6 Металдардың және қорытпалардың механикалық қасиеттері



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі65,3 Kb.
#84350
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
дәріс Металдың қасиеттері
Урок №20 для 19-ЭП-2, Документ Microsoft Word, 4 практикалық жұмыс, 4 практикалық толтыру бланкы

Металдардың және қорытпалардың механикалық қасиеттері
Сырттан түскен механикалық күштерге металл материалдарының қарсылық көрсетер қабілеті оның механикалық қасиетіне жатады. Механикалық қасиет металдың химиялық құрамына, құрылымына, технологиялық өңдеу тәсілдеріне және басқа факторларға байланысты қалыптасады. Механикалық қасиеттер металдың немесе қорытпаның деформацияға қарсылығы (беріктік, қаттылық) және қирауға қарсылығы (созылмалығы, соққы тұтқырлығы) арқылы сипатталады.
Металға түскен жүктемелердің әсерінен олардың ішкі құрылысында созылу, майысу, сығылу, бұралу, опырылу деформациялары пайда болады. Түскен жүктемелердің әсерінен металл қирауы мүмкін, осындай қирауларды және қалдық деформацияларды болдырмау үшін металдың механикалық қасиетін білу керек. Металға түсетін күштер статикалық, динамикалық және циклді (айнымалы) болып ажыратылады. Сонымен қатар материалдар әртүрлі температурада, агрессиялы орталарда деформацияларға және қирауға ұшырайды.
Үлгіге түсетін күштің біртіндеп баяу берілуі статикалық сынаққа жатады. Статикалық сынақтармен металдың беріктігі, қаттылығы, созымталдығы анықталады. Динамикалық күш металға кенеттен және соққы ретінде түседі. Динамикалық сынақпен металдың соққы тұтқырлығы анықталады. Циклдік немесе айнымалы сынақ кезінде металға берілетін күштің мөлшері немесе бағыты өзгеріліп отырады, кейбір кезде бағыты мен мөлшері қоса өзгеруі мүмкін. Циклді сынақ арқылы металдың төзімділігі, шалдығуы анықталады.
Металдың негізгі механикалық қасиеттеріне беріктігі, қаттылығы, серіппелігі, созымталдығы, соққы тұтқырлығы жатады. Беріктік деп сырттан түскен күштің әсерінен металдың қирауына немесе қалдық деформацияның туындауына қарсылық көрсетер қабілеті аталады. Мұнда металдың меншікті беріктігінің маңызы зор. Меншікті беріктікті беріктік шегінің металдың тығыздығына қатынасы арқылы табады, σв / γ. Мұнда, σв – беріктік шегі; γ – меншікті салмағы. Қаттылық деп металдың өзінен қаттылығы жоғары дененің әсерінен туындаған беттік деформацияға қарсылық көрсетер қабілеті аталады. Серпімділік деп деформацияланған металдың түскен күшті тоқтатқанда бастапқы қалпына оралу қабілеті аталады. Созымталдық деп түскен күштің әсерінен металдың басқы пішіні мен өлшемдерінің өзгеру қабілеті аталады. Соққы тұтқырлығы деп соққы күштерінің әсерінен металдың қирауына қарсылық көрсетер қабілеті аталады. Аталған түрлерінен басқа механикалық қасиетке төзімділік, шалдығу, жылжыпсырғымалылық және басқаларды жатқызуға болады. Механикалық қасиеттерінің сипаттамалары арнаулы сынақтар арқылы анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет