28.Сатып алушылардың өнім үшін жасаған төлемдеріне бақылау жасау. Шот төлемдері процесінде контрагенттермен дайын өнім, тауар үшін ақшамен есеп айырысуда түрлі бұрмалаушылықтар болуы мүмкін. Сатып алушылардың өнім үшін жасаған төлемдеріне бақылау жасау үшін кәсіпорын банк көшірмелері мен бастапқы құжаттардың мәліметтерімен салыстыруы қажет. Ең басты қате – ақшаны кәсіпорын кассасына кіріске алмау. Аудитор іс жүзінде жасалған төлем сомасы мен касса есебіне алынған сомасы арасындағы айырмашылықты анықтау қажет.