2- дәріс Екі жақтылық қағидалары және баланстық теңдеу Дәрістің мақсаты


Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі16,83 Kb.
#89707
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция 2

Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы. Кез келген кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы белгілі. Осы операциялардың орындалуы ұйымның бухгалтерлік балансының баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сомалар өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстың актив пен пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорындарда әрбір орындалған операциялардан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін де емес. Осыған байланысты бухгалтерлік есепте баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төрт түрге бөліп қарастырады.
Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді.
Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайып, екінші бап тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді.
Үшінші түріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі түрден айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір баптың сомасы қандайда сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі баптың да сомасы сондай сомаға артады.
Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төртінші түрі үшінші түріне жатқызылған операцияларға ұқсас болып келеді. Бұл уақытта да баланстың актив пен пассив жағындағы баптары бір уақытта бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылығ үшінші түрге жататын операциялар барысында баланс сомасы белгілі бір сомаға көбейсе, төртінші түрге жататын операциялар әсерінен актив пен пассив, сондай-ақ баланстың сомасы қандайда бір сомаға кемиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет