Ерейментау қаласы
Бөгенбай батыр атындағы
қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
«Қазақ әдебитеті» пәні бойынша аудан көлемінде өткізілген шеберлік сыныбы
6-сынып
Тақырыбы: М.Мағауин «Бір атаның балалары». Ахмет бейнесі. (2-сабақ)
Тақырыптың әдістемелік негіздемесі:М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаяты 6-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес берілген шығарма. хикаятта соғыс қайғысын көрген көрген, аяулы азаматтарынан айрылған қарапайым, ұлттық ерекше қасиетімен бейнеленген Ахмет сияқты адамдардың панасыз қалған балалардың ұлтына, тіліне, түріне қарамай, жатсынбай қамқорлыққа алу жолындағы қиындықтар, хикаяттың негізіндегі шындық пен тарихи деректілік беріледі.
Хикаяттың бас кейіпкері Ахмет Бегімбетовтің өжеттігі, қайсарлығы, бауырмалдығы арқылы оқушылар қазақ халқының бойындағы бауырмалдылық, толеранттық қасиеттерді бағалайды.
Сабақ жоспары
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні
|
Нұрмұханов Б.Ж.
| 6 -сынып
Оқушының саны - 20
|
Ақмола облысы Ерейментау ауданы
Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі
|
|
15.04.2015ж.
|
№ 2 сабақ 13:05-13:50 № 9 кабинет
|
Сабақтың тақырыбы
| М.Мағауин «Бір атаның балалары». Ахмет бейнесі. (2-сабақ) |
Сілтеме
|
6- сынып оқулығы (227-бет,әңгіме мәтіні), слайдтар
|
Жалпы мақсаты
|
а) білімділік: Ахмет бейнесі жан- жақты ашылады;
ә) дамытушылық: оқушылар өзіндік пікірін қалыптастырады;
б) тәрбиелік: кейіпкерлердің әрекеті арқылы достықты қадірлеуге үйренеді;
|
Міндеттер:
|
1. Бүгінгі тақырыпты түсінулерін анықтау;
2. Оқушылардың өздік жұмыстары арқылы білім беруге ықпал жасау, диалогтік оқыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;
3. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.
|
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
|
1.Кейіпкер бейнесін талдау арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығады;
2. Аталған мәселе бойынша оқушылар өз пікірлерін білдіре алады
|
Сабақтың түрі,әдіс
тәсілдері.
|
Аралас сабақ.
Зерттеу, жүйелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап.
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар
|
Тапсырмалар
|
Кластер құрастыру, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме
|
Күтілетін нәтиже
|
Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алады.
Алған білімдерін өмірде, қалай қолдану керектігін, оны пайдаланудың мүмкіндіктерін тудырады, сабаққа деген қызығушылығын арттырады
|
Кезеңдері
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру (2 мин.)
|
Амандасу. Біз өткен сабақта қай шығармамен таныстық? Бұл шығарма қай кезең оқиғасы суреттеледі? Биыл Жеңіске неше жыл?
Ендеше біз әңгіме тақырыбына байланысты екі топқа бөлінеміз. Мына суреттерді аламыз.
|
Оқушы жауаптары тыңдалады.
Топқа бөлінеді.
1-топ «Бейбітшіллік құсы», 2-топ «Жеңіс»
|
|
Суреттер
|
Бүгінгі сабақтың ұраны
|
«Адам баласына адам баласының
бәрі – дос, жолдас, бауыр»
Абай
|
Мұғаліммен бірлесе отырып, критерийлер құру
|
|
|
Үй тапсырмасын тексеру (3мин.)
|
«Сазды қобдиша». Әуен ойналады, Әуен тоқталған кезде бір оқушы қобдишадан сұрақ жазылған қағазды алып жауап береді
1. Ауылға қандай балаларды алып келді? Жетім
2. Соғыста бір қолынан айрылған кім? Дәуренбек
3. Татар баласының есімі кім, жасы нешеде? аты Рәшит, жасы жетіде
4. Қазақ балалары кімдер? Нартай, Ертай
5. Ахмет қай ұлттың баласын таңдады? неміс ұлтының баласы Зигфрид
6. Шығармадағы Берден кім болып жұмыс істеді? Бригадир
|
Сұрақтарға жауап беру
|
Формативті бағалау
|
Қобдиша
|
Жаңа сабақ.
1.Ой қозғау(1мин.)
Кейіпкер бейнесіне талдау
(6 мин.)
|
Тақтада кейіпкер іс-әректі жазылған үзінділер беріледі. Бұл кім?
Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады
Сабағымыздың ұраны:
Бүгінгі ай мен күнді, тақырыпты жазғызу.
Ахмет бейнесі
Дәптерлеріне 1-топ Ахметтің сырт келбетіне байланысты сөздер жазу, 2-топ мінезіне байланысты бір-бір сөз жазу. Жазып болған соң топ болып, постер қорғау.
1-топ. Ахмет портреті
2-топ. Ахмет мінездемесі
|
Әр топ өз болжамын айтады
Оқушылар жеке жұмыс жасайды, кейін топ болып өз ойларын жазып, қорғайды.
|
Формативті бағалау
|
Интер белсенді тақта, слайд
|
4. Сергіту сәті.
(1мин.)
|
«Ақ бұлақ» биін көрсету
|
Би қимылдары арқылы бойларын сергіту
|
|
|
3минут
|
Ахметтің ұстанымын білдіретін сөздерді оқулықтан табу. (2топ)
Неміс деп, орыс, қазақ деп бөлу пайғамбарға шет, құдайға күнә.
|
Топтар тауып оқиды
|
Формативті бағалау
|
Сурет
|
3минут
|
Абайдың сөзі мен Ахмет ұстанымы сәйкес келе ме ?
Слайд «Ахмет бейнесіне байланысты қандай анықтауыштар қолданар едіңдер? »
Ендеше «Ахмет қарт - Ахмет-қазақ халқының асыл қасиеттерін бойына жинаған дана қария» деген тұжырыммен келісеміз бе? (тақтадан көрсету)
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
|
|
|
Бағалау
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма.
|
Эссе «Ақпыз, қара сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз...»
|
|
|
|
Кері байланыс.
|
Оқушыларға парақшалар үлестіру.
«Жақсылық тамшылары»
|
|
|
Парақшалар
|
Қорытынды сөз
|
Иә, балалар, адамгершілігі мол, мейірімді, жақсы болу үшін ешқандай шекараның, нәсілдің, ұлттың, білімнің қажеті жоқ екеніне, қазақ халқының пейілінің кеңдігіне біз осы шығарма арқылы көзіміз тағы жете түсті. Оның дәлелі, бүгінде көп ұлтты мемлекетіміздің бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқандығын айтуға болады. Жүрек жылуы болса, жеткілікті екен. Негізгісі – атаның емес, адамның ұлы бола білу.
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |