8. Шикізатты және дайын өнімді сақтау дұрыстығы. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлы-материалдық қорларының құрамдас бөліктерінің бірі – дайын өнім. Оны шығру, өткізу және сақтау дегеннің өзі – субъектінің шаруашылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процестері. Дайын өнімнің жағдайын бағалау тауарлы-материалдық қорды басқарудың функционалды аудиті аясында өткізіледі. Аудитор дайын өнімді тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп, мыналарды анықтауы тиіс: 1. Дайын өніммен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және оларды рәсімдеу дұрыстығы; 2. Өнімді тиеуге арналған құжаттардың рәсімдеудің дұрыстығы; 3. Тиелген өнімнің бағасын рәсімдеудің дұрыстығы; 4. Дайын өнімді босату құжаттарының дұрыстығы; 5. Өнімді тиеу және өткізу жөніндегі бухгалтерлік жазбаларды; 6. Синтетитикалық және аналитикалық шоттарды тексеру 1210 және 6010. Функционалды аудиттің жұмыс бағдарламасында қоймалар мен материалдық құндылықтардың сақталған жерлерін тексеру оларды белгілеу бойынша қолдануға жарамдылығын; дабыл берудің, өлшегіш құралдардың бар болуын анықтау мақсатымен жеке қарастырылады. Сонымен бірге мезгілде материалдарды өндіріске босату жүйесі, олардың санын анықтаудың дұрыстығы; тиісті бастапқы және жиынтық құжаттарда босатуды көрсетудің уақыты мен дәлдігі көрсетіледі. Сақтауды бақылауды тексерудің ажырамас бөлігі қойма есебін тексеру болып табылады. Комиссия жұмысының іс-тәжірибесі көрсеткендей, қойма есебін жүргізуде негізгі бұрмалаулар материалдық құндылықтар түрлері бойынша теріс қойма қалдықтары бар болғанда, материалдардың түсуі жөніндегі жазбалардың жоқтығы, қалдықтарды қате санаудан тұрады. Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуідің шартты міндеті – дұрыс ұйымдастырылмаған күзет.