1.ҚР экономмикалық бақылауды ұйымдастыру


Халықаралық аудит стандарттарының жіктелуі және олардың классификациясы



бет7/70
Дата07.02.2022
өлшемі108,21 Kb.
#87571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70
Байланысты:
аудит экз ответы готовый

7. Халықаралық аудит стандарттарының жіктелуі және олардың классификациясы.
Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдері қамтитын Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (ХБФ) бар. 1948 жылы Америалық алқалы бухгалтерлер институты «Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары» деген атаудағы он қаулыны мақұлдап қабылдады. Содан бері олар айтарлықтай өзгере қойған жоқ және олардың пайдалануын бақылау, көкейтесті ету және қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеуді және әдістік басшылықты жүзеге асырушы ХБФ арқылы Аудиторлық іс-тәжірибе бойынша халықаралық комитет әзірлеген ХАС негізінде жатады. Осынау негіз қалаушы он принциптің мәнін кеңінен түсіндіріп беретін ХАС-та олар өз көрінісін тапты. 2000 жылдың 16-шы наурызында, Алматы қаласында өткен ҚР аудиторларының бесінші республикалық конференциясында «Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттар» қарастырылып, қабылданды. АХС-ның негізгі бөлімдерінің құрылымы мен мазмұны.Бірінші бөлім – «Кіріспе аспектілері»:АХС 100 Сенімділікті қалыптастыратын тапсырмалар;АХС 110 Терминдердің глоссарийі;АХС 120 Аудиттің халықаралық стандарттарының тұжырымдамалық негізі;Екінші бөлім – «Жауапкершілік»: АХС 200 Қаржылық есеп берудің аудитін реттеуші мақсат пен жалпы принциптер;АХС 210 Аудиторлық Тапсырманың шарты;АХС 220 Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау;АХС 230 Құжаттау;АХС 240 Қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтық пен қателіктерді қарастырудағы аудитордың жауапкершілігі;АХС 250 Қаржылық есеп берулердің аудитіндегі заңдар мен нормативтік актілер есебі;АХС 260 Басқарушы өкілеттілігі бар тұлғаларға аудиттің аспектілерін хабарлау;Үшінші бөлім – «Жоспарлау»:АХС 300 Жоспарлау;АХС 310 Бизнес білімі,АХС 320 Аудиттегі елеулілікТөртінші бөлім – «Ішкі бақылау»:АХС 400 Тәуекелдіктерді бағалау және ішкі бақылау;АХС 401 Компьютерлік ақпарат жүйесіндегі аудит;АХС 402 Қызмет көрсетуші ұйымдар пайдаланатын субъектілер ерекшелігіндегі аудит есебі;Бесінші бөлім – «Аудиторлық дәлелдер»АХС 500 Аудиторлық дәлелдеулер;АХС 501 Аудиторлық дәлелдеулер – ерекше баптарды қосымша қарау;АХС 505 Сырттай растау;АХС 510 Алғашқы тапсырмалар;АХС 520 Аналитикалық процедуралар;АХС 530 Аудиторлық сұрыптау және іріктемелік тестілеудің басқа процедуралары;АХС 540 Бағалау мәнінің аудиті;АХС 550 Байланыстырылған тараптар;АХС 560 Кейінгі уақиға;АХС 570 Үздіксіз қызмет;АХС 580 Басшылықтың мәлімдемесі;Алтыншы бөлім – Басқалардың жұмысын пайдалану:АХС 600 Басқа аудитарлардың жұмысын пайдалану;АХС 610 Ішкі аудиттің жұмысын қарастыру;АХС 620 Сарапшы жұмысын пайдалану Жетінші бөлім – «Аудиторлық іріктемелер мен есеп беруді ұсыну:АХС 700 Қаржылық есеп беру бойынша аудиторлық есеп беру;АХС 710 Салыстырмалы мәндер;АХС 720 Тексерілген қаржылық есеп берулерді қамтитын құжаттардағы басқадай ақпарат;Сегізінші бөлім – «Мамандандырылған салалар»:АХС 800 Арнайы мақсаттарға арналған аудиторлық тапсырмалар бойынша аудиторлық есеп беру;АХС 810 Болжалды қаржылық ақпаратты зерттеу;Тоғызыншы бөлім – «Ілеспе қызметтер»:АХС 910 Қаржылық есеп беруді шолып тексеру бойынша тапсырма;АХС 920 Қаржылық ақпаратка қатысты келісілген процендураны орындау бойынша тапсырма;АХС 930Қаржылық ақпаратты компиляциялау бойынша тапсырма Оныншы бөлім - «Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі бойынша ереже»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет