28 Ситуациялық тапсырма: Бастапқы мәліметтер. «К» ұйымының қаржылық-шаруашылық қызметіне аудит жүргізу үшін жасалған келісімнің шарттарында оның бухгалтерлік есебін растау және аудиторлық қорытынды беру көрсетілген. Тапсырыс берушінің тұрақты қаржылық жағдайы ешқандай күмән тудырмаған. Алайда, аудит жүргізу барысында қаржылық дағдарыс нәтижесніде «К» ұйымы қомақты залалдар көргендігі анықталды. Нәтижесінде, аудиторлық фирма тапсырыс берушінің 12 айдан артық қызмет ете алатындығына күмәнмен қарайды.
Бұл жағдайда аудиторлық қорытынды беріле ме? Берілетін болса, қандай формада беріледі?
Жауабы:Беріледі, себебі келісімшартқа отырған. Толық формада.
№29 есеп Ситуациялық тапсырма: Бастапқы мәліметтер. «К» ұйымы ұзақ мерзімді активтер негізінде жұмыс істейді. «К» ұйымының басшылығы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы мәліметтерді, олар туралы ақпараттарды маңызды емес деп есептегендіктен, бухгалтерлік есепке енгізбеу туралы шешім қабылдайды.
Бұл жағдайда аудитор қорытындының қандай түрін жасауы тиіс?
Жауабы: Бухгалтер болып жатқан операциялардың барлығын нақты көрсетуі тиіс. Аудитор бұл объектілерді тексергенде 38 ҚХЕС, 28 БЕС, ҚР-ның «Меншік туралы», «Тауарлық белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы» және басқа құқықтық-нормативтік актілерді басшылыққа алады.
№30 есеп Шаруашылық операциялардың мазмұны Дебет Кредит
Есепті тұлғадан іс-сапар шығындары есептен шығарылды 7210 1250
Есепті тұлғадан материалдарды дайындау шығындары есептен шығарылды
Оларға ҚҚС (материалдарға) 1420 1310
Кассаға есепті соманың қалдығы қайтарылды 1010 1250
Еңбекақыдан есепті соманың қалдығы ұсталынды 3350 1250