1.Қоғамдық өндірістің негізгі санаттары мен факторлары



бет7/10
Дата15.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#131806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Нарық экономикасында барлық адамдардың кәсіпкерлікті бастау мүмкіндіктері бірдей болады. Бірақ әр түрлі қабілеттер әр түрлі нәтижелер береді. Олардың тек 5-10% 1 ғана керекті нәтижеге жетеді. Сондықтан басқару қабілеті де өндіріс факторларына жатады.

  • Нарық экономикасында барлық адамдардың кәсіпкерлікті бастау мүмкіндіктері бірдей болады. Бірақ әр түрлі қабілеттер әр түрлі нәтижелер береді. Олардың тек 5-10% 1 ғана керекті нәтижеге жетеді. Сондықтан басқару қабілеті де өндіріс факторларына жатады.
  • Технология және ғылыми-техникалық ресурстар қоғамның жинақтары, бүгінгі таңдағы техникалық процесстіңтың 1 дүниесі. Ресурстар қалай бөлінгеніне қарамастан, олардың мақсаты бір, яғни экономикалық іскерлікте, игіліктерді өндіруде барынша қолайлы жағдай тудыру.
  • Игілік кез келген зат, ол материалдық, сонымен қатар материалдық емес болады және тұтынушының белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады немесе өндірушінің көздеген максатына сәйкес қолданылуы мүмкін. Нарықтык экономикада олар тауарлар мен қызметтер деп аталады. Қызметтер түріне байланысты игіліктер екі түрге бөлінеді: өндірістік ресурстар және оларды пайдалану негізінде өндірілетін тұтыну игіліктері.
  • Кейбір игіліктер (атмосфера ауасы) шектеусіз көлемде болса, енді бірі шектеулі (заттар, қызмет көрсету) болады. Шектеулі экономикалық ресурстар деп аталады.
  • Экономикалық теория осы шектелген (экономикалық) игіліктерді зерттеуге бағытталған.
  • Экономикалық игіліктер ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік болып бөлінеді. Ұзақ мерзімдік игіліктер көп ретті пайдалануға арналған (автомобиль, кітап, электроқұралдар және т.б.). Қысқа мерзімдік игіліктер бір рет пайдалану нәтижесінде таусылады (нан, ет, жеміс-жидек, сіріңке және т.б.).
  • Экономикалық игіліктер бірін-бірі ауыстыратын (субституттар) және бірін-бірі толықтыратын (комплемен­тарлы) игіліктер болып бөлінеді. Субституттарға келесі игіліктер мысал бола алады: ет - балық, маргарин - май, шай-кофе, т.б. Комплементарлық игіліктерге келесілер жатады: үстел - орындық, компьютер - принтер, автомобиль - бензин, фотоаппарат- фотопленка, т.б.
  • Сонымен қатар, экономикалық игіліктер қазіргі және болашақ, тікелей және жанама болып та бөлінеді. Адам қажеттіліктерін тікелей түрде қанағаттандыратуға игіліктер тікелей игіліктер болып табылады. Олар тұтыну затта­ры деген атау алды. Ал жанама игіліктер қазіргі кезде болашақтағы тұтыну заттарын өндіруде қолданылады. Олар­ды өндіріс құралдары деп атайды.
  • Экономикалық өсудің барлық мәселелері қажеттіліктері қанағаттандыруға жұмсалатын ресурстармен байланысты. Бұның шешімдері екі негізгі экономикалық аксиомаларда көрініс табады.
  • Бірінші аксиома - қоғам қажеттіліктері шексіз және олардың толығымен қанағаттандырылуы мүмкін емес.
  • Екіншісі - тауарлар мен қызмет көрсету өндірісіне қажетті ресурстар шектеулі және сирек.
  • Сонымен, өндіріс үнемі өспелі қажеттіліктердің шексіздігі мен ресурстардың шектеулі аймағында жүзеге асырылады.
  • Ресурстардың шектеулілігі қоғамда төрт іргелі сұрақтарды тудырады:
  • «Не өндіреміз? ” - қандай игілік өндіреміз және қандай мөлшерде?
  • “Қалай өндіреміз?» - қандай ресурстарды және қандай технологияны пайдаланамыз?
  • “Кім үшін өндіреміз?» — өндірілген тауарларды кім тұтынады?
  • “Осы тауарлар мен қызметтердің айырбасы қалай іске асырады? ”
  •  
  • 3.Өндіріс мүмкіншіліктерінің қисығы және балама шығындар
  •  
  • Өндіріс мүмкіншілігінің қисығын талдайтын болсақ, келесідей, үш салдар шығады.
  • 1.Егер екі өнімнің тіркестері (комбинациясы) сызықтың бойында жататын болса, онда ресурстардың бәрі қолданылған, ал экономика тиімді болады.
  • 2.Егер екі өнімнің тіркестері (комбинациясы) Е нүктесі сызықтың сол жағында орналасатын болса, онда ресурстар толық қолданылмаған, ал экономика тиімсіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет