1.ҚР экономмикалық бақылауды ұйымдастыру


Негізгі қорлар бойынша амортизацияны есептеуді тексеру және ықтимал бұзушылықтар



бет41/70
Дата07.02.2022
өлшемі108,21 Kb.
#87571
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
Байланысты:
аудит экз ответы готовый

41. Негізгі қорлар бойынша амортизацияны есептеуді тексеру және ықтимал бұзушылықтар.
Амортизация – бұл активтің қызмет еткен мерзім бойына амортизацияланған кұнды тарату процесі.Ұйым негізгі құралдар объектісін амортизациялауға тиіс. НҚ амортизациясы ол пайдалануға дайын болған, яғни ол ұйым басшылығы жоспарлағандай жұмыс істей алуы үшін қажетті орында және жағдайда басталады. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал істең шықан негізгі құралдар бойынша - шыққан айдан кейінгі айды ңбірінші күнінен бастап токтатылады.Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалык тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шартталаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі ұйым есептік саясатымен аныкталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі мүмкін.1. Құнды бірдей етіп бөлу - бұл НҚ құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді. Бұл әдіс бойынша амортизация сомасы келесі формула бойынша есептеледі:Бастапқы құн — жойылу құны/ Пайдалану мерзімі 2 Өндірістік әдіс - амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі. Негізгі құралдардың тозуы (амортизациясы) тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде НҚ пайдалану мерзімі ескерілмейді.Бұл әдіс бойынша амортизация сомасы келесі формула бойынша есептеледі: Бастапқы құн- жойылу құны/ Орындалатын жұмыстың көлем 3 Жеделдетіп аудару әдісі. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз құрт өсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай.
Негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі. «Амортизация» - негізгі құралдардың құнын арнайы ақшаны – өндіріс шығындарына немесе негізгі құралдардың жай немесе кеңейтілген қайта өндірісіне айналуына кіретін амортизациялық аударымдар пайдалануына көшірудің объективті процесі. Негізгі құралдардың тозуын есептеу мен көрсетудің дұрыстығын тексеру үшін есеп саясаты жөніндегі бұйрық, негізгі құралдардың тозуын есептеу жөніндегі әзірлеме кестелер, нормативті құжаттар, 10 журнал ордер, Бас кітап 2410,2420 шоттары тексеріледі. Нормаланған амортизациялық кезең бойы тозуды есептеу тәртібі зерттеледі, әсіресе, негізгі құралдардың жиі қолданыстағы бөлігінің жылдам тозу әдістемесі пайдаланылатын объектілер бойынша амортизацияның бірыңғай нормаларының сақталуы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет