Аңдатпа
Оқушының «Лимон жемісінің таңғажайып әлемі» атты ғылыми жобасы лимон жемісінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттай отырып, оның пайда болу тарихы, оның адам ағзасына пайдасы мен зиянын танып білуге, оның емдік қасиеттерін ашуға арналған.
Зерттеудің мақсаты: Лимон жемісінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Лимоннан дайындалатын сусындар мен ем-домның жасалу жолдарын зерттеп танып-білу.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер лимон жемісінің өзіндік қасиеттері мен құпия сырлары жан-жақты таныстырылып, оның адамзат үшін пайдалы жақтары ашылса, сонымен қатар емдік қасиеттері жүйеленіп берілсе, лимон туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, олардың пайдасын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік.
Зерттеу барысында:
Лимонның сан алуан қыр-сыры ашылды;
Оның адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;
Лимонның адам ағзасына пайдасы айқындалды;
Лимоннан дайындалатын сусындар мен ем-домдардың дайындалу жолдары мен оның емдік қасиеттері көрсетілді.
Жұмыстың орындалу әдістері. Лимон туралы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау; ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау.
«Лимон жемісінің таңғажайып әлемі» атты ғылыми жобасына
Пікір
Оқушының «Лимон жемісінің таңғажайып әлемі атты ғылыми жобасы лимонның өзіндік құпия сырларын ашуға, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары мен шипалық қасиеттерін танытуға арналған.
Зерттеу жұмысында оқушы оның шығу тарихына сипаттама бере отырып, оның жер бетіне таралуы туралы кеңінен талдау жүргізеді. Лимонның адам ағзасына тигізетін пайдасына нақты мәліметтер келтіре отырып сипаттама жасалған. Оның өмірінде алып отырған орнын көрсетуге, адам өмірінің денсаулығын жақсартуда көптеген шипалық қасиеттерінің қыр-сырын ашып көрсеткен. Лимонның кеңінен таралған түрлеріне анықтама бере отырып, олардың әрқайсысын жүйелеп, талдаған.
Зерттеуші лимонның пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін танытуда көптеген еңбектермен, интернет материалдарымен таныса отырып, оның барлық қырын ашуға тырысқан.
Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады.
Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
Жоспары
Аңдатпа 1
Пікір 1
Жоспары 2
Кіріспе 3
І. Теориялық бөлімі 5
1.1 Лимонның шығу тегі 5
1. 2 Ботаникалық сипаттамасы 6
1.3 Лимонның құрамы 9
1.4 Емдік қасиеттері 10
1.5 Лимоннан дайындалатын ем-домдар 15
1. 5 Лимонның иіс кетіргіш және тазартқыш қасиеттері 16
ІІ. Тәжірибелік бөлімі 17
2. 1 Әлеуметтік зерттеу жүргізу 17
2.2 Лимонның тазартқыш қасиетін тексеру 19
2.3 Лимон электр қуатын жақсы өткізетінін анықтау 19
2.4 Лимонның шай түсін өзгертетуін дәлелдеу 20
Қорытынды 21
Пайдаланған әдебиет тізімі 21
Қосымша № 1 22
Қосымша №2 23
Жетекшісі : Чаянова Бахтжамал Койтановна
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
— Күз, қыс және көктем айларында жөтеліп, тұмауратып қалатын кездеріміз болып қалады. Дәрігерлер мұндайда үйреншікті әдіспен — дәрі-дәрмектің, ине салу көмегімен емдесе, кей жандар дәрілік шөптердің көмегіне сүйенгенді жөн санайды. Әсіресе, дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағасы әрдайым қалта көтере бермейтін шақта емдік қасиеті бар жемістерді тиімді пайдалану туралы кеңірек мағлұмат алып, оларды дұрыс қолдану туралы көбірек білу тиімдірек.
Жеміс (лат. fructus) — жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т. б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әр түрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Шырынды жемісті көп тұқымды — лимон
Қазіргі таңда адам денсаулығын сақтауға көп көңіл бөлінеді. «Тазалық – денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі» деп халқымыз бекер айтпаған, себебі адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауға байланысты деп ойлаймын. Денсаулық пен тазалықты сақтаудың жаңа жолдарын іздестірудеміз. Химиялық тазартқыштар мен жасанды дәрі-дәрмектің орнына экологиялық таза ауыстырылғыш табу керек деп байқадым. Сондықтан жеміс-жидектердің арасынан лимонды таңдап, ол туралы мәлімет тауып, оның қасиеттерін ашып, күнделікті өмірде қолдану тәсілдерімен таныстыруды жөн көрдім.
Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім.Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз, анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.
Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді. Қант диабетімен ауыратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады.
Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.
Зерттеудің мақсаты: Лимон жемісінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Лимоннан дайындалатын сусындар мен ем-домның жасалу жолдарын зерттеп танып-білу.
Міндеттері:
— Лимонның шығу тегін анықтай;
— Лимонның ботаникалық сипаты мен химиялық құрамы зерттеп білу;
— Лимонның емдік қасиеттері айқындау;
— Лимонның иіс кетіргіш және тазартқыш т.б. өзіндік ерекше қасиеттерін анықтау.
І. Теориялық бөлімі
1.1 Лимонның шығу тегі
Лимон бізге сонау Үндістан мен Қытай жерлерінен келген екен. Кезінде экзотикалық болған бұл жеміс қазірде елімізде орнығып, халқымыздың көңілінен шығып жатыр.
Цитрологтардың (цитрус дақылдардың мамандары) арасында лимонның шығу тегі туралы біртұтас пікір жоқ. Оның цитроннан ауып кетіп шыққан мутация деген жорамалдар кездеседі. Қалай болса да, табиғатта лимон жабайы түрде кездеспейді.
Лимон жемісі туралы алғашқы мәлімет Қытайдағы VIII ғасырға жатады. Ал XI ғасырда арабтар оны Испанияға әкелген. Тап сонда осы өсімдік қазіргі түрінде қалыптасқан деп саналады.
Александр Македонскийдің әскерлері Еуропаға Үндістаннан лимон жемістерін алып келді. Оларды үнді алмалары деп атап кеткен. Ал атақты теңіз саяхатшысы Джеймс Кук өз теңізшілерін цинга ауруынан қорғау үшін лимон жегізген, XVII ғасырдың британдық теңізшілерін «лаймиз» (лимондықтар) деп атап кеткен.
Осыдан жүз жылдан аса Нижний Новгородтың маңайындағы Павлово селосындағы орыс шаруалар лимонды өз үйлерінде өсіре бастаған. Осы лимондар павлов бөлме лимондары деп аталды.
Лимон ағашынын мекені – Үндістан, Қытай және Тынық мұхитының тропикалық аралдары. Қазіргі кезде тропикалық аймақтарда ғана емес, сонымен қатар мәдени түрлері субтропикалық Кавказ, Орта Азия, Калифорния, Флорида, Жерорта теңізі аймақтарында да өсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |