1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар мен сарматтар



бет7/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау
Икт семинар 8, Омархан Аружан Бж 21-12к, Глагол.Алина,Айганым,Алуа, Документ Microsoft Word (3)
7. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар мен сарматтар.
Б.з.б. VII—IV ғасырлардағы Евразияның этникалық және саяси картасы барынша ала-күла болуымен ерекше. Сонымен бірге жақын және алыс тайпалар, халықтар, мемлекеттер арасында біршама тұрақты экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орнады, соғыс қақтыгыстары да аз болған жоқ. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар Орта Азияның, Алтайдың, Хакасияның, Тува мен Солтүстік Моңғолияның туыстас халқымен өзара байланыс орнатып, қарым-қатынас жасады. Солтүстік-шығыста және солтүстікте Қазақстанның мал өсірумен айналысқан ежелгі халқы Орал тілді қауымның угор тектес тармағының орманды далалар мен ормандарды мекендеген тайпалармен — мансилер мен хантылардыя арғы тегімен шектесіп жатты.
\Батыстың савромат тайпалары Қара теңіз өнірінің скифтерімен көрші болды, олармен сауда-саттық жасады, соғыс одағын құрды немесе қарулы қақтығыстарға түсіп жүрді. Оңтүстікте савроматтар өз тағдырын өте ертеде, Ахеменид заманына дейін-ақ, Үлкен Хорезм және Бактрия патшалығы сияқты мемлекеттік құрылымдармен байланыстырды.
Жазбаша деректемелер мен археологиялык деректер б.з.б. VШ-VІІ ғасырларда-ақ
Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеттерімен - Ассириямен жәнс Мидиямен, ал б.з.б. VI ғасырдың ортасынан, Ахеменидтер мемлекеті құрылған уакыттан бастап - Персиямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі көптеген тарихи оқиғаларға қатысты. Мәселен, Кир сақтармен одақ жасап, Лидия патшасы Крезбен соғысуы кезінде олардан көмек алды. Одақ жасасуды қанағаттанбаған Кир сақтар мен массагеттерді бағындырмақшы болды. Парсылардың жорықтары кескілескен карсылыкка кездесті, Кир жорығы күйреп тынды, оның әскерлері талқандалып, өзі қаза тапты. Геродот мынадай аңызды келтіреді: парсыларды женгенпен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтыра қан құйғызып, «Сен қанға кұмартып едін, енді шөлің қансын!» деп оған Кирдін. басын салдырған[4].


8.Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет