1.Қоғамдық өндірістің негізгі санаттары мен факторлары



бет10/10
Дата15.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#131806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
с, тарих воуд
Бөлу процессі жекелеген қатысушылар мен әлеуметтік топтар алатын табыс көлемін анықтауды білдіреді. Табыстарды бөлу кез келген қоғамда біркелкі болмайды: бір әлеуметтік топтар (кәсіпкерлер) жоғары табыс алатын болса, басқалары салыстырмалы төмен табысты иеленеді. Табыстар деңгейіндегі айырмашылық экономикалық субъектінің өндіріс факторларын иелену дәрежесімен белгіленеді. Алғашқы бөлу (өндіріс факторлары бойьшша) әлеуметтік көзқарас тұрғысынан әділетсіз болып табылады. Сондықтан ол салық, субсидиялар, мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдер, қоғамдық қорлар арқылы толықтырылатын екінші реттегі бөлумен (қайта бөлумен) толықтырылады. Алғашқы бөлу нарық механизмі арқылы жүзеге асса, қайта бөлу процессі мемлекеттің белсене араласуы арқылы жүзеге асады.
  • Айырбас - тұтынуға қажетгі игіліктер мен өндіріс ресурстарының экономикалық қызметтерге қатысушылардың бірінен екіншісіне ауысып отыру процессі. Бұл процесс тұтынушылар мен өндірушілер арасында қатынас жүргізеді. Осылайша экономикалық қатынастар қалыптасады. Айырбас әдістері көп. Ең бастысы, айырбас қатысушьшар үшін табысты, жалпы қоғам үшін тиімді болып саналады.
  • Шаруашылық жүргізудің аяқтаушы бөлімі - тұтыну. Тұтыну ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында тауарлар мен қызмет көрсе­тулерді пайдалануды көздейді.
  • Игіліктер тұтынылған соң таусылады, соған байланысты оларды қайта өндіру қажеттігі туындайды. Осындай үздіксіз қайталанып отыратьш өндірістік процесс ұдайы өндіріс деп аталады және ол қарапайым, кемімелі, кеңейтілген ұдайы өндіріс больш бөлінеді. Қарапайым ұдайы өндіріс - өндірілген өнімнің сапасы мен көлемі жылдан жылға өзгеріссіз қалпында қалатын ұдайы өндіріс. Кеңейтілген ұдайы өндіріс - өндірілген өнімнің сапасы мен көлемі жыл сайын өзгеріп, жетілдіріліп, ұлғайып тұратын ұдайы өндіріс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет