57. Қаржылық есеп беру аудиті және ықтимал бұзушылықтар. Қаржылық есеп аудиті - қаржылық есепті ұсынудың орнатылған концептуалды негізіне сәйкес барлық маңызды аспектілерді сақтай отырып (ҚЕХС, ҚЕҰС) қаржылық есеп даярланғандығы туралы пікір білдіру.Қаржылық есеп аудиторының мақсаты, аудиторға аудитталушы субъектінің қаржылық есебінің шынайы даярланғандығы туралы (яғни қаржылық есептің барлық маңызды аспектілер бойынша қаржылық есепті орнатылған негізгі концептуалды ұсынуға сәйкес даярланғандығын тексеру) есеп беруге (пікір білдіру) мүмкіндік беру.Аудиттің халықаралық стандартында «Алаяқтық және қателіктерде» аудитор қаржылық есеп берушілік үшін мәнді болып табылатын алаяқтық және қателіктер фактілері туралы қажетті аудиторлық дәлелдер алуға ұмтылатындығы көрсетілген. Егер де есеп берушіліктерде мұндай қателіктер болып, оның салдарынан қаржылық есеп берушілік дұрыс жасалмаса, қателіктер түзетілуі керек.Алаяқтық- әдейі дұрыс көрсетпеу және есептің және есеп берушіліктің мәліметтерінің басқарушылар құрамының немесе үшінші жақтардың қызметкерлерімен бір немесе бірнешеуімен көрсетілуі.Бухгалтерлік құжаттар мен жазбалардың жалғандығы- бухгалтерлік есептің құжаттарын әдейі дұрыс толтырмау және бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазбаларды бұрмалап жазу.Шаруашылық операциялар нәтижелерін жою- негізгі бухгалтерлік жазбалардың мазмұны және сомасы бойынша бірдей түзетілген жазбалар.Қателіктер- қаржы-шаруашылық қызмет фактілерін дұрыс көрсетпеу, есептің толықтығын дұрыс қарамау; есептік жазбаларда және топтарда арифметикалық және логикалық есептеулер нәтижесінде қаржылық есп берушіліктердегі әдейі жасалмаған бұрмалаушылықтар.Кездейсоқ қателер- кездейсоқ жіберілген дұрыс емсе жазбалар жатады, олар бухгалтерлердің қаржы-шаруашылық қызметінің қандай да бір фактілеріне дұрыс емес әдісті қолданғанда туады. Сондай-ақ бухгалтерлік есептің стандарттарын және салықтық заңдылықтарды білмеумен байланысты қателіктер де жіберілуі мүмкін. Мұндай қателіктердің болуына кәсіпорындардың жетекшілері жауап береді.Бұрмалау- қателер мен алаяқтық салдарынан пайда болуы мүмкін қаржылық ақпаратты дәл бұрмалаушылық.Бұрмалау екі түрлі болуы мүмкін: әдейі және әдейі емес.Қаржылық есеп беруді әдейі бұрмалау клиент персоналының әдейі жасаған әрекетінің нәтижесі болып табылады. Олар пайдаланушыны шатастыру үшін бас пайданың мақсатын ойлаумен іске асырылады.Қаржылық есеп беруді әдейі емес бұрмалау персоналдың әдейі әрекетінің нәтижесі болып табылады. Ол есептеулердегі қате, шаруашылық операциялар есебінде мұқият көрсету салдарынан болуы мүмкін.Алаяқтық фактісі анықталған кезде аудиторға оған субъектінің жоғары басшылығы өнімдерінің қатысу ықтималдығын анықтау қажет. Алаяқтыққа қатысы бар деп сезік тудырған қызметкерлерге жауапты адамнан гөрі жоғарырақ лауазымды адамдарды хабардар еткен дұрыс болады. Егер жоғары басшылық алаяқтыққа қатысты деп есептелсе аудиторға заңдық кеңеске жүгінуге тура келеді. Егер субъект аудитордың қаржылық есеп беруге елеулі әсер етуі мүмкін алаяқтық немесе қателер фактілерінің нақты немесе ықтимал анықталуын бағалауына қажетті дәлелдерді жеткілікті алуына кедергі жасаса, онда аудитор тексеру масштабын шектеу туралы ескертпемен пікірін білдіреді және пікірді білдіруден бас тартады.Аудит процесінде анықталған қаржылық есеп беруді бұрмалау фактісін аудиторға өзінің жұмыс құжаттарында және аудиторлық қорытындыда толық көрсету керек.