Сүйелдер
Екі лимонның ұсатылған қабығын 30% сіркесудан 0,5 стақан құйыңыз, тығыз жабылған ыдыста, кезеңдеп шайқап отырып, 8 күн ашыту. Сүзіңіз. Осы тұңбада суланған тампонды, күніне бір неше рет сүйелдерге жағыңыз.
Секпілдер
100 г бал алып, бір лимонның шырынымен араластырыңыз. Осы қоспамен дәкеден жасалған майлықтарды дымқылдатыңыз және секпілдер жабылған жерлерге 15 — 20 минутқа жағыңыз. Табысқа жету үшін үнемі 15-20 маска жағуғу болады.
Гипотония
төмен қан қысымы болған кезде климактериялық кезеңінде тамақтан соң үгітілген кофе дәмдерінен 50 г, 0,5 кг балдан және бір лимонның шырынынан жасалған қоспаны 2 сағаттан кейін 1 шай қасықтан қабылдаңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз.
Бас ауыруы. Жаңа піскен лимонның қабығын алыңыз, цедрадан тазартыңыз, қабаққа салыңыз және бірнеше уақыт ұстаңыз. Кейін терінің үстінде лимон қабығының астында қызыл таңба пайда болады, ол қызиды және қышиды, ал бас ауыруы басылады.
Бели
Стақанға бір лимонның шырынын сығыңыз және оған қайнаған су қосыңыз. Ашпа кішкене суғаннан кейін, оны дәкемен сүзіңіз. Жаңа сауылған сүттің температурасына дейін суытылған ашпамен, қынапты жуыңыз. Салқын суды еш уақытта қолданбаңыз – одан жатыр мен анабезде шаншулар болуы мүмкін.
Тістерді нығайту. Егер сіз тістеріңіз ақ, ал тамырлары — мықты болсын деп тілесеңіз, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз.
Мүйізгектер. Ұйықтар алдында аяқты ыстық сумен буындырыңыз, құрғақ болғанша сүртіңіз және кішкене балдырмен лимонның қабығын – лимонның шетін мүйізгекке байлап қойыңыз. 4 — 5 күннен кейін мүйізгек толығымен жоқ болып кетеді.
Аяқ сіңірінің тартылуы. Аяқтың табанына таңертен және кешке лимонның шырынын жағыңыз және жүрмеңіз, аяқ кимді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу курсы – екі жетіден аса емес.
Тырнақтарды күту. Тырнақтар икемділік пен қаттылықты жоғалтпау үшін, оларға лимон шырыны мен май қоспасын жиі жағу керек.
Талып қалу. 100 г құрғақ лимон қабықтарын ұсатыңыз, 1 л арақ құйыңыз, анда санда шайқап отырып, 3 апта жылы жерде ашытыңыз. Сүзіңіз. Күніне 3 рет 25-30 тамшыдан қабылдаңыз.
Жасарту. Қабығымен 3 лимонды, 3 бас сарымсақ, 3 стақан мүк жидекті сығыңыз, 7 стақан қайнатылған сумен ашытыңыз, 2 күнге салқын жерге қойыңыз, сүзіңіз, 400 г бал құйыңыз, араластырыңыз және тағы 2 күнге салқын жерге қойыңыз. Күніне 3 рет 1 ас қасықтап ішіңіз.
Бұлақ. Құлаққа 2-5 тамшы лимон шырының тамшылаңыз – бұл ауыруды басады және естуді жақсартады.
Қайызғақ. 4 лимонның қабығын 1 литр суда 15 минут пісіріңіз, қайнатпаны сүзіңіз. Шашты қайнатпамен аптасына бір рет шайыңыз.
1. 5 Лимонның иіс кетіргіш және тазартқыш қасиеттері
Лимонды үй шаруасында да қолдануға болатынын көбі білмейді. Бірақ оның тазартқыш және иіс кетіргіш қасиеттерін қолдану тәсілдері өте көп.
Мысалы: азық-түлікті кесетін тақтай әртүрлі жағымсыз иісті (сарымсақ, пияз, балық, т.б.) сіңіп алса, оны лимонның жартысымен сүрту керек, ол барлық иістерді бірден кетіреді. Егер жеміс-жидектерді жуатын суға лимон шырынын қосса, ол бактерия мен микробтарды өлтіріп, жемістерге хош иіс береді, себебі оның антибактериалдық және дезинфекциялық қасиеттері бар.
Құрап қалған салат жапырақтарын суық суға салып, оған лимон жартысын сықсақ және бір сағат тоңазытқышта ұстасақ, ол жаңадан ашылады.
Егер лимонға қалампыр бұтағын кіргізіп, оны шқапқа салсақ, ол кеуіп, өзінен жағымды хош иіс шығарады. Ауаны тазартып, тамаша иіс қалтырады.
