1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы



бет38/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

40.Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы.
Қазақстанның этникалық тарихы да Орталық Азияның барлық аймақтарындағыдай өте күрделі. Ғасырлар бойы бұл аймақта да көптеген халықтар мен тайпалар тағдыры тоғысып, небір тарихи оқиғалар өтті. Олар туралы шығыс және европа халықтарының тілдерінде жазылған деректер де баршылық.. Шығыстанушылардың бірнеше ұрпақтары да этникалық тарихты зерттеумен айналысып, көп еңбек сіңірді.
Ғылыми әдебиеттерде “этнос” деген түсінікті (яғни халық, тайпа, ұлт т.б.) тарихи қалыптасқан, адамдардың тұрақты тобы. Олардың тек сыртқы физикалық белгілері ғана ұқсас емес, тұрақты мәдениеті (тілі), психикасы және өзге де ерекшеліктері ортақ болып келеді. Этностың қалыптасуы мен сақталуын қаптамасыз ететін оның өзіне тән мекендейтін территориясы болады.
XV-XVI ғғ. Қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуының ұзаққа созылған процессі негізінен аяқталды. Қазақ халқының этникалық құрамын Орта Азияның басқа да түркі тілдес халықтарындағыдай әр тілді тайпалар мен халықтар құраған. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, түрік, түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат және т.б. Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар. Бұлардың көпшілігінде өз уақытында мемлекеттері болған. Ертедегі түріктердің көптеген ру-тайпа аттары қазақтарда күні бүгінге дейін сақталған.
Қазақ халқының шығу тегіне жағдай жасаған этногенетикалық процесстердің негізі алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Бастапқы кезде бұл процесстер автохтонды тұрғындармен байланысты болды. Бірақ та келесі даму барысында олар Орталық Азияның этникалық процестеріне тікелей тәуелді болды. Қазақстан территориясындағы этникалық тарихтың қозғалысы, ірі этникалық және Этносаяси қауымдастықтардың құралуы, түптеп келгенде қазақ халқының қалыптасуы шаруашылықтың, көшпелі мал шаруашылығының, жер шаруашылығы мен қала мәдениетінің өзара байланысты дамуына тікелей байланысты болды.
Этногенетикалық процесстер даму барысында бірнеше этаптарға бөлінеді. Антропологиялық зерттеулерге қарағанда, ұзақ мерзімді этникалық даму барысында тұрғындардың европоидтық нәсілі тұрақты сақталса да, уақыт өте келе монғолоидтік нәсіл басым бола түскен. Тілдік тұрғыда да өзгерістер болып, осы территорияларда өмір сүрген ертедегі иран тілдес тайпалар түркі тілдес тайпаларға ауыса бастайды.
Европалық кескіндегі үндіирандық андронов тайпалары қола дәуірінде мал шаруашылығымен және жер өңдеумен айналысқан. Олардың ерте темір дәуіріндегі мұрагерлері сақтар мен совроматтар .
Евразияның далалық аймақтарын бүтіндей алғанда және Қазақстандағы этникалық процесстердің шешуші кезеңі б.з.б. 1 мың жылдықтың ортасындағы түркілердің батысқа қарай жаппай қоныстануымен тікелей байланысты болды…
Кең байтақ территорияда оңтүстік, оңтүстік-батыс бағытта солтүстік Монғолиядан Әму-дарияға дейінгі (Жетісуды қоса) аймақта түркі тайпалары біртіндеп қоныстана бастаған.
Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлы тайпаларының ұрпақтары болып табылатын бұғы, бойырқу, беклі, қыбыр, түргеш, бұлақ, қарлұқ тайпалары Қазақстан жерінің негізгі тұрғындары.
VI ғасырдағы жаңа әлеуметтік қатынастар, ерте феодалдық түрік мемлекеті — Түрік қағанатының, кейінгі Батыс түрік қағанатының құрылуы түркі тілдес тайпалардың батысқа қарай үздіксіз ағысуына түрткі болды.
Қазақстанның оңтүстік-шығысында құрылған Түргеш қағанаты (VII-VIII ғғ.) орталығы Талас пен Суябта орналасып, Шу мен Іле өзендері аралығындағы үлкен территорияда мекендеген тайпаларды біріктірді. Түріктер отырықшы егіншілікпен айналысып, қалалық өміре жақындай түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет