Байланысты: 1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау
50. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу. ХIХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкiметi Қазақстандағы хан билiгiн жоятын уақыт жеттi деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негiздер де, қажеттi бiрқатар алғышарттар да жеткiлiктi деп санады. Бiрiншiден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшiлiгiнiң алдында өздерiнiң беделiнен айырылып қалды. Жергiлiктi халық патша үкiметi тағайындаған хандарды көбiнесе Ресей империясының кәдiмгi көп шенеунiктерiнiң бiрi ғана деп қабылдады.
Екiншiден, бұл кезде патша үкiметi Кiшi жүздi де, Орта жүздi де бiрнеше әкiмшiлiкке бөлшектеген едi. Мұның өзi патша үкiметiнiң көшпелi қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. Сөйтiп, Орта жүз бiрi – Ертiстiң оң жағалауы, екiншiсi – Ертiстiң сол жағалауы болып екiге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кiшi жүзден бөлiнген Iшкi Орда құрыл- ғанын айттық. Бiр кездегi бiртұтас жүздердiң арасын- да ендiгi жерде ешқандай да еркiн байланыс жасау мүмкiндiгi қалмады, өйткенi ондай қарым-қатынас жасауға қатаң тыйым салынды.
Үшiншiден, ХIХ ғасырдың бас кезiнде Шыңғыс ұрпақтарының бір- қатары патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне белсендi қарсылық бiлдiрген оқиғалары көбейiп кеттi. Ал ақыр соңында, патша үкiметi Франциямен соғыс аяқталғаннан кейiн жеткiлiктi әскер күшi мен адам ресурстарына ие болды. Мұның өзi оның тәуелсiз қазақтардың заңды билiгiн – хан билiгiн бiржола жоюға итермеледi. Өйткенi хан билiгiнiң сақталуы патша үкiметiнiң өлкенi шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергi кел- тiрген едi.
1822 жылғы «Сiбiр қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» және Орта жүзде хандық билiктiң жойылуы. Орта жүзде Бөкей хан мен Уәли хан қайтыс болғаннан кейiн патша үкiметi жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сiбiр генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдiң жарлығымен бекiтiлген «Сiбiр қырғыздары (қазақта- ры. – авт.) туралы Жарғы» күшiне ендi.
Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бiрi Орта жүздегi хан билiгiн бiржола жою болатын. «Жарғы» өзiнiң мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстiк- шығыс аймақтарын iс жүзiнде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтiп, әкiмшiлiк, сот және аумақтық басқару жүйесi түбiрiмен өзгертiлдi.
1824 жылғы «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөнiндегi Жарғы» және Кiшi жүздегi хан билiгiнiң жойылуы. Орта жүздегi хан билiгiнiң жойылуы Кiшi жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңiлдеттi. Бұл кезде Кiшi жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлi тоқтаған жоқ едi. Хан билiгi әлсiреп, қол астындағы халық арасында беделiнен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесiнiң губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары. – авт.) жөнiндегi Жарғының» жобасын жөнелттi. Бұл кезде Кiшi жүзде Шерғазы әлi де хан болып тұрған едi. Қазақтардың шегара шебiне және Орынбор өлкесiнiң iшкi округтерiне ша- буыл жасауы жиi-жиi қайталанумен болды. Орын- бор өлкесiнiң бастығы ұсынған жоба толықтыра түсу үшiн Азия комитетiне қайтадан жiберiлдi. Жарғының түпкiлiктi жобасын Ресей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде бiржолата бекiттi. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейiн ай сайын жалақы төленiп тұратын болды. Сөйтiп, Кiшi жүздегi хан билiгi де жойылды.
Бұл реформа бойынша Кiшi жүз аумағы Жайықтың сырт жағын- дағы үш округке бөлiндi. Кейін ондағы әкiмшiлiк бiрлiктерiнiң аттары өзгертiлiп, Батыс, Орта және Шығыс бөліктер деп аталды. Жүздегi өкiмет билiгi Орынбор губернаторына тiкелей бағынатын үш басқарушы- сұлтандардың қолына көштi.
Кiшi жүздегi ауыл старшындарынан бастап, басқарушы сұлтандарға дейiнгi барлық лауа- зымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзi тағайындайтын болды. Сайлау жүйесi жойылды. Әр үй басына салынатын «түтiн салығының» мөлшерi 1,5 күмiс ақшаға (сомға) тең болатын. Жалданып жұмысқа тұрушылар үшiн айына 15 тиыннан алым енгiзiлдi. Басқарушы сұлтандардың жанында шешек ауруына қарсы егу жұмыстарын жүргiзетiн бiр-бiрден қазақ фельдшерi болды.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары. Ресей империясы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан аумағындағы отаршылдық іс-әрекеттерін күшейте түсті. Бұл қазақтардың жерін тартып алу барысында айқын көрінді. Патша үкіметі Елек өзенінің бойындағы Кіші жүз қазақтарының жерін қосып алып, жаңадан Жаңа Елек шебін құрды. Жаңа Елек шебі Жайық, Елек, Құралай және Бер-1822–1824 жылдардағы жарғыларды енгi- зудiң салдары. Бұл жарғылар, негiзiнен алғанда, алысты көздейтiн арам ниеттi пиғылмен жасалған едi. Соның салдарынан Кiшi жүз бен Орта жүз қа- зақтары өздерiнiң тәуелсіздiгiнен айырылып қалды. Қазақстан бiрте-бiрте Ресей империясының отарына айналды.
1822 жылы табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы Ресейге қарсы соғыс жа- риялады. Елек өзені бойындағы жерлерді қай- тарып алу жолындағы күреске басшылық етті. Жоламан батыр өзінің қол астына 3 мыңға жуық көтерілісшіні топтастырды. Ресей империясының жазалаушы әскері 1825 жылы көтерілісшілерге шабуыл жасап, қара- пайым халықты аяусыз қырып-жойды.
Жоламан Тіленшіұлы көтерілісін қатаң жазалаған патша үкіметі қазақтардың байырғы қоныстарын кең көлемде тартып ала бастады. Қазақтар тағы да 4 миллионға жуық десятина жерінен айырылды. 1835 жылы Ор және Троицк бекіністері аралығында өтетін шегаралық шеп қазақ даласының ішкі жағына қарай жылжытылды. Жаңашеп аймағы құрылды. Осының бәрі отаршылдыққа қарсы жаңа көтерілістің тууына алып келді. 1825 жылы көтерілісті Қарқаралы округі қазақтарының басқарушы сұлтаны Саржан Қа- сымұлы басқарды. 1826 жылы Саржан Қасымұлы жасағы патша үкіметінің әскеріне қарсы ашықтан ашық шайқасқа шықты. Алайда олар жеңіліске ұшырады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістер жеңіліс тапқанымен, қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тарихында ерекше орын алады.
Конец формы