Ас бөлмесіндегі сұр алюмин заттар мен ыдыстар ұнамаса, оларды лимонның жартысымен сүртіп жылтырлатуға болады.
Киімдегі дақтардан бір стақан лимон шырыны көмектесе алады, оны кір жуғанда жуатын машинаға кұю керек. Жуған киім хош иісті сіңіп алып, дақтардан айырылады. Ал үлкен дақты кетіру үшін, ас содасын лимон шырынын 50/50 ара қатынаста алады. Жуу алдында осы ерітіндіні даққа жағу керек.
Ваннаны тазарту үшін де лимон жақсы көмекші болып табылады. Оның шырынына су және сірке суын (уксус) қоссақ, ол дақтар мен кірді жақсы кетіреді.
Кейбір бұнақденелілердің иістерді жақсы сезетіні белгілі, сондықтан лимон шырынын бөлме бұрыштарына, терезе астына сеуіп қоюға болады. Сол уақыттан бастап, үйге өрмекшілер, құмырсқалар, бүргелер мен тарақандар кіруін қояды. Ал еден жуатын суға лимон шырынын тамсақ, ол дезинфекция жасап, жағымды иіс қалтырады
ІІ. Тәжірибелік бөлімі
2. 1 Әлеуметтік зерттеу жүргізу
Мектеп медбикесімен кездесуімнен және ғаламтордан тапқан мәліметтер арқылы мен лимонның емдік қасиеттерімен таныстым. Енді «олар туралы басқалар біле ме?» - деген сұрақ туындады. Оған жауап беру үшін, мен 3-4 сынып оқушыларына сауалнама бердім (қосымша №1)
Қазақ және орыс 3-4 сыныптарында 28 оқушы. 25 жауап берді. Осы сауалнаманың жауаптарын есептегенде, осындай қорытынды шықты:
«Лимонды жиі жейсіңдер ме?» деген сұраққа
күнде -8 оқушы (32%)
2 күнде 1 рет – 6 оқушы (24%)
аптасына 1 рет – 3 оқушы (12%)
айына 1-2 рет – 8 оқушы (32%)
деп жауап берді. Осыған қарағанда лимонның пайдасы туралы білетін оқушы аз деп санауға болады. Сонымен қатар лимонды жақсы көретіндер аз емес 76 % (19 оқушы) болып табылды. Лимонның түгелімен пайдалы екенін білетіндер шамалы — 20% (5 оқушы).
Сонымен қатар ауыл дүкендерде лимонға қандай сұрау бар екенін анықтағым келді. Теңге ауылында 4 дүкен бар.
№
|
Дүкен
|
Айына лимонды сату мөлшері
|
1
|
Рахат
|
8-10кг
|
2
|
Нұрайса
|
12-15 кг
|
3
|
Демеу
|
8-10 кг
|
4
|
Мерей
|
12 -15 кг
|
|
Барлығы
|
40-45 кг
|
Оларды аралап, дүкеншілермен әңгімелестім. Олардың жауаптарын қорытындылағанда ауылымда қысқы мезгілде лимонды алатын адамдар көбірек, ал жазда шамалы. Онымен қатар, айына әр дүкенде 10-15кг лимон сатылады екен, ол елімнің адам саны 794 деп анықтап білдім. Егер балаға лимондарды 1 жасынан беретін болсақ, онда елімде 1 жасқа дейін 9 бала бар. Адам санынан оларды азайтып, 40-45кг (40000-45000г) 785 адамға бөлсем, әр адамға айына 50-57 г лимон алынады екен, деп есептедім.
Осы сұраудан мен Бостандық ауылында лимон аз сатылатынын анықтадым.
2.2 Лимонның тазартқыш қасиетін тексеру
Лимонның тазартқыш қасиеттерін тексеру мақсатымен тәжірибе өткіздім.
1 тәжірибе: Лимон шырынымен матадағы дақтарды кетіру
Қажетті құралдар: йод, лимон, мақта дисктері.
Мақта дискіне йодты тамшыладым, одан кейін пайда болған даққа лимон шырының құйдым. Оны 5 минут уақытқа қалтырдым. Лимон шырынындағы лимон қышқылы дақты кетірді.
Тұжырым: қымбат, зиянды дақ кетіргіштердің орнына лимон шырының қолдануға болады.
2 тәжірибе: аллюминийден жасалған ыдысты тазарту
Қажетті құралдар: алюминийден жасалған ыдыс, лимон, су, шүберек.
Алюминийден жасалған ыдыстың ішін лимонның жартысымен сүртіп, 10 минутқа қалтырып кеттім. Кейін шүберекпен сүртіп, сумен шайдым. Лимон ыдысты тазартты.
Тұжырым: Ыдыс тазартқыштардың орнына лимон шырының қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |