Кез-келген қоғамда адамға қажетті заттар өндірілуі қажет. Оларды жасау өндіріс процессінде жүзеге асады. Осыған байланысты өндірістің екі түрін ажырата білу маңызды
Материалдық және материалдық емес өндірісті ажырата білген жөн. Материалдық өндіріс иігіліктерді өндіру мен қызмет көрсету салаларын (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, кұрылыс, тұрмыстық қызмет көрсету, т.б.) біріктіреді.
Материалдық емес өндіріс материалдық емес қызмет көрсетулер мен рухани құндылықтарды өндіруге (денсаулық сақтау, білім беру, т.б.) қатысты. Бұл өндіріс түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, бірі болмаған жағдайда екіншісінің болуы мүмкін емес.