46. Аудитордың қызмет көрсетуден бас тартуы. Аудитор тексеріс жүргізуден немесе кәсіпорынның қаржылық жағайы туралы пікр айтудан келесі жағдайларда бас тарта алады:· аудиторлық тексеріс жүргізі үшін бөлек бөлме бөлібеген жағдайда;· барлық керекті ақпарат аудиторға берілмеген жағдайда· аудиторлық тексеріс үшін келісімшартта көрсетлген төлемақы төленбеген жағдайда
47. Жұмыс атқарылмаған уақыт бойынша төлемдер аудиті. Тексеру жүргізу кезінде жұмыскерлерді еңбек демалысы кезінде төлем жасау шығындарының ( осы сомадан жасалған аударымдарымен бірге) есепті кезеңнің өндірістк шығындарына дұрыс апарылуына назар аудару керек. Еңбек демалысы кезінд төлем жасаудың нақты шығындары пайда болуына қарай өнімің (тауардың, қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнына апарылады Еңбек демалысына төлем жасау шығыстарының есебін жүргізудің әсіпорында таңдалған нұсқасы, әдетте, есеп саясатына тіркеледі, және де өзгермейді. Егер де кәсіпорында кезекті және қосымша еңбек демалысына төлем жасауға, ұзақ жылғы еңбегі үшін сыйақы төлеуге резерв жасалынған болса, онда 3380 «Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар» шоты бойынша операциялардың негізділігі анықталады.Егер демалысына төлем жасауға есептелінген шығыстардың есепті кезеңдегі (айдағы) еңбек демалысының күндеріне келетін сомада ғана есепті айдың еңбек ақы қорына қосылатындығын есте сақтау қажет. Егер еңбек демалысының бір бөлігі келесі айға өтетін болса, сол күндер үшін жұмыскерлерге берілген сома аванс ретінде көрсетіледі (1610 « Берілген қысқа мерзімді аванстар» дебеті бойынша) және өндірістк шығындрға тек келесі айда ғана апарылады. Мұндай кезде еңбек демалысына төлем жасау үшін немесе пайдаланылмаған еңбек демалысына компенсация төлеу үшін орташа күндік еңбекақының төмендегідей есептелінетіндігін ескеру қажет:· егер барлық есеп айырысу кезеңінде жұмыс істелген болса, онда сеп айырысу кезеңінде есептелінген еңбекақы сомасын 12-ге және жыл ішіндегі күнтзбелік күндердің айлық орташа санына бөлу қажет;· егер есеп айырысу кезінде толық жұмыс істелінбеген болса, онда есеп айырысу кезеңіндегі жұмыс істелген уақыт үшін есептелінген еңбекақы сомасын осы жұмыс істелген уақытқа келетін күнтізбелік күндердің санына бөлу арқылы.