2- дәріс Екі жақтылық қағидалары және баланстық теңдеу Дәрістің мақсаты



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі16,83 Kb.
#89707
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция 2

Дәріс мазмұны:
1.Бухгалтерлік баланстың мазмұны мен маңызы. Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептіліктердің ашылып көрсетілуі.
Бухгалтерлік есептің негізгі атқаратын қызметінің бірі – пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі – бухгалтерлік баланс. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған, «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе, оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорындардың әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредитор берешек борыштары болып табылады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвестордың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тен болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы - өз алашағын алу үшін жанталасатын болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет