1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіргізілуі. Қазақстанның Ресей империясына қосылуы



бет46/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

49. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіргізілуі. Қазақстанның Ресей империясына қосылуы.
XVIII ғасырдың 20 жылдары қазақ халқы үшін тарихта ел басына күн туған кезең болды, көршілес елдер тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты, әсіресе жоңғарлардың шығыстан ойран салып ірі соққылар беруі, қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өміріне қиындата түсті. Сыртқы саясаттағы жағдай қазақтарды орын алған жағдайдан шығу жолын іздеуге мәжбүр қылды. 1726 жылы Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, старшиндар Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлымбай және басқалары Ресейге, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы Қойбағарды жіберген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды, сонда да Әбілқайыр хан өзінің бодандығынан және пиғылынан қайтпай, 1730 жылы қыркүйекте Уфа арқылы елші жібереді. 1731 жылы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Әбілхайыр ханнан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді.
1731 жылы 5 қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілхайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында жауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды. Әбілқайыр 1731 жылы 10 қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттармен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді. Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен қатар халықты апаттан сақтауды да ойлады, оған Бөгенбай, Есет батырлар мен Құдайменде мырза қосылды.
Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының жан-жақты негіздерін теріске шығармай, Әбілхайырдың жеке көреген саясатын естен шығармау қажет, ол ресейлік әкімшілікке сүйене отырып, барлық саяси қарсыластарының көзқарасын әлсіретуді, жекеше билікке күресуде әлеуетті қарсыластарынан жоғары тұруға үміттенді. Әбілхайырдың және оның жақын серіктестері, беделді батырлар Бөгенбайдың, Жәнібектің, Есеттің және т.б. басты мақсаты барлық қазақ руларын біріктіру және Ресейдің формальды қамқоршылары арқылы орталықтандырылған мемлекет құру болды. Алайда, Кіші жүз ресейлік бодандықты қабылдаған соң Қазақстандағы жағдай күрделі болып қалды. Жоңғарлардың ойран салып басып кіру қаупі арылған жоқ.
1731 жылдың аяғында Әбілқайыр және Бөгенбай батыр өздерінің елшілерін Орта Жүзге жіберіп, Семеке ханға, егер Ресей бодандығын қабылдаса орыс әскерлерінің көмегімен өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндігі жөнінде уәде берді. Семеке Әбілхайырдың ұсынысын қабылдады. 1732 жылы Орта жүздің кейбір бөліктері Ресей құрамына формальды түрде кірді. Алдағы оқиға көрсеткендей, Семеке Ресей империясымен келісімшартты сақтамауға тырысты: ресей бодандығындағы башқұрттарға шабуыл жасады. Жоңғар шабуылшыларының қаупі Орта жүздің беделді феодалдарын Ресейге олады өзінің құрамына алу туралы қайта жүгінуге оятты. Анна Иоанновнаның 1734 жылғы 10 маусымдағы грамотасымен Семекенің және оның сыбайластарының өтініші қанағаттандырылды.
1732 жылы 24 қарашада Тевкелев өз міндетін аяқтап, Найзакескеннен кері жолға шықты. 1733 жылы 2 қаңтарда Әбілхайырдың Петербургке жіберген елшісімен Уфаға келді. Оның құрамында Әбілхайырдың ұлы сұлтан Ералы, ханның немере інісі сұлтан Нияз, старшиналар Шандыбай, Мырза Құдай-Назар, Мырзагелді батыр және т.б. болды. Петербургтегі келіссөздің нәтижесінде Кіші Жүздің Ресей бодандығына кіруі ресми ресімделді.
Сонымен бірге, 1733-1734 жылдары Оңтүстік Қазақстанның кейбір билері мен беделді сұлтандары Ресей бодандығын қабылдауға деген ықыласын білдірді Анна Иоанновна патшайымның 1734 жылғы 10 маусымдағы Жарлығы үкіметтің Ұлы Жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы келісімін куәландырды. Алайда, оның Ресейден қашық орналасуы, сондай-ақ Жоңғарлармен қызба қарым-қатынаста болуы, 1740 жылы ресейлік бағдарды ұстап тұрған Жолбарыс ханды өлтіру бұл жоспардың жүзеге асуын ұзаққа жылжытты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет