Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі, ғылыми жоба



бет2/4
Дата11.04.2023
өлшемі32,84 Kb.
#174128
1   2   3   4
Байланысты:
ғылыми жоба қалдыгүл 2
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, Физика лекция
ІІІ. Тәжірибелік бөлім:
Тәуке ханның тәуелсіз саясаты.

Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі жағдайы


Тәуке хан тұсындағы сыртқы саяси жағдайы
Тәуке ханның тәуелсіз саясаты

Тәуке хан билікке келісімен Казақ хандығындағы ішкі тартысты тоқтатып, бірлікті күшейтуге барын салғаны мәлім. Ал сыртқы саясатта Қазақ хандығы Сыр бойындағы қалаларды өз құрамында сақтап қалу үшін күреседі. Сондай-ақ оңтүстік-шығысынан жоңғарлар тарапынан әлсін-әлсін шабуылдар жасалып түрған.

Сыртқы шапқыншылықтан қорғану, хандыцтағы бытыраңқылықты жою «Жеті Жарғы» заңының қабылдануына өз ықпалын тигізеді. Казақ қоғамынын сол кездегі кажеттілігін қанағаттандыратын заң жобасының керектігі, бұрыннан болған қүкықтык нормаларды жүйелеу аркылы оларға мөнді өзгеріс енгізіл, толықтыру өрекеттері дүниеге «Жеті Жарғы» заңын әкеледі.Тәуке хан халык арасындағы беделді билермен кеңесе отырып қабылдаған «Жеті Жарғы» заңы, қазақ кауымының әлеуметтік-экономика-лық, құқықтық катынастарын реттеуге бағытталады. Орыс жазбаларында бұл заңдар «Тәуке хан заңдары» деп аталады.«Жеті Жарғы» бізге толық күйінде жеткен жоқ. Заң жинағының кейбір баптары XIX ғасырдың алғашкы жартысында орыс ғалымдарының жазып алған үзінділері арқылы сақталды. Оның жобасы, құрылымы жағынан әр түрлі екі нұскасы белгілі. Алғашқысын 1820 жылы Г. Спасский «Сібір хабаршысына» жариялайды. Мұнда он бір үзінді көрсетілген. Екінші нұсқасы қазақ тарихының білгірі А. И. Левшиннің еңбегінде берілген. Бұл заң жобасының екі нұсқасы да бапқа бөлінбеген .

Тәуке хан «Жеті Жарғы» заңы арқылы ішкі тартысты жою мақсатында ел басқару ісін, заң шығару тұтқасын билерге беріп, ұсақ хандар мен сұлтандардың саяси ықпалын тежеуге тырысады. «Жеті Жарғыда» жүздерді баскару үшін сайланған үш бидің аты белгілі. Ұлы жүзде — Төле би, орта жүзде — Қазыбек би, кіші жүзде — Әйтеке би. Жыл сайын Күлтөбеде (Ташкент маны) үш жүздің басын қосқан жиналыс (құрылтай) шақырылуы тиіс болған. Хан кеңесі, билер кеңесі мемлекеттік тұрақты құрылымға айналады. «Жеті Жарғы» заңында ел дауын шешудегі билер кеңесінің кұқығының қорғалуын, сақталуын қатты кадағалаған. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болған соң, оның орнына отырған баласы Болат хан билікті орнымен пайдаланып, халыктың басын біріктіре алмай-ды. Бұл жағдай Қазақ хандығының саяси жағынан бөлшектеніп, әр жүз хандарының жеке дара билік құруына әкеп соқтырады. Осылайша Қазақ хандығының орнына, Қазақ хандыктарының тарихы басталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет