деректе айтылмайды. Соған қарамастан ол жөнінде мынадай болжамдар айтуға болады. Егерде 1650 жылдардың басында Тәуке хан билік ету үшін өте жас болса, ал 1680 жылға таман оның жасы 40 пен 50-дің орта тұсында болатын. Бұл жас – ер адамның нағыз кемеліне келіп, ақыл-ойы толысқан, өмірлік тәжірибесі жетерліктей жас екені белгілі. Тәукенің ақылдылығы мен шешендігі, кемеңгерлігі мен данышпандығы сияқты ерекше қасиеттері оны билеуші әулет өкілдері арасында айрықша көзге түсіртеді. Сондай-ақ, бұған дейін айтып өткеніміздей, оның ата-бабаларының хан тағын үзбей иеленуі, Жәңгір ханның тікелей ұрпағы болуы, жастайынан мемлекеттік істерге араласуы – оның тақты иелену мүмкіндігін арттырады. Біздің ойымызша, 1652-1680 жылдары өзара таластар мен қырқыстардан әбден титықтап шаршаған қазақ қоғамы, қоғамның алдыңғы қатарлы тобы мен өкілдері: кейбір сұлтандар, билер мен батырлар, дін басылары және тағы басқа әлуметтік топтың өкілдері Тәуке жағында болып, оны қолдаған дейміз. Сөйтіп олар Тәукені 1680 жылы хан тағына отырғызады.
Қазақ хандығын нығайту жолындағы Тәуке ханның қызметі
Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Тәукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылына байланысты ғылыми зерттеулердегі пікірлер де әр түрлі. Жәңгір ханның ұлы және мұрагері Тәуке 1680 жылы Қазақ хандығының тағына отырды. Ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсады. Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді. Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «әз-Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М.Тевкелев 1748 жылы жазған құжатта: «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен құрметпен еске алады», – деп көрсетеді. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп еске алынады. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген. Тәуке ханның билік құрған алғашқы жылдарында оның билігін қазақтың барлық рулары мойындамаған. Сондықтан Тәуке хан бытыраңқы қазақ қоғамының басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған мемлекет құруды басты міндеті деп санады. Осы мақсатта әр түрлі әлеуметтік топтан шыққан дарынды, ақылды адамдарды мемлекетті басқару ісіне тартты. Бұған дейін мемлекетті басқару ісіне тек Шыңғыс ханның ұрпақтары мұрагерлік жолмен тартылатын еді. Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел арасында асқан ерлігімен, батырлығымен дараланған тұлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Бұл шаралар нәтижелі болды. Мемлекетті басқару ісіне де үлкен өзгерістер енгізді. Билер кеңесін құрып, оның билік ауқымын кеңейтті. Билердің әлеуметтік тегі тек ақсүйек табынан болмағанын ескерсек, қарапайым халықты мемлекетті басқару жүйесіне тарту Тәуке хан енгізген үлкен өзгеріс болды. Билер кеңесі мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатысты мәселелерді шешуде үлкен қызмет атқарды. Билер шешіміне хан қарсылық көрсетпеді, яғни мемлекеттік биліктің басым бөлігі халықтың қолында болды. Тәуке ханның тұсында «Билер кеңесінің» құрамына атақты Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Қабек, Даба, Есейхан, Жалған, Ескелді, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқым сияқты дарынды қайраткерлер енді. Билер кеңесінің билік ауқымы зор болған. Бұл органның шешімі негізінде ғана Тәуке хан мемлекеттік мәселелерді шешуге құқықты болған және билер кеңесі қабылдаған заңдар мен шешімдерді жүзеге асырып отырған. Сонымен қатар «Билер кеңесі» хандық билікті шектеу құқығына ие болған. Билер кеңесі соттық билікті де атқарған. Халықтың дәстүрлі менталитетінде билердің қоғамдағы мәртебесін анықтайтын қағидалар көп сақталған. Мысалға, «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Туғанына бұрғаны – биді құдай ұрғаны», «Таста тамыр жоқ, биде бауыр жоқ», «Тіл жүйрік емес, шын жүйрік» т.б. Бидің үкімі ру, аймақ атынан емес, тәуелсіз би атынан шығарылды. Атақты Әйтеке би ұрпақтарына мынадай өсиет қалдырды: «Менің өмірім өзгенікі, өлімім өзімдікі». Туа біткен даналық мен шешендікті иеленген билердің өмірлік тәжірибесі де мол болды. 1820 жылы орыс және европалық құқық нормаларымен жетік таныс Д. Самоквасов қазақтардың құқық жүйесін зерттей келе, қазақ билері халқының салт-дәстүрі мен өткен тарихын да жақсы білетіндігі туралы жазған. «Биі жақсының елі жақсы», «Батыр елін жауға бермейді, би елін дауға бермейді» деген нақыл сөздер қазақ билерінің дипломат қызметін атқарғанын да көрсетеді.

Атап айтсақ, халық Қазыбек биді «ағын судай әйгілі шешен» деп мақтан тұтқан. Сөйтіп, Тәуке хан ел билеуде атақты қазақ билеріне арқа сүйеп, олардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін көтерді. Билер кеңесі мерзімді түрде Сырдарияның бойында орналасқан Әңгірен, Түркістан мен Сайрам жеріне орналасқан Битөбе, Мәртөбеде шақырылған. Жыл сайын Ташкент қаласының маңындағы Күлтөбеде үш жүз өкілдерінің басын қосқан жиналысын өткізіп тұрған. Бұл халық арасында «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деп аталды. Тәуке хан қазақтың жыраулары мен шешендерінің және шежірешілерінің басын қосып, қазақтың мақал-мәтел, шежірне, аңыз-жырларын жинаған. Сонымен қатар қазақ халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру-тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап белгілеген. Бұл тарихта Орта Азияда өмір сүрген көшпелі хандықтарда болып келген салт еді. Жаңадан таққа отырған хан өзіне қарасты тайпалардың таңбасын белгілеп беріп отырған Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Ол қазақтың атақты билерімен ақылдаса отырып, қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін, аса дарындылықпен айтылған түйінді биліктерді жинақтап, өзінен бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтырып, дамыту негізінде «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын құрастырды.

Тәуке хан өзінен бұрынғы хандар тұсында ішкі тартыс салдарынан ыдырай бастаған үш жүздің басын қосты, жеке-жеке ұлыстарды билеген сұлтандардың бөлектенуіне тежеу салып, Қазақ хандығының ішкі бірлігін бекемдеуге барлық шараларды қолданып, оны едәуір күшейтті. Бұл тұста едәуір қырғыз тайпалары мен қарақалпақ тайпалары Тәуке ханның қарауында болды
«Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы» заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді. «Жеті жарғыда» қылмысты іс-құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет