55. Есеп саясатының аудиті және ықтимал бұзушылықтар. Аудиторлық тексеруге кіріскенде ең алдымен шаруашылық жүргізуші субектілердің басшылары өз принциптері мен негіздеріне сәйкес қаржылық есептемелерді ашу және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қабылданған тәсіл- дер жиынтығын білдіретін есептік саясат бойынша кәсіпорын басшысының бұйрығы шыққанын немесе шықпағанын анықтап алу керек.Есеп әдістерін білмейінше қаржылық есептемелерді пайдаланушылар мүліктік және қаржылық жағдайға, ақша айналымына немесе кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне шыңайы баға бере алмайды. кәсіпорынның есептік саясаты бойынша бұйрықта мыналар көрініс табу керек:негізгі құралдар бойынша тозулардың және материалдық емес активтер бойынша амортизацияның есептеу тәртібі;өндірістік қорларды бағалау әдісі (орташа безбенделген өлшенімді құн, ФИФО, ЛИФО, айырықшалықты сәйкестендіру);тауарлы-материалдық қорлардың есеп әдісі (нормативті, қайта бөліс-тік, тапсырыстық әдістері);жанама шығындарды бөлу тәсілі;аяқталмаған өндіріс пен дайын өнімді бағалау әдісі;өнімді өткізуге байланысты үстеме шығындарды бөлу әдісі;негізгі құралдарды жөндеуді есептеу және қаржыландыру тәртібі;
дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс- ты анықтау әдісі;бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары мен формаларын таңдау;мүліктер мен міндеттемелерді түгендеу тәртібі және т.б.Бұрмалаушылықтар:- Активтерді шамадан тыс кірістеу;- Өнімінің өзіндік, бастапқы құнын дұрыс анықтамау;- Бастапқы құжаттардың жетіспеушілігі;- Активтерді түгелдеуді тек формальды түрде жазу; Дұрыс емес есеп жүргізу;Активтерді өз меншігіне алу мақсатымен есептен шығару;Қажетті актілер мен сметалардың жоқтығы;Есептеу негізінде дұрыс емес пайдалану мерзімі көрсетіледі.