1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Уақытша үкімет органдарындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің қызметі



бет62/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

68.Уақытша үкімет органдарындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің қызметі.
Өткен ғасырдың 30-50 жылдары Қазақстанның көрнекті ғылым және мәдениет қайраткерлері, ұлттық интеллигенция өкілдері жаппай қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың тағдыры қайғылы болды: бір бөлігі атылды, қалғандары әртүрлі мерзімге сотталды, олардың кейбіреулері лагерьлерде қайтыс болды, тірі қалған бөлігі қайтадан сотталды. Бұл Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Уәлитхан Танашев және басқа да көптеген көрнекті тарихи тұлғалар еді. “Халық жауларының” негізгі тобының тағдыры жасырын түрде КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының отырыстарында, НКВД-ның арнайы жиналыстарында және “үштік” пен “екеу” деп аталатындармен шешілді. Қазақстандықтарға Жапония мен Германияның тыңшылығына қатысты жиі айып тағылды, бұл істерде өзге дәлелдер болмаған кезде айыпталушылар мен сотталғандардың өз “мойындауымен” ғана расталды. Айыптаудың ең басты таралған түрі көршілерінің, қызметтестерінің астыртын жеткізуіне байланысты кеңес үкіметіне қарсы үгіт пен насихаттау болып табылды.
1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мың адам сотталды, олардың 25 мыңына ең жоғары жазалау шарасы — ату жазасы қолданылды.


69. Бірінші жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім.
Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында АқмолаСемейТорғайОралЖетісуСырдарияФерғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.БайтұрсынұлыныңӘ.КөтібаровтыңМ.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:
1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.
Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә.БөкейханАхмет БайтұрсынұлыӘлімхан ЕрмековХ.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Айдархан Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.ДулатовА.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан ТынышбаевЫ.ЖайнақовС.АманжоловМ.ШоқайӘ.КенесаринҚ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.ҚұлмановУ.Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин, В.Чайкин, Т.Нарботабеков, Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді.[1]
«Алаш» партиясының бағдарламасы – алғаш рет 1917 жылдың қарашасында «Қазақ» газетінде жарияланған бағдарлама. Оны жасаушылар Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Е,Ғұмаров, Е.Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев және Е.Бірімжанов. Бағдарлама мынадай тараулардан тұрды: мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі хұқық, дін ісі, билік һәм суд, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім үйрету, жер мәселесі. Бұл бағдарлама өзінің мақсаты мен мазмұны жағынан сол дәуірдегі саяси-қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыра алатын құжат екендігі байқалады. «Алаш» партиясының маңызды әрі басты құжаты, оның демократиялық, гуманистік принциптерге негізделген саяси құрылым екендігін көрсетеді. Бағдарламаның мазмұнынан Семей облыстық қазақ сиезінде көтерілген мәселелер көбірек көрініс тапқаны аңғарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет