1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы әкімшілік реформалар



бет48/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

51. ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы әкімшілік реформалар
1867—1868 жылдардағы реформаның дайындалуы. Дала комиссиясы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының аяқталуы империяның Қазақ өлкесіне байланысты саясатына біршама түбірлі өзгерістер әкелді.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі аймақтағы ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. Ыңғайлы халықаралық жағдайды пайдаланып, Ресей империясы өзінің алысты болжайтын саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып, Қазақстанда отаршылдық тәртіпті күшейтуді қолға алды.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатының осылайша өзгеруінің айқын көрінісі — қазақтарды басқару туралы 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы.
1867—1868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің өз ішіндегі реформалық өзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.
Осы міндетті жүзеге асыру үшін ХІХ ғ. 60-жылдары басында қазақтардың саяси әкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге Сібір комитетінің басшысы Бутковтың төрағалық етуімен арнаулы комиссия құрылды.
Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, билік бір адамның қолына жинақталуы қажет деп тапты. Бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға бөліп басқаруды ұсынды.
Бутков комиссиясы өзінің жасаған жобасын Орынбор генерал-губернаторы Безакқа тапсырады. Жобамен танысқан генерал-адъютант Безак Орынбор қазақтарының облыстық басқармасынан Бутков жобасына байланысты пікірін білдіруді сұрайды. 1864 ж. 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде Бутков комиссиясының аталған жобасы мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет дала комиссиясына беру қажет деген шешім қабылдады. Ішкі істер министрі кеңесінің мүшесі статс-кеңесші, полковник Гирс төрағалық еткен бұл дала комиссиясының құрамына аталған министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап, жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы әкімшілік басқару негіздері туралы жоба жасау міндеті жүктелді.
Қазақ даласына іссапарға шыққан комиссияның назарына төмендегідей бағдарламалық сұрақтар белгіленді: Жаңа билік қандай болуы керек? Бұрынғы тәртіптерді, сұлтан қызметтерін қалдырудың қажеті бар ма? Қазақтардың жауынгерлік қабілеті қандай? Олардан әскери бөлімдер құруға бола ма? Өлкедегі сот ісі қандай болуы керек? Салық салудың тәсілдері мен мөлшерін белгілеу және қазақтарды отырықшылыққа көшіру қажет пе? Қазақ жерлерін отарлауды қалай күшейтуге болады? Қазақстандағы мұсылмандықтың таралуы қандай дәрежеде?
Гирс комиссиясы 1865 ж. 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. Петербургтен Омбыға 15 шілдеде жеткен комиссия туралы қауесет хабарлар бүкіл қазақ даласына тарап үлгерді. Алайда реформа дайындығы астыртын, халықтан жасырын жүргізіліп жатқан-тын. “Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның” жасалу барысы құпия түрде жүргізілді.
1867—1868 жж. Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторлық пен 6 облысқа кірді. Қазақстандағы отарлаушы әкімшіліктің жоғары өкілі — генерал-губернаторлар болды. Олар өлкенің бүкіл әкімшілік-полициялық аппаратын басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап берді. Басқаша айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын қадағалады, яғни 1867—1868 жж. реформа бойынша Батыс Сібір, Орынбор, Түркістан өлкелерінің басшыларына неғұрлым басым құқықтар берілді:
1) Әскери қолбасшы, соның ішінде казак жасағының атаманы;
2) Кең түрдегі әкімшілік функция (уезд бастығын тағайындау, т.б.);
3) Сот функциясы (уездік соттарды бекітті).
Соның ішінде Түркістан генерал-губернаторына кең құқықтар беріледі, себебі Ұлы жүз Ресей империясына ең соңында кіргендіктен, өлкенің қашықтығынан көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнату сияқты, т.б. міндеттерді атқарды. Облысты әскери губернатор басқарды. Үш билік: әкімшілік, сот билігі ісіне бақылау, әскери билік әскери губернаторлардың қолына жинақталды. Әскери губернаторлар облыс аумағындағы (Сырдария, Торғай облыстарынан басқа) казак әскерінің атаманы болып саналады. Бұл ережелер “уақытша” деп аталып, уақытша статус алғандықтан, тек 1886 ж. Түркістанда, 1891 ж. Далалық өлкеде өз заңды күшіне енді (36-беттегі сызбаны қараңдар).
1886—1891 жж. реформаларда империялық соттар күшейтілді. “Ереженің” ІІ тарауы “Сот құрылысына” арналды. Түркістан өлкесін басқару туралы “Ереже” бойынша қазақ даласында империялық типтегі соттар құрылды: 1) Мировой (бітістіруші) судьялар; 2) Облыстық соттар; 3) Жоғарғы сот инстанциясы — Үкіметтік сенат болды.
1867 ж. Ережеден айырмашылығы — әскери соттар алынып тасталды. Халық соты (билер соты) сақталып қалды. Облыс шеңберінде облыстық соттар құрылды, ал уездерде және ірі қалаларда мировой судьялар тағайындалды. Оларды Әділет министрі тағайындады.
Жергілікті халық арасындағы қылмыстар мен қылмыстық әрекеттер халық сотының қарамағында қалдырылды. Әдетте қылмыстық және азаматтық істерді қарау билердің қарауынан басталды. Әскери губернаторлар бекіткен халық соттары (қазылар соты) Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің ең соңғы буыны болды. (Халық соты ®, бітістіруші сот ®, облыстық сот ®, Сенат).
Жер мәселесі мен 80—90-жылдардағы әкімшілік жүйедегі өзгерістер (қосымша беттегі картаны қараңдар). “Уақытша Ереженің” отарлық сипаты патша үкіметінің жер саясатынан көрініс тапты. Жер мемлекеттің меншігі деп жарияланды.
1886 ж. Ереженің ІІІ тарауында жер мәселесі туралы “Мал жайылымы алып жатқан мемлекет меншігіндегі жерлер көшпенділердің қоғамдық пайдалануына беріледі” (270-тармақ) делінсе, 1891 ж. Ережеге мына бап қосылып, жерді күштеп тартып алуға заңдық негіз қаланды: “Мал жайы­лым­дары алып жатқан жерлер, сонымен қатар жер қойнауы мен ормандар да мемлекет меншігі деп танылады” (119-тармақ).
“Көшпенділерден артылып қалған жерлер мемлекеттік мүлік министрлігінің қарамағына өтеді”.
Көшпенділер пайдаланған жер қыстауға, жайлауға және өңдейтін жерлерге бөлінеді.
“Мал жайылымдары жетіспеген жағдайда, мал иелері ауыл қоғамдары мен жеке адамдардың жерінде мал жайғаны үшін ақы төлеуге тиіс болды”.
Сөйтіп, халық есебінен жиналған ақшадан 12 жылда 5 млн сом (75%) бюджет қаржысынан әскерге бөлінді, оның 25% бюрократтық аппаратты ұстауға жұмсалды. Жергілікті қаржы есебінен құрылған мектептер тек орыстандыру мақсатында ашылды.
Сонымен, патша үкіметінің жер және салық саясаты отарлық сипатта болды, халықты әбден титықтатты, ауқаттылардың, көпестердің және т.б. баюына жол ашты. Қазақ көшпелі қоғамы, патриархаттық-рулық қоғам ыдырау жолына түсті. Көшпелі қоғам мүшелерінің жайылымын тартып алғандықтан, қазақтар жерді жалға алуға мәжбүр болды, ал ақшалай салық төлеу мал санының кемуіне әкелді.
1886 ж. 2 маусымдағы “Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже” бойынша Түркістан өлкесіне Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария облысы Әмудария бөлімі мен 5: Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата, Ташкент уездерінен тұрды.
Түркістан өлкесін басқару әскери министрліктің қарамағында болады делінген (8-тармақ). Әкімшілік құрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан тұрды.
Түркістан өлкесінің бас басқармасы генерал-губернаторға сеніп тапсырылды. Бас басқарма мемлекеттік құрылыс жұмыстары, сауданы ұйымдастыру, несие операцияларын бекіту, саяси жағынан күмән туғызатын түземдіктерді жер аудару сияқты міндеттерді атқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет