1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»



бет63/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

70. Кеңес өкіметінің орнауы.
1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде солдаттар мен төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы жер-жерде құрылған Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестеріболды. 1917 ж. 3 – 24 маусымда Санкт-Петербургте Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің бірінші бүкілресейлік съезі өтті. Съезге бүкіл елдегі 305 Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары кеңестерінен, олардың 53 аймақтық бірлестіктерінен, 34 әскери бөлімнен – барлығы 1090 делегат қатысты. Съезд революциялық демократия және мемлекеттік билік, 1-дүниежүзілік соғысқа көзқарас, Уақытша үкімет кезінде сайлауы басталған бүкіл елдегі халық сайлаған өкілдер – Құрылтайшылар жиналысына дайындық, Ресейдегі ұлт мәселесі, т.б. өзекті мәселелер туралы баяндамалар тыңдап, талқылады. 320 адамнан құралған Бүкілресей Орталық Атқару Комитетін (ВЦИК) сайлады. 1917 ж. 25 қазандағы (7 қараша) Қазан төңкерісін жүзеге асырған қарулы көтерілісті большевиктер Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің екінші бүкілресейлік съезінің ашылуына орайластырды. Съезге елдегі 402 кеңестен 649 делегат қатысты. Большевик және солшыл эсер делегаттарының саны (550 адам) басым болған съезд 25 – 27 қазанда (7 – 9 қараша) жұмыс істеді. Съезд Уақытша үкіметтің құлатылуын мақұлдады, мемл. билікті өз қолына алғанын жариялады, жер-жердегі билік “Жұмысшылар, солдаттар және шаруалар кеңестеріне берілсін!” деген үндеу, “Бітім туралы”және “Жер туралы”декреттер қабылдады. Сондай-ақ, съезд БРОАК-тің (ВЦИК) жаңа құрамын 106 адамнан (оның 62-сі большевик) сайлап, елді басқару үшін Кеңес үкіметінің үкіметін – Владимир Ильич Ленин бастаған, құрамына тек большевиктер кірген Халық Комиссарлары Кеңесін (Жұмысшы-шаруа кеңестік үкіметін) құрды. Кеңестер билігі Ресейдің өнеркәсіпті қалаларында шапшаң орнады. Уақытша үкіметке адал күштердің қарсылығы басып-жаншылып, кадеттер партиясы заңнан тыс деп жарияланды, оппозициялық басылымдар жабылды. Алайда 1917 ж. 12 қарашада өткен Құрылтайшылар жиналысына сайлауда большевиктер 25% шамасында ғана дауыс алды. Өз талаптары өтпейтін болғандықтан большевиктерден құралған Халық Комиссарлары Кеңесі Санкт-Петербургте ашылған Құрылтайшылар жиналысын 1918 ж. 5 (18) қаңтарда қуып тарқатып жіберді. Халық Комиссарлары Кеңесі, сондай-ақ, олардың жергілікті органдары болып қалыптаса бастаған Жұмысшы, солдат және шаруа кеңестерінің атқарушы органдары (совдеп) бұрынғы Ресей империясы құрамында бодандықта болған ұлттардың империя тағы құлағаннан кейін құрған ұлттық мемл. бірлестіктеріне дұшпандықпен қарады. Мыс., олар 1917 ж. 12 (25) желтоқсанда Қазақстанда құрылған Алаш автономиясы мен оның үкіметі – “Алашорда” Ұлт кеңесін танудан бас тартты. Кеңестік биліктің Ташкенттегі өкілдері 1917 ж. 29 қарашада (12 желтоқсан) құрылған Түркістан автономиясының Қоқандағы Кеңесі мен Үкіметін 1918 ж. 19 – 22 ақпанда қарулы күшпен талқандады. Бұл оқиғалар елдің одан әрі екі жарылып, Азамат соғысының шиеленісе түсуіне апарып соқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет