1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары



бет72/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

82.Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары.
1927 жылдың 15-23 қараша аралығында өткен VI Бүкілқазақтық партия конференциясында қазақ байларын күшпен тәркілеу туралы шешім шығарылды. Тәркілеуге қатысты түрлі әңгімелердің мазмұнынан қорыққан халық мейлі бай болсын, кедей болсын малдарын жаппай сатудың немесе жасырып қалудың жолдарын іздестірді
Қазақ байларын тәркілеу туралы декрет 1928 жылдың 27 тамызында қабылданды. Қабылданған декрет бойынша,ірі байларға көшпелі аудандарда ірі малға шаққанда төрт жүз бастан жоғары малы бар,жартылай көшпенді аудандарда үш жүз бастан жоғары малы бар, ал отырықшы аудандарда жүз елу бастан жоғары малы бар қожалықтар жатқызылды.Бірақ отыпықшы аудандарда ірі бай қатарына жүз тұяғы барларда жатқызылып,тәркілеуге ұшырады.
Осылайша мемлекет бай және дәулетті шаруашылықтарға алдымен шектеу жасауды,соңынан толық жоюды мақсат етті. 20-жылдардағы Қазақстан шаруалары тікелей экцпроприациялау,соңынан жаппай саяси қуғын-сүргін формасына ұласқан «төтенше» науқандардың трагедиялық қатерлі сәттерін өз бастарынан өткізді,


83.Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме болып, онда «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданды. Онда қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың қазақтың көшеплі және жартылай көшпелі қожалықтарын отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мәнінде, осы кезеңде нақты отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру үрдісін Бүкілодақтық екпінді шараға айналдыруға барынша күш салды. Осы мақсатпен жергілікті жерлерде Қазақстан одақтағы көшпелі халықтар арасындағы отырықшыландыру пионері болуы тиіс ұсыныс та белең алды. Алайда, мұның ешқайсысы да одақтық үкімет тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Орталық бұл жылдары жаппай ұжымдастыру шараларын жүргізуді алғашқы орынға қойды. Республика басшылығының ұжымдастыруды отырықшыландыру негізінде жүргізу туралы ұсыныстары қабылданбай, керісінше «жоғарыдан» отырықшыландыру ұжымдастыру негізінде жүзеге асыру талап етілді.
Отырықшыландыру шараларын жүзеге асыруды қиындата түскен басты нәрсе – оған деген бюрократиялық және әкімшіл-әміршіл біржақты көзқарастың орын алуы еді. Осының әсерінен отырықшылана бастаған шаруаны құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мүмкін болмай қалды. Бұл, әсіресе, Қазақстаннан тыс жерлерден ағаш тасып әкелуге байланысты жұмыстарда анық көрініс берді. Ағашпен қамтамасыз ету жоспарлары орындалмай, жаңа құрылыстар бар болғаны 25 -30 % құрылыс материалдарымен ғана қамтамасыз етілді. Ағаш дайындайтын одақтық мекемелер Қазақстанға арнап ағаш тасымалдауға немкетті қарады. Отырықшыландыру үрдісі басталғанда техникалық жабдықтау мәселесі аса үлкен қажеттілікке айналды. Сондықтан, отырықшыланатын қазақ ауылдарын соқамен, тырмамен, тұқым сепкіш машинамен алдын-ала қамтамасыз ету жоспарлары белгіленді. Алайда, Мәскеудегі орталықтардың отырықшыландырудың өзіне жеткілікті көңіл бөлмеуі, ал республика басшылығының өздері бекіткен машинамен жабдықтау жоспарының орындалуын қадағаламауы салдарынан жоспарда белгіленген аз ғана техниканың өзі де қазақ ауылына уақытында жетпей қалды. Арнайы шаруашылық машиналарына бөлінген қаржыны өндіріп алуда жүгенсіздіктер орын алды. Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша машинамен жабдықтауға бөлінген кредитті халықты отырықшыландырудың төртінші жылынан бастап қана төлей бастаулары керек еді. Ал, жергілікті басшы органдар болса бұл тәртіпті о бастан-ақ бұзып, машинаны босатқан бетте оның құнының 30-40 % -ын алдын-ала жедел төлеуді талап етті. Мұның өзі отырықшыландыру барысында бар малын қауымдастырып, өздері қайыршылана бастаған халықтың тұрмысын ауырлата түсті. Жергілікті жерлерге машиналар жеткізу ісіне немқұрайлы қарау да орын алды. Егер егіншілік аудандарына шөп шабатын машиналар апарылса, ал мал шаруашылығымен айналысатындарға топырақ өңдейтіндер жеткізілді. Бұрынғы көшпелі қазақтың ауыл шаруашылығы машиналарының тілін білмеуі, машинамен жабдықтаушы ұйымдар тарапынан үйретудің болмауы отырықшыланған шаруаны бұрынғыша ата-баба әдісімен жұмыс жасауға – шалғымен орып, ағаш соқамен жыртуға мәжбүр етті. Еш қозғалыссыз, ашық аспан астында жатқан машиналар тозып бітті. Мамандар жетіспеді. Округтік органдардың қазақ аудандарын қажетті мамандармен қамтамасыз етуге немкетті қараулары салдарынан материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген, пәтері жоқ және қазақ тілін білмейтін мамандары отырықшыландыру аудандарында көп тұрақтамады. Қазақстанға сырттан келген келімсектерден құралған өндіріс орындары мен кеңшарлардың қазақ шаруаларына қол ұшын бермеуі де отырықшыландыру үрдісін қиындата түскен еді. Қазақстандағы ірі одақтық кәсіпорындар басшыларының байырғы халықтан өнеркәсіп пролетариатын жасауға көңіл бөлмеулері де отырықшыланатын қазақтарды жұмысшылар қатарына тарту жоспарын 66 % -ға ғана орындауға мүмкіндік берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет