1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру



бет93/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

108.Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз, өзінің егемендігі бар, дербес және демократиялық мемлекет болып табылады. Өз тәуелсіздігінің 19 жылында Қазақстан ішкі саясатын да біршама өзгерістер енгізе отырып, белсенді түрде жемісті жүргізіп келеді. Ішкі саясаттың жүру қарқынын мыналардан көруге болады:
1.Қазақстан тәуелсіздік алғандықтан, өзінің Конституциясын жариялады. Алғаш рет 1993 жылы Конституция қабылдап, кейін 1995 жылы бүгінгі күнге дейін жетіп отырған екінші жаңа Конституциясын қабылдады. Конституцияның маңызды ережелерін атап кетер болсақ, олар:
Халықтың билік етуі жарияланып, халыққа мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілді.
Қазақстан Республикасында өз аумағының, оның тұтастығының, өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік билік органдарының, өз заңдарының, басқа елдермен терезесі тең болуы Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін айқындайды.
Қазақстан Республикасының саясаты тікелей адам мен азамат құқықтарының артықшылығын, басымдылығын әр кез қолдап отырады.
Қазақстан Республикасы 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ Отанына айналып отыр. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында ол ұлттардың өкілдері елімізде тату-тәтті тыныш өмір кешуде. Сол себепті Конституцияда адамдардың ұлтына, нәсіліне, жынысы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамай құқықтары мен бостандықтарының тең екендігі атап көрсетілген.
2.Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған саясат демократиялық сипатта болғандықтан, елімізде көппартиялық жүйе қалыптасқан болатын. Себебі елдегі билік етуші үкіметтің саясатын бақылап отыру үшін халық бірнеше оппозициялық саяси партияларды құруы тиіс. Бүгінде елімізде билік тізгінін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев басқарып отырған «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы ұстап отыр. Сонымен қатар елімізде «Ақжол», «Руханият», «Қазақстанның коммунистік париясы» , т.б. ірілі-ұсақты оппозициялық саяси партиялар да бар.
3. Қазақстанның алға дамуын әрі қарай ілгерілету мақсатында Елбасымыз алдағы жылдарда жүргізілетін саясаттың бағыттарын айқындау үшін 1997 жылдың қазан айында «Қазақстан-2030» стратегиясын жариялады. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Осы стратегияның маңызды басымдықтарына шолу жасап кетер болсақ:
Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты, адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыта отырып, әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет,төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайта отырып, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асыру қажет.
Макроэкономиканы тұрақтандыра отырып, сауда мен өндіріске мемлекеттің жиі араласуын тежеу арқылы және тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету мақсатында өндірісті диверсификациялау көмегімен Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясын жүзеге асыру қажет.
Сонымен қатар әлеуметтік стратегияны, ресурстарды дұрыс пайдалану стратегиясын, көлік пен байланысты дамыту стратегиясын, басқару саласындағы стратегияны және де қоғамның даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында алға біршама тапсырма қойылып отыр.
4. Қазақстан Республикасының ішкі саясаты туралы сөз қозғай отырып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Жаңа онжылдық–жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауы туралы сөз қозғамай кету мүмкін емес. Елбасымыз алдағы онжылдықта экономиканы дағдаарыстан кейінгі дамуға әзірлеу қажет екендігін, жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканық тұрақты өсуіне қол жеткізу керек екенін, адам капиталының қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа белсенді инвестициялау қажетін, қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерімен қамтамасыз ету қажетін, ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту керек екенін айтып өткен еді. Еліміздің экономикасын өрге өрлету үшін экономиканы әртараптандыру, сауатты сауда саясатын жүргізу, экономикаға инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті дамыту, отандық тауарларды әлемдік нарыққа шығару – аталмыш жоспарда ел экономикасын дамытуға бағытталған алға қойылған мәселелер болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет